23 шілдеде Украинаның СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Қытайға жұмыс сапары барысында Украина Ресей тарапымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін, олардың ұтымды және практикалық маңызы болуы тиіс екенін мәлімдеді.
(Коллаж: Mezgil.kz)
Үлкен саясатта кез келген қақтығыс келіссөздермен аяқталады және Украина азаматтары қазір келіссөздер процесінің тезірек басталуына мүдделі» деген қағида барын ескерсек, Украина мен Ресей арасындағы қанқасап соғыстың да түбі тараптардың келіссөзіне келіп тірелетіні ақиқат. Мәселе, оның қашан және қандай форматта өтетінінде, тараптардың қандай позицияларда қатысатынында ғана.
Украина Жоғарғы Радасының депутаты Артем Дмитрук: «Мен үшін украиндық өмірді сақтап қалу және Украинаны сақтап қалу – бәрінен маңызды. Сондықтан, әрине, мен тек соғыстың аяқталуын жақтаймын», - деп мәлімдеді.
Дмитруктің сөзінше, соғыстың аяқталуының өзі жеңіс болады. Себебі бұл – Украина әскерін жойып алмай, Украина қалаларын қайта қалыпқа келтіре бастауға мүмкіндік береді.
Соңғы уақыттары жаһандық саяси лидерлер тарапынан да келіссөздер туралы жиі айтыла бастады. Біз бүгін әлем лидерлері бейбіт келіссөздер туралы не деді деген сұраққа жауап іздедік. Қараңыз:
ФИН ПРЕЗИДЕНТІ: КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ УАҚЫТЫ КЕЛДІ!
Финляндия президенті Александр Стубб «Le Monde-ге» берген сұхбатында: «Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей өкілдерін бейбітшілік туралы екінші саммитте көру ниеті «карталарды дұрыс ойнату» болып табылады», - деді.
Ол сондай-ақ: «Украина мен Зеленский екі ай бұрынғыдан әлдеқайда күшті жағдайда тұр. Олар өздерінің позицияларын сақтау үшін қажетті жабдықтар мен бюджеттерді алады. Біз енді көктемде Американың көмегіне тосқауыл қоюға және Еуропаның Киевке жабдықтар жеткізудегі қиындықтарына байланысты үмітсіздікке ұшыраған жағдайда тұрмаймыз. Ресейлік серпіліс те жоқ. Біздің барлауымыздың мәліметтері бойынша, Ресей алға жылжып отырған жоқ, ал оның шығыны бұрынғыдан да көп. Путин Батыс соғыстан шаршайды деп ойлады. Ол американдық сайлауды күтуге болады деп ойлады. Бірақ ол қателесті», - деді.
Финляндия Президенті: «Бейбітшілікке қол жеткізу үшін Ресей өз әскерлерін Украинадан шығаруы тиіс», - деп сенеді. Бірақ, мұны алдын ала шарт ретінде қарастыруға болмайды.
ӘЛЕМ ЛИДЕРЛЕРІ НЕ ДЕЙДІ?
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты әлем лидерлері не дейді?
Қытай төрағасы Ши Жипиң: «Халықаралық қоғамдастық Ресей мен Украина арасындағы диалогты қайта жандандыруға жағдай жасауы керек. Барлық ірі державалар оң энергия көрсеткен жағдайда ғана, бұл қақтығыста тез арада оқ атуды тоқтатуға қол жеткізуге болады», - деді.
АҚШ президенті Жо Байден: «Бейбітшілік үшін басты шарт – Ресей әскерінің Украина аумағынан кетуі! Дау Путин әскерін Украинадан шығарғанда шешіледі деп ойламаймын», - деді.
Словакия премьері Роберт Фицо: «Украинадағы қақтығысты қазір бейбіт жолмен реттеу қажет. Бірақ, Ресейді қолдан келмейтін мақсатпен тізерлету мүмкін емес. жағдайға шынай қарап, шешім қабылдау керек», - деді.
Оның мәлімдемесі Киевтің ресейлік мұнайдың еуропалық елдерге транзитін тоқтату туралы шешімін талқылау аясында жасалды.
Осыған дейін Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздер Беларусь және Түркия жерлерінде өткізілген. Бірақ, ол кездесулерде түбегейлі соғысты тоқтатуға қол жеткізілген жоқ. Ал биыл тамыз айында Киевке арнайы сапарлап келеді деген Үндістан премьері Нарендра Моди де «бейбіт келіссөздер үшін Нью-Дели алаңын ұсынатынын» БАҚ жазды.
Mezgil.kz