Әр адам үшін отбасы ең басты байлығы, баға жетпес қазынасы саналады. Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген ұлағатты сөз бар.
Әр отбасы кішігірім мемлекет. Оның өзіндік қалыптасқан ережелері, ішкі ұстанымы мен құндылықтары бар. Қазіргі уақытта осы құндылықты дамыту, отбасыны берік ұстауға үгіттеу және отбасыда сыйластық, түсіністіктің қалыптасуына баса мән беру маңызды саналады. Себебі 21 ғасырда ежелден қалыптасқан құндылықтар жылдам өзгеруде. Ендігі таңда азаматтардың құндылықтарын отбасы емес, гаджеттер мен қоршаған орта көбірек қалыптастыратын болды. Сол себепті де отбасылық құндылықтарға көбірек мән беру ерекше өзектілікке айналуда.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» сөзін қаперде ұстаған жан, отбасылық құндылықтарға бей-жай қарамасы анық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды берік етуге насихаттап, әр жанұяда татулық, өзара құрмет болуын, дәстүр мен тарихқа үңілу керектігін айтқан болатын. Әлеуметтік зерттеулерге назар аударсақ, Қазақстан халқының басым бөлігі ең басты құндылық ретінде ақша немесе билік пен байлықты емес, отбасын таңдаған. Бұл ұлтымызда отбасы құндылығын бағалаудың жалғасып келе жатқанының жарқын көрінісі.
Mezgil.kz