Елімізде саяси реформалар жасалуда. 2022 жылдан бастап «Адам құқығы» мәселесі басты тақырыпқа айналды. Азаматтардың құқығын қорғау бойынша жаңа өзгерістер енгізіліп, шетелдік тәжірибе ескеріліп, заңнамаларды жан-жақты толықтыру жүруде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен бала құқығын қорғауға ерекше мән беру керектігін айтты және бұл бағытта атқарылуға тиіс міндеттерді атап өтті. Тиісті мекемелерге тапсырмалар берілуде. Ол бойынша жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі уақытта ана мен бала құқығын қорғауда оң өзгерістер көп дейді сарапшылар. Соның бірі омбудсмендердің белсенді жұмысынан көрінуде. Әйел құқығын қорғауға байланысты жаңа заң қабылданып, отбасылық зорлық-зомбылықты азайтуға қадамдар жасалуда. Ал бала құқығын қорғауда саналық, идеологиялық және құқықтық өзгерістер бар. Балалардың білім алуына толық жағдай жасау, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қорғауға қатысты сапалық ережелерді бекіту іске асуда.
Mezgil.kz