Энергия – кез келген мемлекеттің басты экономиканы алға жылжытушы дөңгелегі саналады. Әлемдегі қақтығыстардың басым көпшілігі энергия көздеріне таласудан туындайды дейді сарапшылар. Бұл ХІХ ғасырда пайда болып, әлі күнге дейін жалғасуда. Оның ішінде көмір, мұнай, газ, уранға таласу ірі әскери қақтығыстарға әкелген сәттері аз емес.
Экономиканы дамыту үшін энергияның қолжетімді болуы және тұрақты негізде берілуі аса маңызды. Бұл зауыттар мен цехтардың үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді. Өнеркәсіп кешендерінің үлкеюіне және санының артуына көмектеседі, жұмыссыздықтың жойылуына өз септігін тигізеді.
Қазақстан энергия тапшылығын түбегейлі шешуді ойластыруда. Оның ішінде энергияның жаңа көздеріне мән береді. АЭС салу, жел және күн энергиясын қолдану тағы басқа жолдарды іздестіруде.
Жас ұрпақ пен тұтынушыға энергияны үнемдеуді үйрету де маңызды саналады. Ол жарықты мақсатсыз пайдаланбау, энергияны көп қажет ететін өнімдерден бас тарту, балабақшада энергияны үнемдеуді үйрету насихаттарын күшейтуден тұрады.
Mezgil.kz