Украина әскері Ресейдің әскери қоймаларын дөп көздеуді дәстүрге айналдырып келеді. Кеше түнде Украинаның соққылаушы дрондары Ресейдің Брянскі облысының аумағындағы әскери қоймаға шабуыл жасады.
(Суреттер bryansk.com сайтынан және телеграм арналардан алынды)
Әскери қойма Брянскі облысының Карачев ауданында орналасқан. Ашық дереккөздердегі мәліметтерде бұл – Ресей Қарулы күштерінің 67-ші зымырандық-артиллериялық басқармасы екені айтылады.
Мұнда мұнда оқ-дәрілер сақталған. Соның ішінде Солтүстік Корейден алынған снарядтар сақталған.
Ресей тарабы не дейді?
Брянск облысының басшысы Александр Богомаз өзінің телеграм-арнасында: «Шабуылдан ешкім зардап шекпеді, ешбір нысан бүлінбеді», - деп хабар таратты. Ал Ресей қорғаныс министрлігі әуе қорғаныс күштері Брянск облысы аумағында 24 дронды атып түсіргенін айтты.
Десе де, әлеуметтік желілерге Карачев ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстың видео дәлелдері жарияланды. Дрон шабуылынан кейін әскери қойма өртке оранған екен.
Осыдан соң, жергілікті ауқымда Төтенше жағдай режимі жарияланып, Карачев ауданына баратын жол жабылған.
Украина тарабы не дейді?
Украина ҚК Бас штабы бүгін Украина дрондары Брянскідегі Ресейдің 67-ші зымырандық-артиллериялық басқармасына шабуыл жасағанын растады. Бұл ақпаратта: Қоймада артиллериялық зымырандар мен қару-жарақтар, басқарылатын әуе бомбалары, соның ішінде Солтүстік Корей берген снарядтар сақталғаны айталады. Оқ-дәрілердің едәуір бөлігі асық аспан астында сақталып келген. Қойма аумағында жарылыс болып, өрт шыққан.
Бұл әскери қойма Украина шекарасынан 114 шақырым жерде орналасқан. Украина Қарулы күштері осыған дейін Ресейдің Тверь облысындағы екі үлкен оқ-дәрі қоймасына шабуылдаған. Соққылаушы дрондар көздеген нысаналарға дөп тиіп, Ресей тылына ауыр соққы жасалған. сол жолы әскери сарапшылар Киевке ең жақын қойма - Карачев маңында орналасқан қойма деп айтылған.
Mezgil.kz