Қырғызстанда президент пен ГКНБ-ның басшысы арасында астыртын «күрес» жүріп жатқанын, әрі бақталас екі жақ бір-бірінің туыстарын әр түрлі себептермен қаматуы аталған елдің тағы бір үлкен дүрбелең алдында тұрғандығын танытады.
(Сурет Google іздеу жүйесінен алынды)
Осы кезге дейін ОА саяси ортасында Қырғызстанда Ресей құптап, бірі-біріне айдап салып отырған «қос билік» бар деген түсінік біршама орныққан еді. Енді міне, «Ташиев пен Жапаров арасына сызат түсті ме? Кремль Ташиевті Жапаровтың орнында көргісі келе ме?» деген сынды сауалдардың төбесі қылтия бастады.
САДЫР ЖАПАРОВ НЕ ДЕЙДІ?
Бірақ бұған дейін: «Үш жылдан бері: «екі дос арасында проблемалар бар, олар билік үшін күресуде», - деп, бізді араздатқысы келеді. Мен билікке келгеннен-бері бізді бір-бірімізге қарсы тұрғызғысы келеді. Мұндай күштер - бір ғана топ емес. Үш жыл ішінде мен арамызда қақтығыстың пайда болуына бағытталған көптеген интригаларды көрдім. Біз бұған барған жоқпыз, себебі мен бәрін көріп отырмын. Өйткені мен президент боламын деп немесе Қамшыбек Қыдыршайұлы президент боламын деп билік үшін күресуімізге ешқандай себеп жоқ. Ол ел үшін қалай алаңдаса, мен де сол үшін алаңдаймын», - деген президент Жапаров 2023 жылдың 16 желтоқсандағы құрылтайда сөйлеген сөзінде.
ҚАМШЫБЕК ТАШИЕВ НЕ ДЕЙДІ?
Арнайы қызмет басшысы Қамшыбек Ташиев бір күннен кейін президент Жапаровтың құрылтайда өзі туралы айтқан сөздеріне түсінік беріп, Жапаровтың екінші мерзімге дауысқа түсетінін айтты.
Қамшыбек Ташиев: «Біріншіден, біздің президент дұрыс айтты. Екі дос ешқашан лауазымы үшін ұрыспайды. Екіншіден, біз үшін қырғыз халқының бейбіт, бақуатты, болашағы зор өмірі - бұл ең қымбат әрі орны толмас бақыт! Үшіншіден, біздің президент бұрынғы Конституция негізінде 6 жыл мерзімге сайланды және ол қолданыстағы Конституция негізінде тағы 5 жыл мерзімге қайта сайлануға құқылы. Сондықтан да біз Садыр Нұрғожоевичті қолдап, халқымызға бірге қызмет етеміз деп үміттенемін. 8 жылдан кейін менің досым Садыр сияқты отаны үшін жанатын біреу пайда болады», - деп жазды.
ТАШИЕВТІҢ САЯСИ АМБИЦИЯСЫ ҚАНДАЙ?
Қоғамда президент пен оның жақын саяси серіктестерінің бейресми тандемі туралы түрлі пікірлер бар. Ташиев елдегі проблемалармен белсенді айналысып, саяси мәлімдемелерін жиі жасай бастағаннан кейін пікірталастар жанданды. Басында: «Қамшыбек Ташиев келесі президенттік сайлауға дайындалып жатыр», - деген болжамдар айтылған.
«Ташиев те, Жапаров та - тәжірибелі және тәжірибелі саясаткерлер. Мұндай сыбыстар олардың билігіне қауіп төндіретінін жақсы түсінеді. Сондықтан біз бұл сөздерді оларға жауап ретінде бағалай аламыз. Адамдардың бұл сөздерге қаншалықты сенетіні белгісіз. Садыр Жапаров да оның (Ташиев) саяси амбициясы бар екенін ұғынып, жасырын, көлеңкедегі қарсыласы ретінде алаңдаушылық білдіреді. Ташиев бұл мәлімдемені осы қауіптерді жою үшін жасады деп айтуға болады», - дейді сарапшылар.
Қырғызстан Конституциясына сәйкес, Қырғызстан президенті 5 жыл мерзімге сайланады. Сондай-ақ бір адам қатарынан екі мерзімнен артық президент бола алмайды. Жапаров 2021 жылғы 10 қаңтардағы президенттік сайлауда 80%-ға жуық дауыспен жеңіске жетіп, 28 қаңтарда ресми түрде қызметіне кірісті. Осыдан кейін жаңа Конституция қабылданды, ал ескі Конституция бойынша президент 6 жыл мерзімге бір рет қана сайлана алатын.
Жұрт орын алып отырған текетіресті қазіргі президенттің пайдасына шешуде. Басқаша айтқанда, Жапаров сайланған 6 жылдық мерзім бірінші мерзім болып саналады, ал екінші мерзім, сайланған жағдайда, жаңа Конституция бойынша есептеледі. Осылайша, билік сайлауды 2027 жылдың басында өткізуі тиіс.
«САЯСИ АРЕНАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН»
Жағдай өзгеруі мүмкін дейтініміз – президент Садыр Жапаровтың туыстары мен жақын адамдарының істі бола бастауы.
Жуырда Қырғызстанда алаяқтыққа күдікті адамдар тобы ұсталды. Олардың өздерін президент Садыр Жапаровтың туыстары мен жақын адамдары және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктер ретінде танытқаны көрсетіледі.
Алаяқтыққа күдікті адамдарды қырғыз арнайы қызметі ұстаған. Яғни, Қамшыбек Ташиев командасымен ұсталған. Ұсталғандардың арасында президент Садыр Жапаров пен оның ағасы Сабырдың туыстары бар болып шыққан. Ол ғана емес, қылмыстық топтың мүшелері Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің жақын адамдары екені де ақпаратқа шықты.
«САХНА СЫРТЫНАН ПУТИННІҢ ҚОЛ ІЗІ ҚЫЛТИЯДЫ»
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер мемлекеттік органдардағы жүйелік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу барысында назарға алынған. Тергеушілер ұсталғандардың «Қырғызстанның Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі мен Мемлекеттік салық қызметінің лауазымды адамдарын қорқытқанын, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген субъектілерге, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің импорттаушыларына қамқорлық жасағанын» анықтады.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың немере інісі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) басшысы Қамшыбек Ташиевтің аты-жөні аталмаған балдызының ұсталуы түрлі істермен байланысты. Ел жоғары басшылығының туыстарының тұтқындалуын «Facebook-те» Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов түсіндірді.
«Президент Садыр Жапаров қылмыстық әрекеттер жасағандар лауазымы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан заңға сәйкес жауапқа тартылуы тиіс деген дәйекті ұстанымды ұстанады», - деді Асқат Алагөзов.
Текетірес енді орын алды. Сарапшылардың: «Президент Садыр Жапаровтың туыстары мен жақын адамдарының қылмысты істерін енді қозғаудың артында Путиннің көлеңкесі тұр. Ол бұл қадамға артып келе жатқан Қытай көшбасшылығын ОА қырғыздарды қырқыстыру арқылы тежей түсу үшін барды», - дегенді айтады.
Mezgil.kz