Асқынған империализм: Ресей Жапонияның жүйкесін жұқартуда...

Жуырда Мәскеу мен Токио бір-бірімен бетпе-бет келіп, жұдырық түйістіруге шақ қалды. Бұл жекпе-жекте жапондардың төрт құбыласы түгел-ақ. Енді аталған мәселенің байыбына барайық.

1727346237971283.jpg

Осыдан үш күн бұрын, 23 қыркүйекте Ресейдің Ил-38 дейтін әскери ұшағы Жапонияның әуе кеңістігін бұзды. Оны көрген Жапон әскері әуеге жойғыш ұшақтарын (истребитель) көтеріп, ескерту жасап, зымырандармен оқ атты. Жапония мұндай шараларды 60 жылдан астам уақыт бойы қолданбаған екен. Бұл оқиға жайлы әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр. Осы тұста біз де жапон-орыс қарым-қатынастарының ауанына үңлгенді жөн көрдік.

МӘСКЕУДІҢ ЖАУЛАРЫ КӨБЕЙІП, КРЕМЛЬ СТРАТЕГИЯСЫ КЕРІ КЕТУДЕ...

Дәл қазіргі сәт Мәскеу үшін қолайсыз сәттердің бірі. Бейбіт жатқан Украинаға қарсы толық күшпен соғыс ашқаны үшін әлемнің өркениетті қауымдастығынан оқшауланып бара жатқан Ресейге тиімдісі – дос табу. Дос таба алмағанның өзінде, бейтарап позициядағы елдермен қарым-қатынасты сақтай білу тиімді-ақ. Алайда, Кремль стратегтерінің аяқ астынан дүниені төңкеріп, жоқ жерден жау таба білу дейтін ерекшелігі бар.

СОЛТҮСТІК АЗИЯНЫҢ ҚОС АЛПАУЫТЫ - ОҢТҮСТІК КОРЕЙ МЕН ЖАПОНИЯ

Осысыз саясаттың арқасында небәрі екі жыл ішінде Кремль Солтүстік Азияның қос алпауыты саналатын Оңтүстік Корей һәм Жапониямен толық араздасты. Мұның салдары: орыстар орасан зор экономикалық шығынға ұшырады. Сонымен қатар Мәскеуде әлі күнге дейін әскери әдіспен қатаң тойтарыс беруге қатысты бейбіт келісім жасалған жоқ.

Ресей-Жапония байланыстарының тарихына үңілсек, КСРО-да Жапонияны «АҚШ-тың суға батпайтын авианосеці» деп атаған кездің өзінде қос тарап дұшпандық әрекеттен бойларын аулақ салып, Вашингтонның қарсылығына қарамастан  Мәскеу мен Токионың сауда қарым-қатынасы қарқынды дамыды.  

РЕСЕЙДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТОҚЫРАУ ҺӘМ «ТЕХНИКАЛЫҚ КАННИБАЛИЗМ»

Жапония дәл сол қырғи қабақ соғыс кезінде кеңестік су асты қайықтарына арналған ескекті бұрамаларды жоғары дәлдікпен өңдеуге арналған бірегей станокттарды сатқанын да жақсы білеміз. Бұл таяуға дейін Ресейдің бүкіл кеме құрылысы өндірістік қуаттылықтарын өгіздей алға сүйреп келген еді.

Жапония мен Оңтүстік Корейдің Ресей сауда серіктестері тізімінен кетуі – түптеп келгенде Ресейдегі машина жасау зауыттарында, тау-кен өнеркәсібінде үлкен тоқырау, дағдарыс һәм техникалық каннибализмді тудырды. Ал «техникалық каннибализм» деп отырғанымыз – бұл азып-тозған ескінің өмір сүру мерзімін сәл ұзарту үшін ескі техникадан бөлшектерді алып, басқасын жамау деген сөз.  

Ресейдегі тұрмыстық техника мен құрылыс құрал-саймандары дүкендерінің сөрелері босап, бұрынғы атағы айғайлап тұратын брендтердің орнын ешкім естіп білмеген бәлду-бәдік дүниелер топан судай басты.

РЕСЕЙДІ ҚҰРДЫМҒА СҮЙРЕГЕН ИМПЕРИАЛИЗМ

Ресейдің дәл осындай күйге түсуіне бірден бір себеп – империализм дерті. Кремль элитасы өзінің «алыптығы» туралы даңғаза қияли ойдан арылып, шынайы жағдайға бет бұрмайынша, осы жағдай – осы жағдай!

Оны болдырмаудың жалғыз жолы – Ресей Солтүстік Азиядағы қос көршісінің қабағына қарауға үйренуге тиіс! Империялық мастықтан арылып, өзінің арты ашылған экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Солтүстік Азияға байыппен қараған ұстанымға келу!

ЖАПОНИЯ МЕН РЕСЕЙ ЕРЕГЕССЕ...

Қазір бұл сауал да өзектілігін жоймай тұр. Бұл текетіресте Токионың төрт құбыласы тең. Себебі – Мәскеу Жапонияның әскери әлеуетінің өсуін елемеді. Қазірдің өзінде оның флотының мүмкіндіктері Ресей Федерациясының Тынық мұхиты флотын екі асап, мүлдем жұтып қоятын  дәрежеге жетті.

Ал Ресеймен шекара маңындағы жапон авиациялық тобы өздерінің соғыс сахнасында орын алатын әскери шеберліктерін әлемге таныта алады. Сарапшылар пікірінше, осы маңдағы жапон әскерінің жауынгерлік әбжілдігі орыс әскерінен асып түседі. Ондағы жапон теңіз жаяу әскерлерінің мүмкіндіктері туралы айтпағанда, Кремль мәселенің еш байбына бармай, барлық жауынгерлік қабілетті күштерін осы жерден Украинаға жөнелтіп, қорғауға тиіс өңірін жалаңаш қалдырды.

Осындай жағдайда Жапонияның едел-жедел реакциясын туғызатын іс-әрекеттер жасау – бұл баланың грантамен қақпақыл ойнауын еске түсіретін «дипломатиялық талант». Сарапшылар: «Осы бір «дипломатиялық талант» түптің түбінде Ресейді әлдебір орны толмас жағдайға ұрындырып, ойыны осылған орысты әскери-саяси көрге тығады», - дейді.

Ал жоғарыдағы төтеннен болған жағдайға қайтып орылсақ, Жапонияның Қорғаныс министрі Минору Кихара ресейлік ұшақ ешқандай қауіпті әрекет жасамағанын айтты. Дегенмен, Токио Мәскеуге наразылық білдіріп, мұндай оқиғаларға жол бермеуді талап еткен.

Жапонияның да Ресеймен территориялық дауы бар. Ұзақ жылдардан бергі жерге талас толық ауқымды әскери қақтығысқа ұласып кетуі ғажап емес.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар