Жуырда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Qazaq AIRAN» арнасының журналистіне: «Біздің қоғам – қайыршы, жалаңаш. Назарбаев жауапқа тартылу керек» деген тақырыппен сұхбат берді.
(Сурет: видео скрині)
Соның ішінде Ермұрат Бапиға журналистің қойған: «Орыс әлемінде жүріп, мына жақта кезінде Қытайфобия болды. Сөйтіп жүріп, біз араб әлемінен бірақ шығып кеткен жоқпыз ба? Араб әлеміндегі қазіргі діни ұстанымды, дінге байланысты жағдайды көрдіңіз ғой, қол сүйіп жатыр. Бұған не дейсіз?» деген сұрағына Мәжіліс депутаты бүйдеп жауап қатыпты:
Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:
- Бұл енді соңғы бір-екі жылда қалыптасқан дүние емес, қазақ қоғамын діни секталармен бөлшектеу мәселесі анау екі мың жылдардан басталған дүние ғой»!? Әсіресе қазақ қоғамын. Қазақстандықтарды емес, қазақ қоғамын. Қазақ қоғамын дінге бөлшектеу саясаты сол 2000 жылдардан басталды. Сол кездегі Құраниттер бар, сопылар бар, уахабитер деген сияқты. Хизбут Тахри бар, басқасы бар сияқты дүниенің бәрін бөлшектеу саясаты жүрді. Өйткені, қазақтың басын діни негізде Ханафит мазғабының төңірегіне топтасыру билікке қауіпті болды. Сондықтан бөлшектеу қажет болды. Бұлда бір технология.
Енді соның нәтижесінде бұның өршіп кеткені соншалықты қазір мынау араби дін Исламның салафиттік, ухабиттік бағыты қоғамда күшейіп, сіңіп кетті. Неге? Оның артында ақшасы бар. Оның артында Араб әлемі бар. Оның артында Қазақстанның билігіндегі жақтастары болды. Назарбаевтың өзі сондай нұсқау берді. Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды сол салафит саланың бір көсемі болды. Сондықтан қазір соның осындай бір сұрқия нәтижесінің жемісін жеп жатырмыз.
Жаңағы елдегі теріс дискруитивті діни ағымдар қаржыландырылды. Оны бизнес қарыжыландырғаны белгілі. Сондықтан біз Заң Парламентке күзгі сессияда кіреді деп отырмыз. Негізінде бұл көктемгі, осы жазғы сессияда дайын еді. Бірақ тиісті министрліктер арасында кішкене келісім жүріп жатқандықтан, Дін және дін істері жөніндегі Заң жобасы қазір осы Парламентке кіреді. Осы Заң қабылданған кезде елдегі жағдай біраз діни мәселеге байланысты реттеледі демекпіз.
Енді қоғам болғанда онда саяси бағыттап, дәстүр дейміз бе жүйені қалыптастырғандықтан бірер күннің ішінде, бір айдың ішінде дейміз бе, қысқа уақытта дейміз бе жойылып кете қояды деп ойламаймын. Дегенмен, бұл Заң егерде қабылданса, біраз нәрсені ауыздықтауға болады деп ойлаймын. (Тоқаң ақсақалмен болған оқиғаға қатысты) Бұл енді діни надандықтың салдары. Былайша айтқанда мен өзім топастықтың салдары ғой қолымен Құран жазған екен деп оның қолын сүю деген не ол? Мен бұны түсінбеймін. (Оны қазақ деп дәріптеушілерге) Бұл да сол Сүриядан келетін қандай ағым, қандай дін екені. Біздің қазақи қалыптасқан дәстүрлі дінімізге қалыптасқан өзіміздің санамызға әлдеқайда ерсі діндер ғой олар. Соның өкілі сондықтан бұлда бір мақсатпен істелініп жатқан шаруа. Солай деп ойлаймын мен. Әлдебір күштердің ықпалымен жүзеге асып жатқан мәселе, - деп біраз дүниенің басын ашып бергендей болды.
Сұхбаттың толық нұсқасы:
Mezgil.kz