Қазір қазақ қоғамы, Қазақстан қоғамы: «Доллай қайда барасың, теңге қайда қаласың?» деп алаңкөңіл күй кешуде. Әсіресе, 2024 жылдың соңғы айлары Қазақстан теңгесінің құнын құлдыратты. Доллар бағасы өсіп, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық деңгейінде 15,25% белгілеу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды.
(Суреттер: inform.kz және 365info.kz)
2 желтоқсандағы жағдай бойынша, айырбас орындарында доллар бағасы 530-ға бірақ жетті. Ұлттық банк ұлттық валютаның әлсіреуі бірқатар ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен болғанын айтады.
Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров кешегі брифингте: «Ешқандай дефолт күтілмейді. Жалпы, қаржылық жай-күй тұрақты, мемлекеттің қоры бар. Сонықтан бұл орайда дефолт жайлы айтудың жөні жоқ», - деп сөйлеген еді.
Десе де, доллар бағасының өсуі мен теңгенің құнсыздануы Қазақстан халқының тұрмысына қалай әсер етпек? Қоғамды алаңдататын басты сауал осы болып тұр.
Осы ретте біз экономист, «Public Policy Research Center» директоры Меруерт Махмұтова ханымнан пікір сұраған едік.
(Сурет: inform.kz)
Меруерт Махмұтова, экономист, «Public Policy Research Center» директоры:
– Теңге бағамы мамыр айынан бері долларға қарағанда мөлшері 20%-ға әлсіреді. Әсіресе 500 теңгеден асып кеткені халықты алаңдатып отыр. Ұлттық банк төрағасы теңге бағамын тұрақтандыу үшін интервенция қолданғанын айтты. Ұзақ мерзімде интервенция қолдану мүмкін емес. Себебі оның шығыны көп және интервенцияның әсері де соншалық ұзақ болмайды.
Маған Қазақстанның валюта нарығындағы долларға деген қазіргі сұраныс алып-сатарлық сұраныс сияқты көрінеді. Себебі бір доллардың құны 520 теңгеге дейін барып қайтты. Интервенция тәсілімен осы алып-сатарлық сұранысты бәсеңсітуге мүмкіндік болды. Интервенция тәсілі осылай қысқа мерзімде әсер ету үшін қолданылады.
Ресейде рубль құнсызданып жатыр, әлсіз валюта болып бағалануда. Әрине бұл жағдай біздің теңгеге де әсер етеді. Ресейде соңғы санкцияға байланысты сырттан шикізаттан валюта «Газпромбанкқа» келетін, енді ол да санкцияға батты. Олар доллар тапшылығын қалай шешеді? Қазақстан арқылы деп ойлаймын, себебі Қазақстан экономикасын Еуразия экономикалық одаққа мүше ретінде қосып, билік өз экономикамызды сол Ресей саясатына тәуелді етті. Тәуелсіз Украина еліне соғыс жүргізіп жатқан Ресей экономикасы ары қарай да әлсірейді. Рубль да құнсызданады, инфляция да өршиді.
Одан басқа мұңай бағасы төмендеп жатса, ол да теңге құнсыздауына тағы үлес қосады. АҚШ-та Трамп сайлауды жеңгеннен бері доллар басқа валюталарға қарағанда тұрақталып жатыр және Трамп мұңай өндіруін ұлғайтып мұғай бағасын, оған байланысты шикізат бағасын да төмендетемін деп сайлау кезінде уәде берген.
Аружан Байжан
Mezgil.kz