"Шексіз бауырластық - ІІІ": Шекараны бұзып өтуге жол жоқ!

Қазақстан әскері заманауи қақтығыстарға дайын болуы тиіс. Бұл туралы қорғаныс министрлігі, әскери сарапшылар, тіпті мемлекет басшысына дейін айтуда. Еліміздің әскерінің қуатты болуы заманауи қару-жарақ сатып алу, шығару және әскери білімді тереңдетумен шектелмейді. Қазақстан жауынгерлердің әскери біліктілігін арттыру мақсатында ұдайы халықаралық жаттығулар ұйымдастырып, тәжірибе алмасуды іске асыруда.


Безграничное братство

 

Жақында ғана Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Пәкістан, Катар және Өзбекстан арнайы жасақтарының қатысуымен өткен «Шексіз бауырластық – III» көпұлтты оқу-жаттығуы аяқталды. Жаттығу Түркістан облысында өтті. Жаттығудың мақсаты тәжірибе алмасып, арнайы жасақтардың біліктілігін арттыру болатын.

 

Шарада жаттығуға қатысушылардың кәсібилігі жоғары бағаланды. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес арнайы жасақ шекараны бұзған шартты түрдегі лаңкестер мен қарулы қарсыластарға қарсы әрекет етіп, оларды залалсыздандыруды іске асырды. Жаттығуда бронды техника, барлау және соққы жасау дрондары, тікұшақтар және заманауи байланыс құралдары мен тағы басқа қолданылды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар