Үлкен соғыс жоспары: 2027 жылы АҚШ пен Қытай соғыса ма?

АҚШ әскери-теңіз операцияларының басшысы құжат жариялады, оған сәйкес АҚШ ӘТК 2027 жылға қарай Қытайға қарсы әскери іс-қимыл жүргізу мүмкіндігіне дайындалуда.

1726831415686313.jpeg

(Сурет: eadaily.com)

Енді оқырмандармызға ұғынықты болу үшін осы мәселені тарқата сөз етейік. АҚШ әскери-теңіз операцияларының бастығы адмирал Лиза Франкетти «навигациялық жоспарды» (NAVPLAN) жария етті, ол екі стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған: 2027 жылға қарай ҚХР-мен ықтимал соғысқа дайындықты қамтамасыз ету және ӘТК-нің ұзақ мерзімді артықшылығын күшейту. Бұдан басқа, жоба флотқа қызмет көрсетудегі кідірістерді жою арқылы күштерді әзірлікке келтіру, робототехниканы арттыру, жаңа командалық орталықтар құру, негізгі инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ оқыту және «ұрыс алаңына көп ойыншыларды тарту» сияқты мақсаттарды қамтиды.

Өз жоспарында Франкетти ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің екі жыл бұрын республика армиясын 2027 жылға қарай «әлемдік деңгейдегі» дәрежеге дейін жаңғыртуға шақырған мәлімдемесіне назар аударды. Сол кезде Си елдің әскер даярлығын күшейтуге және барлық бағыттар бойынша жауынгерлік әзірлікті арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Бұған дейін ҚХР төрағасы соғысқа дайындыққа назар аударуға шақырды. Басылым Батыс елдері Қытайдың Тайуанға қатысты саясатын бірнеше рет сынға алғанын және аралға басып кірген жағдайда әскери шаралармен қорқытқанын атап көрсетеді.

2022 жылы қабылданған Солтүстік Атлант альянсы тұжырымдамасында Қытай «жүйелі сын-қатер» деп аталды. 2023 жылғы шілдедегі мәлімдемеде қытайлық «амбициялар мен мәжбүрлеу саясаты біздің мүдделерімізге, қауіпсіздігіміз бен құндылықтарымызға нұқсан келтіреді» делінген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Вашингтон АҚШ-тың ядролық тежеу стратегиясын қайта қараған болатын - президент Жо Байден қатаң құпия ядролық стратегиялық жоспарды бекіткен. Жаңа жоспар алғаш рет Бейжіңнің ядролық арсеналының кеңеюіне жол бермеу мақсатында Қытайды ұстап тұру стратегиясын қайта бағыттайды. 2021 жылы АҚШ-тың ядролық арсеналын басқаратын жоғары лауазымды американдық әскери шенеунік адмирал Чарльз Ричард Қытай мен Ресей өздерінің ядролық қаруы мен мүмкіндіктерін АҚШ-қа қарағанда тезірек жаңғыртатынын ескертті.

Айта кетейік, жыл басында Тайуанда президенттік сайлау өтті, оның қорытындысы бойынша президенттік жарыста Лай Циндэ (әйтпесе Уильям Лай) жеңіске жетті.

Қытай АҚШ текетіресінде Қазақстан өз ұстанымын мәлім ете білді!

Қазақстан СІМ-і: «Қазақстан «бір Қытай» қағидасын берік қолдайтынын тағы да мәлімдеді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет болып табылатынын, ал Тайуан Қытай аумағының ажырамас бөлігі болып табылатынын растайды», - деп мәлімдеген.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар