820 мың көрермен: Алматы - өнер қаласы!

Алматы мәдениет пен өнердің қаласы. Жастар үшін мүмкіндік ашылатын, өзін жан-жақты дамытуға себепкер болатын шаһар. 2024 жылдың алғашқы жырты жылдығында Алматы тұрғындары мен қонақтары жүздеген концерт, мәдени іс-шараға қатысқан. Жалпы 820 мыңнан астам алматылық концерттерге көрермен болып барған. Бұл кей облыс халқынан көп көрсеткіш саналады және Алматы тұрғындарының өнерді жоғары бағалайтынының дәлелі.


Как прошел концерт группы Scorpions в Алматы

 

Жылдың алғашқы жарты жылдығында Алматыда 130 концерт ұйымдастырылған. Оның басым бөлігі Республика сарайында өткен, нақты сандармен айтатын болсақ 105 коммерциялық мақсаттағы концерт ұйымдастырылған. Ол концерттерге 225 мыңға жуық адам билет сатып алған.

 

Республика сарайында елімізге танымал әншілер, өнер жұлдыздары концерттерін қойып, оңтүстік астананы әуезді әнімен тербеді. Олардың ішінде «МузАРТ», Orda, Мақпал Жүнісова, Amre, Бағжан Октябрь, Ғазизхан Шекербек, Тұрар Ыдырыс, Kalifarniya, NE PROSTO ORCHESTRA, Tynda music кештерін айтсақ болады. Әлемге танымал Blue, C. C. Catch, K-Maro концерттерін де Алматы жұртшылығы тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

 

Алматыдағы Almaty Arena кешенінде де ән кештері ұдайы болуда. Jason Derulo, Вера Брежнева, «Ирина Қайратовна» мен Қайрат Нұртас, Баста, МОТ, Мирас Жүгінісов, ANNA ASTI, Mustafa Sandal, Nickol Sherzinger& T.I, Scorpions қойған концерттерге 80 мыңға жуық халық көрермен болған.

 

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде және «Сұңқар» кешенінде де отындық және әлемдік жұлдыздар өнер көрсетті. «Дос-Мұқасан», Urker, Dequine, Ghetto Dogs, SHIZA, Amre, ALPHA тобы, Қазыбек Кұрайыш, Қанай, Adil, Dosekesh, IL’HAN, Ұланғасыр Қами, All Davay, Nazima, abdr., Ayau, Darrem, Мераб Амзоев, «Иванушки Int», «На-на» кештері өтті. Оған 18 мыңға жуық адам көрермен болған.

 

Алматыда түрлі мейрамға байланысты да концерттер, қойылымдар ұйымдастырылып келеді. Наурыз мейрамы, Жеңіс Күні және басқа мерекелерде қала орталығында ән кештері ұдайы болады. Дәстүрге айналған The Spirit of Tengri шарасына ондаған мың адам қатысады. Бұл шараларға қатысушылар саны жүздеген мың адамды құрайды.

 

Алматы мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ізденіс пен жастар қаласы. Мәдени шаралар, концерттер, театр қойылымдары, спектакльдер, цирк шоулары, спорттық сайыстар, кітап көрмелері мен жәрмеңкелер және басқа шаралар ұдайы өтіп тұрады. Қалада жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар