Ресейдегі 1 млн қазақта бір қазақ мектебі жоқ! Уәделескен 3 мектеп қашан санылады?

Осыған дейін Қазақстан мен Ресей өзара келісім жасасып, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 3 орыс мектебі, Ресейдің этникалық қазақтар көп шоғырланған үш аймағында 3 қазақ мектебін салатын болып шешкен.

1733478685379552.jpg

Келісім бойынша:

1) Қазақстандағы орыс мектептері Түркістан, Тараз және Қызылордада салынатыны белгілі болған.

2) Ресейдегі қазақ мектептері Орынбор, Том және Астрахан аймақтарында салынатыны айтылды.

Ал Қазақстанның Оқу-ағарту министр Ғани Бейсембаев: «Қазір Ресейде қазақ мектептері салынатын қалалар айқындалды. Ендігі мәселе – мектептер салынатын орындарды келісу. Біз қазақ мектептерін салатын қалаларды таңдағанда ондағы қазақ бауырларымыз көп шоғырланған жерлерде мектеп салу басты мақсат болды», - деген болатын.

Жуырда Томск облысының білім департаменті бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеді.

2021 жылғы санақ нәтижелері бойынша, Ресейде 591 мыңнан астам қазақ тұрады. Олардың көбі Астрахань, Орынбор, Омбы және Саратов облыстарында шоғырланған болатын. Бұдан басқа өздерін белгілі бір рудың өкілімін деп көрсеткен қандастарымыздың саны 600 мыңнан асады. Сонда жиынтығы Ресейде 1 миллионнан асатын қазақ бар.

Ресей Федерациясындағы соңғы қазақ мектебі - Алтай аймағындағы Керей қазақ мектебінің 2018 жылы жабылған еді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар