Қазақстан көктемгі су тасқынынан кейін су қоймаларын салу және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын белсенді түрде іске асыруда. Бұл су ресурстарын қорғау саясатына сай келеді және табиғи апаттың алдын алады.
Бүгінде ірі су қоймалары салынуда және бұрынғы қоймаларға жаңа жүйелер орнатылуда. Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтың бірі Батыс Қазақстан облысы еді. Салдарынан ондаған елді-мекен су астында қалды.
Қазіргі таңда Кеңтүбек, Ақсу, Аралтал, Бақтыарал және Пугачево ауылдары маңында су қоймалары салынуда. Олардың маңында ұзындығы кемі 30 шақырымға жуық су бөгеті салынып жатыр. Бұл бөгеттер 5 мыңнан астам халықты су тасқынынан сақтайды және су тапшылығы кезеңінде ауыл шаруашылығына қажетті сумен қамтамасыз ететін болады.
Су бөгеттерін салу өзге аймақтарда да іске асуда. Қазақстан жалпы оннан астам ірі су қоймасын салады.
Mezgil.kz