«Ресейдің қаруын қоймада жару керек»: Рюттенің ашуы қатты. Кремль енді қайтпек?

Қазанның алғашқы күні НАТО басшылығы ауысып, Йенс Столтенберг өз өкілеттігін Марк Рюттеге табыстап берген еді. Арада екі күн өткенде НАТО-ның су жаңа Бас хатшысы Украинаға, Киевке ат басын бұрды. Жай барған жоқ, Украина майданы үшін тағдыршешті сөзді айту үшін барды. Енді сол жайлы егжей-тегжейлі жазайық...

1728026915717703.jpg

(Суреттер: Неміс толқыны, ВВС, Интерфакс, Диалог сайттарынан алынды)

РЮТТЕ АЛҒАШҚЫ САПАРЫН КИЕВТЕН БАСТАДЫ...

Нидерландының премьер-министрі ретінде Марк Рютте соғыс басталғалы-бері Украинаға 5 рет барыпты. Ал, бұл жолы Рютте Киевке НАТО тізігін ұстаған бойда барып отыр және бұл Рюттенің аталған қызметтегі алғашқы шетелдік сапары саналады.

Соғыс басталғаннан кейін Украинамен авиациялық қатынас тоқтаған. Украина астанасына жету оңай шаруа еместігін атап өткен жөн. Сондықтан, Марк Рютте Киевке көңіл жықпастық үшін, бірнеше сағатқа ғана келмейді. Солтүстік Атлант альянсының ең жауапты тұлғасының алғашқы сапарды Вашингтон, Берлин, Парижге емес, Киевке жасауында ерекше мән бар. Бұл деп қойыңыз...

РЮТТЕ: РЕСЕЙДІҢ ҚАРУЛАРЫН ҚОЙМАДА КӨЗІН ҚҰРТУ КЕРЕК!

Екінші назар аударарлық мәселе: Қазір Украина еуропалық қауіпсіздіктің ортақ шеңберіне енген. Ал НАТО үшін басқа-басқа емес, дәл Украина майданы ең күрделі проблемаға болып саналады. Киевтегі ресми кездесуден кейін Рютте мен Зеленский баспасөзді жинап, маңызды сөздерді айтты. Соның ішінде НАТО-ның жаңа Бас хатшысы Ресей аумағындағы әскери-қорғаныстық нысандарға соққы жасауды ашық қолдады.

«Ресей заңсыз соғыс жүргізіп жатыр! Бұл соғыста «қызыл сызықты» кесіп өткен жалғыз ел – Ресей! Ендеше оның жойғыш ұшақтары мен зымырандарын ұшпай жатып, Украинаның азаматтық инфрақұрылымына қарсы қолданылмай тұрып көзін жою нешелеген адамдардың өмірін сақтап қалмақ!», - деді.

Рютте НАТО-ны тізгіндемей тұрып та, Украинаға батыл қолдау білдіріп келген. НАТО-ны тізгіндерде де: «Мен өз позициямнан тайқымаймын. Украинаға қолдау мен көмек – біздің басты принципіміз болып қалады», - деген.

Мұнда ескере кететін бір жайт бар. Ол – алыс қашықтықтан соққылайтын қару-жарақтарға рұқсат беруді НАТО шешпейді. «Мен білем» дейтін жекелеген мемлекеттер мен жекелеген саяси тұлғалар қабылдайды!

НАТО УКРАИНАНЫ РЕСЕЙГЕ БЕРМЕЙДІ!

Марк Рютте айтқан тағы бір маңызды мәлімдеме Украинаның НАТО-ға мүшелігіне қатысты болды.

«Өздеріңіз білесіздер, шілдеде Вашингтонда өткен НАТО-ның соңғы саммитінде одақтастар Украинаның НАТО-ға мүше болуы әбден мүмкін деп келісті. Украина НАТО-ға бұрынғыдан да бір табан жақындай түсті», - деді Рютте.

Украинаның НАТО-ға қосылуы Кремльдің бас қайғысы. Рютте Украинаны бейтараптылыққа мәжбүрлейтіндердің көзіндегі «жалған елесті» сейілту мақсатында Украинаның НАТО-ға қосылатынын нақтылап айтты.

«Украина күннен күнге күшеюде және Альянсқа кіруге бұрынғыдай бүгежектемей, кеудесін керіп, батыл адымдапкіруге әбден дайын! Күні туғанда Украина тап солай НАТО-ның толыққанды мүшесі болады! Бұл мәселеде Ресейдің ықпалының да, ветосының да бес тиындық құны жоқ!», - деді.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік: Ресей Украины өзінің бағынышты «вассалы» қылуға ұмтылып, ақыр соңында  мәңгілік жау тапты. Украина Батыстың қолдауына ие болуы үшін күрделі проблемаларды бастан кешіруде. Десе де, қазірге Украинаға берілетін, беріліп жатқан көмектің бәрі жеткілікті деңгейде дей алмаймыз. 12 қазанда кезекті жолғы «Рамштайн» кездесуі жоспарланған. Ол жерде талқыланатын басты екі мәселе бар. Біріншісі: «Украинаның жеңіс жоспары» (Украина әзірлеген жоба). Екіншісі: Украинаға қару-жарақпен көмектесу мәселесі.

Бірақ, бұлтартпас бір факт бар. Ол – Ресей Украинаны өз күшімен өсірді! Өзінің бағынышты «вассалы» қылуға ұмтылып, ақыр соңында  мәңгілік жау тапты. Бұл жағдайды ешкім де өзгерте алмайды! Ал оны бізге пайдаланып қалуға - Құдайдың өзі пәрмен етті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар