«The Times» басылымы жуырда: «Украина ядролық қаруды жасап шығуы мүмкін» деген тақырыпта мақала жариялады.
(Сурет: informator.ua)
Мақалада Украинада әлі күнге талқыланып келе жатқан «ядролық қаруды жасау» туралы пкіріталастың аяқталғаны айтылады. Украина 1996 жылғы Будапешт келісімі негізінде айрылып қалған «ядролық держава» мәртебесін иеленуі керек деген қорытындыға келген.
ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ ЯДРОЛЫҚ НҰСҚАСЫ
Киевтің атом бомбасын жасауының теориялық мүмкіндігі туралы сарапшылар не ойлайды?
«ТМД мемлекеттері ішінде Украина көп жағдайда техниалық ақыл-ой жағынан, интеллектуалды әлеуеті жағынан Ресейден де жоғары мемлекет саналады», - дейді сарпашылар.
«Times» мақаласы осы уақытқа дейін Ресей билігі тарапынан үнемі көйітіліп келген «Украина тағы да ядролық державаға айналуы мүмкін бе?» деген пікірталасқа қайта оралуға негіз берді.
«TIMES» НЕ ЖАЗДЫ?
«Киев АҚШ Украинаға көрсетіліп жатқан әскери көмекті тоқтатса, Киев Ресейді тоқтату үшін 1945 жылы Нагасакиге тасталған бомбаға ұқсас, қарабайыр ядролық қаруды жылдам әзірлеуі мүмкін», - деп жазды.
Мақалада: Киев теориялық тұрғыдан тез арада өзінің АЭС-іне пайдаланылған отыннан материал алу арқылы, кезінде АҚШ Жапонияға шабуыл жасаған «Fat Man-ға» ұқсас, қарапайым ядролық оқтұмсықты жасай алатыны айтылады.
Әскери сарапшылар: «Қарапайым ядролық оқтұмсық жасау Украина үшін күрделі мәселе емес. Сондай-ақ, бұл Ресейдегі әуе базаларды немесе өнеркәсіптік нысандарды жоюға жеткілікті болар еді», - деп санайды.
Мақалада: «Зеленский ядролық қару жасау ұсқасын мүлде жоққа шығармайды. Украинаның атом бобасын иелену-иеленбеу туралы шешім қабылдауына бірнеше ай ғана қалды», - делінген.
КИЕВ НЕ ДЕЙДІ?
Ал Украина СІМ басшылығы аталған мақаладаны тезистерді терістейді.
Украина СІМ өкілі Георгий Тихий: «Украина ядролық қару жасамайды және ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ережелерін сақтайды.
Украина МАГАТЭ-мен тығыз ынтымақтастықта және оның мониторингі үшін толық ашық, бұл ядролық материалдарды әскери мақсаттарда пайдалануды жоққа шығарады», - деп мәлімдеді.
МӘСКЕУ НЕ ДЕЙДІ?
Кремль режимі Украинаға қарсы толық ауқымды соғыс бастағанан бері, Мәскеу Киевтің ядролық әскери бағдарлама бастауға дайындалып жатқанын бірнеше рет дәлелсіз мәлімдеген.
Ресейлік әскери сарапшы Павел Аксенов деген бүйдейді: «Ядролық тежеу саласындағы сарапшылар Украина Қорғаныс министрлігіне дайындалған аналитикалық нотада ядролық қаруға ие болуы мүмкін деген болжамды сынға алады. Құжатта Украинада жеті тоннаға жуық плутоний бар екені айтылған», - дейді.
Ресейдің ядролық қару-жарақ жобасының жетекшісі Павел Подвиг: «Бұл плутоний ядролық отынға жұмсалады және оны қаруға айналдыру үшін қайта өңдеу зауыты қажет», - дейді.
Американдық сарапшы, «Джеймс Мартин» атындағы таратпауды зерттеу орталығының профессоры Джеффри Льюис: «Украина мұндай зауытты әлеуетті түрде сала алады. Бірақ іс жүзінде бұл ұзақ уақыт пен ірі инвестицияларды қажет етеді.
Әрі бұл зауыт Ресейдің мақсатты нысанасына айналар еді. Ал зауытты жер астына салатын болса, бұл жобаны одан әрі қиындатып, шығыны одан да қымбатқа түседі», - дейді.
Украина шынымен де МАГАТЭ-нің жіті назарында және қазір агенттік инспекторлары елдің үш атом электр станциясындағы жағдайды бақылап отыр. Қыркүйек айында агенттік миссиясын кеңейтіп, АЭС-терге қосылған қосалқы станцияларындағы жағдайды бақылау үшін инспекторлардың санын көбейткен.
Mezgil.kz