Азаттыққа ұмтылу апталығы: Ресей субьектілері бас көтере бастады

Ресейді Еуропаның ең соңғы отарлық империясы деп санау ләзім. Бұл оның болашағын оқырмандарымыз одан әрі терең түсіну үшін өте маңызды.

1721729965808721.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

РЕСЕЙ – СОҢҒЫ ОТАРЛЫҚ ИМПЕРИЯ!

Қазақ: «Жыланды үш кессе де, кесірткедей әлі бар», - дейді. Сонымен, Еуропаның ең соңғы отарлық империясы екі рет күйреуге ұшырады: 1917 және 1991 жылдары. Бірінде Ресей империясы Польша мен Фин елінен және Сахалиннен айырылып, «ух» десе, екінші күйреуінде қызылдар зорлықпен қосып алған 14 республикасынан айрылып, дәтке қуат деп, Татарстан мен Ішкерияны күшпен басып, ары қарайғы күйреуден аман қалды.

Қытай, Парсы, Түрік және Ресей империясының өзгелерден басты айырмашылығы көрші елдерді жауалап алушылығы болып табылады. Қазір өзгелерді құлданып отырған Азия да – 2, Еуроазияда – 1 империя қалып отыр.

1721729260237355.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

БАҒЫ ТАЙҒАН РЕСЕЙ – МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТІ БОЛЫП ҚАЛА МА?

Енді Украинаға соғыс ашып, Гүржістаннан жер тартып алған Ресейдің басынан бағы тайып, бұрынғы тарих қайталанып, тек Мәскеу мемлекеті болып қана қалама деген жорамалдар жасалына бастады.

Мәңгілік империя жоқ. Түбінде әйтеуір бір күйрейді дегенді Ресей, Батыс пен АҚШ-тың беделді сарапшылары тігісін жатқыза сөз ете бастады. Ресей отарындағы халықтар өз мемлекеттерін құра ала ма, құрса қалай деген сауалға әркім өзінше жауап бере бастады.

Жүздеген жылдар бойы Ресей көрші жерлер есебінен өз аумағын кеңейтуге тырысқан ел болды. Бұл жерде ұятқа қаларлық ештеңе жоқ - американдықтар өз ата-бабаларын мақтан тұтады ғой, олар ауқымды жерлерді заманауи әрі гүлденген елге айналдырды. Бірақ ресейліктер бүгінгі сын-қатерлерге табысты қарсы тұру үшін өздерінің өткені мен бүгінін қайта ойластырулары керек.

1991 ЖЫЛ. КЕҢЕСТІК ТУ ТҮСІРІЛГЕН СӘТ

1991 жылы 25 желтоқсанда Кремльдің үстінен кеңестік ту түсіріліп, оның орнына Ресейдің ескі туы көтерілгенде, бұл коммунизмнің күйреуі ретінде қуанышпен қабылданды. Көпшілігі «тарихтың соңы» келеді және саяси демократия мен экономикалық еркіндік қағидаттарына негізделген жаңа әлемдік тәртіп пайда болады деп ойлады. Бірақ саяси жүйенің соңы әрдайым осы жүйені пайдаланған елдің құрып кетуіне алып келе бермейді. Шынымызды айтсақ, Кеңес Одағы көбінесе экономикалық дағдарыстан немесе коммунизмнің басқарушы идеологиясынан түңілуден емес, оның республикаларының бір мезгілде егемендікке қол жеткізуге тырысуынан ыдырады.

Ресейлік және батыстық ғалымдар мұндай сепаратизмнің Ресейдің құлдырауындағы рөлін ерекше бөліп айта бастады. Бірақ олар Еуропаның отарлық империялары ыдырау үдерісінде де осылай өтті деп сирек сөз етеді. Ресейлік сарапшылар мен тарихшылар ешқашан да Ресей тарихы - бұл отарлау тарихы екенін мойындағысы келмейді. XIX ғасырдың соңындағы ең ықпалды ресейлік тарихшылардың бірі Василий Ключевский: «Ресейдің отарлауы басқа еуропалық державалар жүргізген отарлаудан ерекшеленеді: Себебі Ресейдің тарихы - отарлап жатқан елдің тарихы. Ондағы отарлау саласы оның мемлекеттік аумағымен бірге кеңейді. Құлап, көтеріліп келе жатқан бұл ғасырлар бойғы қозғалыс осы күнге дейін жалғасады», - деген концепцияны жария етті.

1721729370879674.jpg

(Сурет видео скрині)

АЛТЫН ОРДАНЫ ТАРТЫП АЛЫП, БҰРЫНҒЫ ИМПЕРИЯНЫ ЖАҢА ИМПЕРИЯМЕН АЛМАСТЫРДЫ

Басқалары болса, орыстардың «өз жерлерін» емес, басқа халықтардың жерлерін отарлағанын, дегенмен олар мен басқа да еуропалықтар арасында айырмашылық бар екенін айтады. Орыс философы Георгий Федотов: «Барлық батыс державаларынан айырмашылығы – Ресей зорлық-зомбылық арқылы емес, бейбіт экспансия арқылы, жаулап алу арқылы құрылған», - деген қисынсыз идеяны алға тартады. Бірақ бұл ел еуропалық империяларға қарағанда біршама ұқсағанымен, бұрын өзі отарында болған, құрамында болған Алтын Орданы мұрагерлерінен тартып алып, бұрынғы империяны жаңа империямен алмастыруы бұрынғы биліктегі әулеті, жаңа әулеттермен алмастырып отыруымен тарихта өз ізін қалдырады. Осы із қалдырудың өңін орыс тарихшылары «бейбіт» және «келісім бойынша» деп бүркемелеуге тырысты. Шыңғысхан империясын Мәскеу империясы алмастырды да, оның құрамында болған аймақты түрлінше жолмен бауырына баса бастады.

1721729503687964.jpg

(Сурет википедиядан алынды)

РЕСЕЙДІҢ ОТАРЛЫҚ ТАРИХЫ

Ресейдегі отаршылдық тарихы отарлаудың үш дәуіріне талдау жасасақ:

Бірінші дәуір: XI ғасырдан XIV ғасырға дейін созылды, ол кезде Ресейдің ежелгі алдындағысы болған Мәскеу князьдігі көтерілді. Б.з. 1000-1150 жылдары Киев Русінің жас княздері қалаларды құрды. Олар кейіннен Мәскеудің қолына өтті: Владимир, Суздаль, Рязань.

Өзі Қырым хандығына отар бола тұрып, өзгені жауалап ала беруі Ресей империясының басты ерекшелігі. Бұл ерекшелікті Болғариядағы ұлттық азшылық болған түркілерді VIII-IX ғасырларда шіркеу-славян тілімен славяндандырған Византия және Рим папасы кезінде түркілерге кеткен кегін қайтару үшін Мәскеу империясын өмірге әкеліп, тақта отырған билеушісін қаржылай және технология жағынан жан-жақты қолдап, құлаған империя орына құрылған хандықтарды жаулап алуға айдап салып отыр.

Орыс тілі бірте-бірте шіркеу-славян тілі негізінде дамып, отарланған әр жаңа ұлт сол тілде күшпен славндандырыла бастап, нәтижесінде бүгінгі орыс ұлты пайда бола бастады. Византия империясы құлағанымен Мәскеу «Үшінші Рим» деген идеяны өмірге әкеліп, болашақ Ресей империясының негізін қалады. Рим папасы да Еуропаның барлық ғылыми жетістіктерін пайдаланып, Жаңа империяны Иран және Осман империясымен соғысуға дайындады.

Екінші дәуір: Өзі шектесе бастаған өңірлер 1552 жылы Қазан және өзі шектеспейтін 1556 жылы Астрахан хандықтарын басып алушылығынан бастау алады.

1557 жылы ол Үлкен Ноғай ордасының тіршілігін тоқтатып, 1582 жылы Сібір хандығын басып алды. Бірақ орыстар өздерінің Drang hach Osten-ін келесі ғасырда да жалғастырып, әлдеқайда үлкен аумақтарды иемденді. 1610 жылы олар Пегая Орданы басып алып, Енисей өзеніне жетті, ал XVII ғасырдың ортасында Қытаймен шекараға жақындады. 1689 жылы Мәскеу бүкіл солтүстік-шығыс Еуразияны Беринг бұғазына дейін бағындырды.

Кейін келе Тобольск (1587), Сургут (1594), Томск (1604) және Красноярск (1628) Джеймстауннан (1607), Нью-Йорктен (1624) және Бостоннан (1630) сәл ересек. Орыс Сібірі Жаңа Англия, Квебек, Австралия және Жаңа Зеландия сияқты қоныс аударушылар колониясына айналды. Экономист Ангус Мэддисон (Angus Maddison) айтқандай, бұл аумақтардың барлығы өз метрополияларының «батыстық өсінділері» болған, себебі колонистер тұрғылықты тұрғындардан сан жағынан әлдеқайда жоғары болған. (Бұл халықтың едәуір бөлігі, әрине, жойылды. Ал жергілікті тайпалар бүлік бастағанда, орыс колонистері әдетте оның мүшелерінің жартысына дейін өлтіреді.)

Ресейліктер Еуразияны колонизациялауда тамаша табыстарға қол жеткізді, себебі олар ғасырлар бойы колонист болған. Моңғол билігінен кейін олар да өздерінің қолбасшыларының әдістерін қабылдады. Бір бағалауға сәйкес, егер жалпы Мәскеуге бағынышты алаң туралы айтатын болсақ, онда Ресей империясы Британ және Рим империяларынан әлдеқайда озып, барлық империялардың ішіндегі ең үлкен және ең берік империя болды.

Үшінші кезең: Әуелі Польша, кейін Иран, Осман және Орталық Азия хандықтарымен соғысып, түрік пен парсыға қараған жерлерді өз құрамына қосып алудан тұрды.

Сонымен бірге орыстар да отарлаудың үшінші кезеңіне кірісіп, оңтүстік бағытқа жылжи бастады. 1804-1810 жылдар аралығында империя бүкіл Грузияны, Абхазияны және Арменияны жаулап алды, ал 1859 жылға қарай ол Солтүстік Кавказ халықтарымен бірқатар соғыстарды аяқтады. 1864-1876 жылдар аралығында Ресей империясының әскерлері Бұхара әмірлігін, сондай-ақ Гиндукуш баурайына шығып, Коканд және Хива хандықтарын басып алды. Бұл тау жотасы орыс және британ аумақтарының арасындағы жалғыз тосқауыл болып қалды.

Осы тосқауыл 1917 жылы тасталқан болды. Қираған Ресей империясының орнына бүкіл әлемді 70 жыл қорқынышта ұстаған жаңа империя бой көтерді. Ол патшалық Ресейдің 80 пайыз аумағын сақтап қала алды.

КЕҢЕС ОДАҒЫ – ҚЫЗЫЛ ИМПЕРИЯ

Қысқаша айтқанда, Кеңес Одағы күрделі тарихты мұра етіп алды. Еуропа тарихының заңдылықтарын және жалпы әлеуметтік үрдістерді ескере отырып, әлемдегі ұлы империяның мұндай реинкарнациясының ХХІ ғасырға дейін өмір сүру мүмкіндігі аз болды. Бірақ Ресей Федерациясында және одан тыс жерлерде де кеңестік күйреу сабақтарын жақсы түсінбейді.

1920 жылдары Ресей Кеңес Одағына айналғанда, ескі империялық мұра жаңа коммунистік идеологиямен бірігіп кетті, оның үстіне олардың әрқайсысының өз билігі болды. Империя туралы естеліктер кеңес көшбасшыларын «ескі Ресейдің» қайта жаңғыруы үшін күресуге мәжбүрледі, сол себепті олар Орталық Азияны қайтадан өз бақылауына алды және 1922 жылы империялық аумақтардың басым бөлігіне орталық үкіметтің билігін қалпына келтірді.

Бұл сондай-ақ 1939 жылы Германиямен татуласуға әкелді, содан кейін батыс Белоруссия, батыс Украина және Бессарабия дереу «босатылды», ал 1940 жылы Балтық жағалауындағы үш мемлекет қосылды. 1944 жылы жартылай тәуелді Тува республикасының және 1945 жылы Шығыс Пруссияның КСРО құрамына қосылуы Кеңестердің соңғы аумақтық сатып алулары болды, содан кейін Мәскеу бүкіл Орталық Еуропа бойынша марионеттік мемлекеттерді қалыптастыруға кірісті.

1721729569236736.jpg

(Коллаж: Егемен Қазақстан гәзеті)

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ЫДЫРАУЫ

1944 жылы Кеңес үкіметі екі республикаға, Украина мен Белоруссияға Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құрылтайшысы және мүшесі болуға мүмкіндік бере отырып, олардың егемендікке құқығын растады. Бұрынғы Ресей империясының әртүрлі өңірлері квазимемлекеттер ретінде Кеңес Одағының құрамында ғана тең құқықтарға ие болды. Бұл республикаларда бөліну үшін сепаратистік қозғалыстардың пайда болу ықтималдығы жоғары екенін ескерсек, Кеңес Одағын федерация деп жариялау батыстың бұрынғы билігін толық тәуелсіздік үшін күреске итермелеуді айтпағанда, өте батыл қадам болды.

Осыған қарамастан, Кеңес Одағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өздерінің тәуелді аумақтарынан бас тарта бастаған Еуропаның өзге де отарлық империяларының ыдырауы процесінен аман қалды. Бірақ кеңестік экономикадағы құлдырау жалғасып, ал саяси реформалар болмай қоймайтындықтан, ескі жанжалдар жаңа, шынымен де орасан зор күшпен пайда болды. Демократияландыру республикалардың жаңа ұлттық сана-сезімге ұмтылысымен ұштасты. Тіпті Кеңес Одағының ыдырауы да Ресейдің күрделі отарлық өткеніне тамыр жайып келеді және ол посткеңестік құрылым мен елдің саясатына әсер етуін жалғастырып келеді.

Жоғарыда айтылғандай, Кеңес Одағы колониялар мен тәуелді аумақтардан құрылды. Бұл кейде «өзін-өзі колонизациялау» деп аталатын жаңа құбылысқа себеп болды. Бұл жүйеде колониялар орталық есебінен салмақ пен жағдайға ие болады. Кеңес Одағы ыдыраған кезде Ресей өз жобасын құтқарғысы келетін, бірақ сәтсіздікке ұшырайтын классикалық метрополия болған жоқ. Керісінше, ол КСРО-ны бөлшектеуге өзі ықпал етті. Бұл периферияның орталықпен бірігіп, фантомды, олардың мүддесіне сай келмейді деп есептеп, олар үшін ортақ империяны бұзған кездегі бірегей жағдай еді.

ПУТИНДІК КСРО 2.0:  УКРАИНАСЫН РЕСЕЙ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИМПЕРИЯ БОЛА АЛМАЙДЫ!

Збигнев Бжезинский бір кездері: «Украинасыз Ресей еуразиялық империя ретінде өз жұмысын тоқтатты», - деп атап өткен болатын. Ресей өзінің тәуелді аумақтарына еркіндік беруге дайын болды; бірақ сыртқы әлем Украинаны осындай аумақтардың бірі деп санайды, ал Украинаны Ресейдің ажырамас бөлігіне айналдырған ежелгі және берік байланыстардан оның жоғалуы Мәскеу үшін қатты соққы болды. Дәл осы себептен Ресей басшылығы 2014 жылы «бауырлас халықтар» арасындағы соғысты бастап, ажырасу қайтымсыз болып көрінетін сәтте интервенция бастады. Орыстар Украинаға қараған кезде тек 1980 жылдарды ғана емес, 1080 жылдарды немесе одан да ерте кезеңді де ойлайды. Олар коммунистік емес, отарлық өткенді есінде сақтайды.

РЕСЕЙДІ РЕСЕЙ ЕТІП ОТЫРҒАН – СІБІР...

Кеңес республикалары кеткеннен кейін Сібір Ресей үшін әлдеқайда маңызды болды. Ол оның басты экономикалық құндылығына айналды. Орал тауларының шығысындағы аумаққа Ресей империясының құрлығының 52%-ы, халықтың 7,5%-ы және экспорттың 19%-ы (1897 жылғы жағдай бойынша) тиесілі болды. 1985 жылы бұл сандар тиісінше 57, 10,5 және 46% -ға дейін өсті. 2014 жылы мәскеулік колония ел аумағының 75%-ын қамтыды, онда оның халқының 20,5%-ы тұрды және ол ұлттық экспорттың 76-78%-ын берді. Егер Сібір бүгінде шикізат жеткізуді тоқтатса, Ресейдің экспорты Венгриядағыдан аз болады. Ал федералдық кірістің 55%-дан астамын Ресей табиғи ресурстарды пайдаланудан және экспорттаудан алатындықтан, ол бұрынғысынша кедей және жеткілікті дамымаған қоныс аударушылар колониясы есебінен өмір сүріп, бірегей жағдайға тап болды.

Өкінішке қарай, Ресей қазіргі уақытта өзінің ең құнды байлығын қорғаудың орнына Украинамен ұрысуға және бұрынғы тәуелді аумақтарды күтуге күш-жігерін жұмсайды. Ол өзінің империядан кейінгі ниетінен бас тартып, ескі жарақаттарын тоқтатып, өзінің колониясына лайықты ықпал жасайтын теңгерімді және жақсы басқарылатын ішкі құрылым құруға ден қойған жөн. Егер Ресей бұл міндетті бұдан әрі де маңыздылығы төмен және екінші дәрежелі деп санайтын болса, онда оның болашағы белгісіз.

ОРЫССЫЗ РЕСЕЙ НЕМЕСЕ ПОТЕНЦИАЛДЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СҰЛБАСЫ

Ресейде қалған тәуелді аумақтар оның экономикасының дамуын тежейді. Бұл аумақтар, Солтүстік Кавказ республикаларының көпшілігін қоса алғанда, метрополиядан ажыратылған және оларды орталыққа байланыстыратын орыстар тым аз. Кеңес дәуірінің соңында орыстар, украиндар мен белорустар Қырғыз КСР, Өзбек КСР және Тәжік КСР халқының тиісінше 24,3, 9,3 және 8,5%-ын құрады. Бүгінде бұл көрсеткіштер Дағыстан үшін небәрі 3,6%-ды, Шешенстан үшін 1,9%-ды, ал Ингушетия үшін 0,7%-ды құрайды және олар үнемі төмендеп отырады.

1721729770539271.jpg

(Сурет:Лига свободных наций)

АЗАТТЫҚҚА ҰМТЫЛУ АПТАЛЫҒЫ: РЕСЕЙ СУБЬЕКТІЛЕРІ БАС КӨТЕРЕ БАСТАДЫ

Күні кеше ғана әлемнің 7 елінде құлдыққа айналған халықтар өкілдерінің акциялары өтті. 19-21 шілдеде АҚШ, Түркия, Польша, Литва, Франция, Германия және Финляндияда Құлдандырылған халықтар апталығына арналған демонстрациялар мен жеке пикеттер өтті.

Акциялар Ресейдің тұрғылықты халықтарының өзін-өзі айқындауын талап етіп, сондай-ақ саяси тұтқындарға арналды, деп хабарлайды акцияны ұйымдастырушы Еркін Ұлттар Лигасының баспасөз қызметі.

ОЙРАТ-ҚАЛМАҚТАР НЕ ДЕЙДІ?

- Биыл біз Құлдандырылған халықтар апталығын Ресей басып алып, аннексиялаған халықтар, ұлттық республикалар және Ичкерия елдерінің саяси тұтқындарына арнадық. Олар - черкестер, шешендер, татарлар, башқұрттар, ойрат-қалмақтар, буряттар, сахалар, эрзя, удмурттар және басқа да халықтар мен аумақтардың өкілдері. Халықаралық жұртшылық Ресейде ұлттық қозғалыс белсенділерін, құқық қорғаушылар мен біздің халықтарымыздың арасынан шыққан журналистерді қалай қудалайтыны туралы ештеңе білмейді. Біз бұл жағдайды саяси зекеттердің тағдырына қоғам назарын аудара отырып, түзетуге тырыстық, - деп түсіндіреді ойрат-қалмақ Батыр Бороманғнаев, Құлдандырылған халықтар апталығының ұйымдастыру комитетінің төрағасы және Нью-Йорктегі демонстрацияны ұйымдастырушы.

Ол сондай-ақ, Лига өкілдері АҚШ президенті мен Конгресіне бастама көтеріп, «Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де құлдыққа батқан халықтар туралы» жаңа заң қабылдауды ұсынғанын айтты.

2022 жылдан бастап Еркін Ұлттар Лигасы жыл сайын Құлдандырылған халықтар апталығына орай акциялар мен демонстрациялар өткізеді. Биыл демонстрацияларға бұған дейін демонстрацияларға қатыспаған марилар мен удмурттар - Поволжьедегі фин-угор халықтарының белсенділері қосылды.

УДМУРТ ӨКІЛІ НЕ ДЕЙДІ?

- Біз пикетке шығып, американдықтарға Ідель-Орал: удмурт, татар, башқұрт, чуваш, мари, эрзян және мокшан халықтарының жағдайын айтып бердік. Путиннің «тұрақтылығы» кезінде біздің халықтарымыздың жағдайы өте нашарлады. Тіл мен мәдениетті қаржыландыру қысқарды. Энтузиасттар мен гранттар - біздің халықтарымызды сақтайтын нәрсе. 2018 жылдан бастап мектепте ана тілдерін оқытуға іс жүзінде тыйым салынды. Біздің салықтар федералдық орталыққа кетеді, ал мәдениет пен ұқсастықты қолдау жоқ, - деп түсіндіреді АҚШ-тың Флорида штатындағы Джексонвилл-Битч қаласында пикетке шыққан удмурт белсендісі және саяси эмигрант Артем Медведев.

БАШҚҰРТТАРДЫҢ ӨКІЛІ НЕ ДЕЙДІ?

- Біз бүкіл әлемдегі адамдарға біздің халықтарымыз бар екенін және олар өз құқықтары үшін күресіп жатқанын көрсетеміз. Ең басты құқық - өз тағдырын өз бетінше анықтап, Ресейсіз еркін өмір сүру. Лос-Анджелесте, басқа да көптеген қалалардағыдай, біз «Башқұртстан», «Татарстан», «Бурят-монгол», «Саха» деген жазулары бар және болашақ мемлекеттердің жалаулары бар Лиганың фирмалық футболкаларымен көшелерге шығдық. Біз қазіргі Ресейдің империялық сипаты мен халықтарымыздың нақты жағдайын түсіндіретін ағылшын тіліндегі парақшаларды таратамыз. Кез келген басқаша ойлағаны үшін адамды түрмеге не мәжбүрлеп емдеуге жібере алады. Американдықтар Ресейде республикалардың мемлекеттік тілдерінде оқытатын университеттер, ұлттық және республикалық саяси партиялар жоқ екенін білмейді, - деді башқұрт ұлттық қозғалысының мүшесі Айгүл Лион.

Өткен жылы Ресей Бас прокуратурасы «Еркін ұлттар лигасы» және «Ресейден кейінгі еркін халықтар форумы» қозғалысының «жағымсыз» ұйымдары деп жариялаған болатын. Ведомствоның хабарлауынша, бұл бірлестіктер сепаратистік ұранмен шығып, Ресейдің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар