Нидерландының экс-премьері Марк Рютте НАТО бас хатшысы қызметіне ресми түрде кірісті. Жаңа бас хатшы Украинаны үнемі назарда ұстауды өз қызметінің басты басымдығы деп жариялады.
(Коллаж: Mezgil.kz / Суреттер: Коммерсант, ВВС сайттарынан алынды)
Рютте альянсты соңғы 10 жыл бойы басқарған Йенс Столтенбергтің орнына келді. Нидерландының бұрынғы премьер-министрі Марк Рютте Солтүстік Атлант альянсының 14-ші бас хатшысы. Өкілеттіктерді берудің ресми рәсімі Брюссельдегі Солтүстік Атлант кеңесінің арнайы отырысында альянстың штаб-пәтерінде өтті.
НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО 40 жыл бойы қырғиқабақ соғысты жүргізіп, нәтижесінде өз мақсатына қол жеткізгенін айтты. Ол сондай-ақ: «Ресейді Альянстың шығысқа қарай кеңеюі алаңдатпауы тиіс», - деп мәлімдеді.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин НАТО-ның әскери инфрақұрылымы Ресей шекарасына қарай жылжып жатқанын, ал Ресей өз техникасын Альянс шекарасына жақындатпайтынын айтқан болатын.
«НАТО 40 жыл бойы өз аумағынан шықпады. Осы жылдар ішінде біз бір ғана іс атқардық - Кеңес Одағын тежеп, ыдыраттық. Бұл тапсырма орындалды. Біз оны өте табысты жүзеге асырдық. Қырғи-қабақ соғыс бірде-бір оқ атпай, бейбітшілікті сақтап қалумен аяқталды», - дейді Столтенберг.
Журналистер Столтенбергке: «КСРО ыдыраған кезде КСРО басшысы Михаил Горбочевқа Альянсқа жаңамүшелер қабылданбайды деген уәде берілген екен. Сол уәде неге бұзылды», - деген сұрақ қойыпты. Бұған Столтенберг:
«НАТО ешқашан Горбачевқа немесе басқа бір кеңестік көшбасшыға НАТО-ға жаңа мүшелер қабылданбайтыны туралы ешқандай кепілдік берген жоқ. Кейбiр iрi одақтастардың осындай кепiлдiк беретiн идеясы бiздiң негiзгi принциптерiмiздi бұзады.
Латвияның НАТО-ға мүше болу туралы шешімі Ресейге қатты ұнамайды. Бірақ бұл ескіше ойлау! Үлкен державалардың кішкентай көршілері өз таңдауын жасауға әбден құқылы!», - деді Столтенберг.
Айта кетейік, Чехия, Польша, Венгриядан кейін 2004 жылы ұйымға - Латвия, Литва, Эстония, Болгария, Румыния, Словакия, Словения, 2009 жылы - Албания және Хорватия, 2017 жылы - Черногория, 2020 жылы - Солтүстік Македония, 2023 жылы - Финляндия, 2024 жылы - Швеция кірді. Әсіресе, Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын бұрынғы хатшының зор еңбегі деп бағаланымыз жөн.
Mezgil.kz