Сандудың ресейшілдермен «соғысы»: Молдова қай жолды таңдайды, Еуропа әлде Ресей?

Молдова тарихи электоралды процесс өтті. Оның «тарихи» дейтін сипатқа ие болуы – Мая Санду қайтадан президент бола ма, жоқ па дейтін мәселенің дауысқа салынып жатуында емес, Молдова халқы өзінің стратегиялық бағытын айқындауда.

1729501479336613.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz / Суреттер: Неміс толқыны, Регнум, РИА Новости, nokta.md сайттары) 

Иә, Молдовада «президенттік сайлаумен» қатар, Еуропалық одаққы қосылу туралы референдум қатар өтті. Бүгін соның нәтижелеріне аз-кем тоқталғанды жөн санадық.

МОЛДОВА ЕУРОПАНЫ ТАҢДАЙ МА?

Украина, Грузиямен бірге Еуропалық одаққа ресми шақырту алған Молдова жалпыхалықтық референдум өткізіп, дауыс санап жатыр. Қазірге дейін 98 пайыз бүлетен саналып біткен.

Бүлетенде: «Молдова Республикасын Еуропалық Одаққа қосу мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдайсыз ба?» деген сұрақ болған. «Иә» немесе «Жоқ» деген екі жауап қана болған.

Аралық есеп бойынша: Электораттың 50,28 пайызы еуроинтеграцияны қолдап дауыс берсе, 49,72 пайызы ЕО-ға мүше болуға қарсы дауыс берген.

1729501016706474.jpg

(Сурет Неміс толқыны сайтынан алынды)

РЕСЕЙЛІК ПРОКСИЛЕР МОЛДОВАДА ӘЛІ ДЕ ЫҚПАЛДЫ КҮШ БОЛЫП ТҰР!

Осылайша, Молдова референдум сенсациялық нәтижелер көрсетілуде. Десе де бұл ақырғы нәтиже емес. Және жақтаушылар мен қарсы позиция арасы тым алшақ емес. Бұл ресми есептеулер аяқталған соң, Молдова ішінде дүрбелең тууына себеп болмақ. Бұл сөзсіз. Себебі, Гүржістаннің ішкі ісіне қол сұғып, Молдованы қаққа жарып, Украинаны қан қақсатқан Мәскеу билігі Молдовадағы орысшыл проксилерге арқа сүйеп, ойына келгенді істеуде. Оның нәтижесін Молдова үшін тарихи мәнге ие осы референдумнан көруге болады.

Әуелі Молдовада Ресеймен интеграцияны қолдайтын, Ресеймен тығыз байланыстағы «Шор» дейтін партия бар. Және сол «Шордың» лидері Илан Шор жетекшілік ететін, «Победа» дейтін оппозициялық блог бар. Оның өкілдері Ресейге қатынап, Кремльдегі дәу-дөкейлерден кеңестер алып, Мәскеудің нұсқауымен әрекет етеді.

МОЛДОВАНЫҢ БАС АУРУЫНА АЙНАЛҒАН АЙМАҚТАР

Шор бастаған бұл топ Молдованың орталық билігінің өкпе тұсынан соққы беруші ресейлік күш болса, Кишиневті айналай қоршаған тағы бірнеше ресейлік күш бар.

1729500686410198.png

(Сурет Регнум сайтынан алынды)

БІРІНШ: ПРИДНЕСТРОВЬЕ ДЕЙТІН СЕПАРАТИСТІК АУМАҚ

Молдова ЕО-ға қосылуға келіссөздерді бастайтын айтқан кезде, президент Мая Санду: «Бастапқыда Еуропаға Приднестровьесіз де қосыла береміз», - деп мәлімдеген.

465 мыңнан аса тұрғыны бар Приднестровье 1990 жылдың 2 қыркүйегінде Молдовадан бөлінетіндігін мәлімдеді. Приднестровье Молдова Республикасы Ресей армиясының генерал-лейтенанты Александр Лебедтің арқасында 1992 жылы Молдова КСР құрамынан шықты. Қазір бұнда 215 мыңға жуық Ресей азаматы тұрып жатыр.

1729500825915724.jpg

(Сурет РИА Новости сайтынан алынды)

ЕКІНШІ: РЕСЕЙШІЛ ҒАҒАУЫЗДАР

Молдованың бас ауруы бір бұл емес. «Ғағауыз жері» атанған тағы бір өңірі бар. Тарихқа көз салсақ, ғағауыздар Молдованың оңтүстігінде орын алған. 1946-47 жылғы аштықта қынадай қырылса да, Сібірдің айдауында болып, не бір азап көрсе де, араға 50 жыл салып, нағыз Ресейшіл аймаққа айналып шыға келді. Оның да қазіргі башканы (басшысы) Евгения Гуцул Ресейге жиі барғыштап, Путинмен кезек-кезек кезігіп, суретке түскіш. Сонысы үшін Кишиневтен сөгіс естіп, қудалау көруде. Мәскеуге ынта-шындасымен берілген адамның бірі осы Гуцул.

Билігі бір жылдан астам уақыттан бері Кишиневпен перманенттік қақтығыста жүрген Ғағауызияда ЕО-ға кіруге қарсылар саны бүкіл елге қарағанда көп болған!

МОЛДОВА РЕСЕЙГЕ ҚОШ АЙТЫП, ЕУРОПА ЖОЛЫН ТАҢДАЙДЫ!

Ресейдің 2014 жылы Қырымды Украинадан тартып алуы – Еуроодақты Молдова және Грузиямен ассоциациялық келісімге қол қоюға ниеттендірді. Ал араға 10 жыл салып, Молдова 2024 жылдың соңына қарай ТМД-дан шығатынын мәлімдеді. Көктемгі-жазғы сессия кезеңінде Молдова Парламенті ТМД аясында қол қойылған 20-дан астам келісімнің күшін жойды.

Молдова президенті Майя Санду «елдің айтарлықтай дамуы үшін Еуропа одағының жеткілікті» екенін алға тартты.

Кешегі референдумның аралық есептерінде көш бастаған ресейлік күштердің жетекшісі Илан Шор: «Бұл - жеңіліс. Молдаван халқы өз сөзін айтты. Санду, сен естідің бе? Бізге сенің ЕО-ң да, сен де, сенің еуроқожайындарыңның да керегі жоқ!», - деп жазған еді. Шор бұны жазғанда еуроинтеграцияға қарсы дауыс бергендер пайыздық басымдыққа ие болып тұрған. Кейін, көрсеткіштер өзгеріп, ЕО-ға қосылуды жақтаушылар басымдыққа ие болған.

1729500418153733.jpg

(Суреттер nokta.md сайтынан алынды)

ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ: САНДУ МЕН СТОЯНОГЛО ЕРЕГЕСІ

Айтпақшы, Молдовада референдуммен қатар президенттік сайлау қатар өтті. ҚАЗІРГІ ПРЕЗИДЕНТ Мая Санду бүлетен саны бойынша жеңіске жетті. Ол 37 пайыздан аса дауыс жинады. Ал оның басты қарсыласы Александр Стояногло 29 пайыз дауыс жинаған.

Осылайша, Молдовада президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтетін болды. Онда қазіргі президент Мая Санду мен бұрынғы бас прокурор Стояногло бақ сынаспақ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар