«Вагнер» жендеттері Африкада қойша қырылды: Туарегтер Ресей әскерінің әкесін танытты

Мәскеуге жорық жасап, президент Путин мен Шойгудың (бұрынғы Ресей әскербасы) кәріне қалған, ақыры өзі ұшақ апатынан кенет «қаза тапқан» ресейлік олигарх Евгений Пригожинге тиесілі болған «Вагнер» ЖӘК ондаған жауынгері Африкада қойша қырылды. Олар кіммен шайқасты?

1722251166263536.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

Ресей билігінің Украинаға жасап жатқан басқыншылық соғысының алғашқы кезеңінде нағыз қанқасапты олигарх Евгений Пригожиннің «Вагнер» жеке әскери компаниясының жалдамалы жендеттері жасаған еді. Пригожиннің өзі майдан даласында жүрді. Ресей түрмелерінен жендеттер қатарын толықтырып, армия жасақтады. Кейін келе Ресей әскеріндегі жемқорлықтар жайлы батыл-батыл мәлімдемелер жасады. Ақырында сол кезде Сергей Шойгу тізгіндеп отырған Ресей Қорғаныс министрлігі мен Кремльдегі басшы-қосшыларға сын сөздерін жаудырды. Сонысымен де Ресей қоғамының қолдауына ие болып, жеке рейтингі президент Путинді басып озды.

Сөйтіп, шиеленістің шегіне жеткенде, 20 мың сарбазымен Мәскеуге жорыққа аттанды. Әлем жұрты Пригожиннің жорығын жіті бақылап отырды. Әскері Мәскеу түбіне жеткенде, қандай келісімдер болғаны белгісіз, жорықты аяқсыз қалдырып, шегінді. Ақырында Пригожин бастаған Вагнер басшылары мінген ұшақ жарылып, Пригожин өлді. Оның өлген-өлмегеніне қатысты ікірлер екіұшты. Десек те, осы оқиғадан соң, атағы жер жарған «Вагнер» ЖӘК таратылып, жартысы Беларусь жеріне, жартысы РФ Қорғаныс министрлігіне қосылды.

Дегенмен, Ресей шекарасының сыртында жүрген «Вагнер» әскері бар еді. Олардың бірі – Батыс Африкадағы Малиде орналасқан. Ондағы жендеттер хунтаға көмектесіп, Малидегі қазба-байлықғ кен орындарын бақылауды ұстап жүрген.

Күн кеше ғана сол Малидегі «вагнерліктер» талқандалды. Кей деректерге көз жүгіртсек, «вагнерлік» жендеттер Батыс Африкадағы Малиде Туарег тайпасының жауынгерлерімен бес күн бойы ұрыс жасаған.  Бұл тайпаның арасында «Әл-Каиданың» жергілікті ұяшығының мүшелері болған деген дерек бар.

Әр түрлі мәліметтер бойынша, Мали құмдарында 50 мен 80-нің ортасында «вагнерлік» жендет қаза тапқан. Тағы осыншасы тұтқынға алынған. Қаза тапқандар арасында ресейлік пропогандашылар мен Пригожиннің дала командирлері де бар.

Бұл ақпаратты «Вагнер» ЖӘК ресми түрде растады. «22-27 шілде аралығында Малидің әскери қызметшілерімен бірге Тин-Зауатин елдімекенінің маңында (Малидің солтүстік-шығысы, Алжирмен шекараға жақын) «Азавад үйлестіру қозғалысының» және  «Әл-Каида Сахельде» (JNIM) жауынгерлерімен ұрыс болды», - делінген хабарламада.

Онан әрі: «Бірінші күні қолбасшы Пруд Сергей Шевченконың басқаруындағы топ исламшылардың басым бөлігін жойып, қалғандарын қашырған. Алайда, құмды дауыл радикалдарға қайта топтастырып, өз санын 1000 адамға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Осыған байланысты «Вагнер» ЖӘК қолбасшылығы 13-ші жасаққа көмек көрсету үшін ұрыс қимылдары ауданына қосымша күштер жіберу туралы шешім қабылдады», - дейді аталған дереккөз.

25 шілдеде Туарег жасқатары тағы да «вагнерліктерге» шабуыл жасаған. Онан арғы екі күннің ішінде Туарег жасақтары ауыр қару-жарақтың, ұшқышсыз ұшақтардың және шахид-мобилдердің көмегімен шабуылдар санын ұлғайтқан. Нәтижеде «Вагнер» ЖӘК мен Мали армиясының сарбаздары қырғынға ұшыраған. Бірақ, «Вагнер» ЖӘК адам шығыны туралы ақпараттарды айтпайды. Қаза тапқандардың 25-і Ресей азаматы болуы мүмкін.

Туарегтер - Солтүстік Африканың бірнеше елдері - Мали, Нигер, Алжир, Ливия және Буркина-Фасо аумағында тұрады. Бірақ қазіргі уақытта олардың өз мемлекеттілігі жоқ. ХХ-ХХІ ғасырда олар бірнеше көтеріліс ұйымдастырды. Олардың ең ірісі 2012-2014 жылдары Малиде болды. Ол туарегтердің ел үкіметімен қақтығысының бастауы болды және бұл қақтығыс реттеу әрекеттеріне қарамастан осы уақытқа дейін жалғасуда. Ал «Вагнер» ЖӘК қосақ арасында өлген шыбын болған сыңайлы.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар