Әкелі-балалы Асадтар әулетінің 54 жылдық қанды билігі нүктеленді 2024 жылдың 8 желтоқсанында нүктеленді.
(Суреттер: wikipedia.org, telegraf.com, dw.com сайтарынан алынды)
27 қарашада Асадты құлатуға жорық бастап, Идлибтен бастап, Халеб (Алеппо), Хама, Хомс секілді маңызды қалаларды алып, ақырында ел астанасы Дамашыққа жеткен «Хаят Тахрир аш-Шам» бастаған оппозициялық күштер Башар Асадты тақтан құлатты.
ӘКЕЛІ-БАЛАЛЫ АСАДТАР: 54 ЖЫЛДЫҚ ҚАНДЫ БИЛІК
Соғыстың алғашқы күндері Ресей мен Ираннан көмек сұраған Башар Асад лайықты қолдауға ие бола алмады. Ең ақырында «байтал түгіл бас қайғы» болып, отбасымен бірге едел-жедел Мәскеуге қашты. Ресей билігі Башар Асад пен оның отбасына саяси баспана берді.
(Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды.)
Башар Асад Сирия тізгінін әкесі Хафез Асадтан 2000 жылы мұраға алған еді. Әкесі Хафез Асад Сирияның 1971 жылдан 2000 жылға дейін басқарды. Сол жылы (2000 жылы) Хафездің жүрегі тоқтап, Сирия тізгіні Башарға бұйырады.
Маршал шені бар Башар Асад 2000-2007 жылдары өзге таңдаусыз сайлауға түсіп, президент атанған. Онан соң 2014-2021 жылдары да көзбояушылықпен сайлау өткізіп, әр жолы 90 пайыздың төңірегінде дауыс жинап отырған.
Башар Асад әлемдік саясаттағы қандықол диктаторлардың бірі болды. Әлемдік қауымдастық, соның ішінде АҚШ, ЕО, БҰҰ, Түркия мен Франция т.б. бар, барлығы Башар Асадқа қарсы жүздеген айып таққан. Олардың бірсыпырасы: оппозицияны жаныштау, этникалық тазарту жүргізу, химиялық қару қолдану т.б.
(Суреттер: telegraf.com, dw.com сайттарынан алынды.)
АСАДҚА ҚАРСЫ СОҒЫС: БАШАР БИЛІГІ 11 КҮНДЕ ҚҰЛАДЫ...
2024 жылдың 27 қарашасында «Хаят Тахрир аш-Шам» бастап, «Сирия ұлттық армиясы» қостаған оппозициялық топтар күш біріктіріп, Асадқа қарсы соғыс ашты.
29 қарашада оппозициялық күштер Сирияның күретамыр қалаларының бірі – Халебке (Алеппо) кірді. Бұл кезде Башар Асад Мәскеуге ұшып барған. Кремльден көмек сұраған. Кремль алғашқыда Асадқа көмек беретінін айтып, арқасынна қағып шығарып салған.
Кейін Ресей президенті Путин мен Түркия президенті Ердоған телефон арқлы сөйлескен. Бұл жағдай, ұрыс даласында айтарлықтай өзгеріс жасады. Себебі, Асадқа қарсы әскери күштердің дені Түрік проксилері еді.
30 қарашада Асадқа қарсы әскер Идлибте ұрыс салып жатты. Ал 5 желтоқсанда оппозициялық күштер Хама қаласын алып, Хомсқа бет бұрды. Хомс қаласы 7 желтоқсанда құлады. Сол күні Ресей мен Иран Сирия жеріндегі әскери басшылары мен дипломаттарын ежел-жедел эвакуациялады.
7 желтоқсанның кешінде оппозициялық күштер ел астанасы Дамашықта ұрыс салып жатты. Бұл кезде Мысыр мен Иордания Асадқа ақыл айтып, елден кетуге кеңес берді.
8 желтоқсанда Башар Асадтың ресейлік әскери база арқылы ИЛ-76 ұшағымен елден кеткені туралы ақпар тарады. Әуелде, Башар Асад мінген ұшақ радардан жоғалып, жұрт оның қаза тапқаны жайлы талқыны бастап кеткен. Кейін Ресей СІМ-і мәлімдеме жасап, Башар Асад пен оның отбасына саяси пана берілгенін хабарлады.
8 желтоқсанның таңында оппозициялық күштер Башар Асад билігінің құлағанын ресми мәлімдеді.
Айтпақшы, осыдан 10 жыл бұрын дәл осы Башар Асад БАҚ арқылы: «Владимир Владимирович Путинге сәлем айтыңдар, мен Янукович емеспін! Мен ешқайда кетпеймін», - деп сөйлеген. Ақырында Путинге жалбарынып жатып, Мәскеуден пана сұрап алды.
(Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің телеграм арнасынан алынды.)
СИРИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ АМАН БА? ОЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ?
Бұл оқиғада бізді алаңдататын басты мәселе – Сирия жеріндегі Қазақстанның бітімгерлік күштерінің тағдыры не болмақ? Биылғы жылдың наурыз айында БҰҰ миссиясы аясында «соғысушы тараптар арасында атысты тоқтату» тапсырмасын орындау үшін 139 қазақстандық әскери қызметкер Голан жотасына жіберілген.
«Голан жоталарында БҰҰ миссиясын жүзеге асыратын қазақстандық әскери контингенттің жауапкершілік жағдайы шиеленісті, бірақ тұрақты», - деп бағалануда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде айтылды.
«БҰҰ бақылаушы күштерінің өкілетті шенеуніктері сириялық және израильдік тараптардың өкілдерімен үнемі байланыста. Бітімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануда...», - делінген хабарламада.
(Суреттер: wikipedia.org сайтынан алынды.)
БАШАР АСАДТЫҢ ЕЛДЕН ҚАШУЫ: ӘЛЕМ ЛИДЕРЛЕРІ НЕ ДЕЙДІ?
Башар Асад билігінің дәл осылай құлауына әлем лидерлерінің реакциясы қандай болды? Біз бірсыпырасын шолып шықтық. Қараңыз:
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп:
«Асад енді жоқ. Ол өз елінен қашып кетті. Оның қорғаушысы – Ресей. Владимир Путин бастарған Ресей енді оны қорғауға мүдделі емес», - деді.
Франция президенті Эммануэль Макрон:
«Ақыр соңында варварлық мемлекет құлап тынды. Сирия халқына, оның батылдығы мен төзімділігіне құрмет көрсеткім келеді. Қазір, осы күрделі кезеңде мен оларға бейбітшілік, бостандық және бірлік тілеймін», - деді.
Германия канцлері Олаф Шольц:
«Башар Асад өз халқын қатыгездікпен жаншушы. Оның ар-ұжданында сансыз құрбандықтың қаны бар. Сирия халқы қатты зардап шегуде. Сондықтан Сириядағы Асадтың билігінің аяқталуы - жағымды жаңалық. Енді Сирияда заң мен тәртіптің тез арада қалпына келтірілуі маңызды», - деді.
Израиль премьері Бинямин Нетаньяху:
«Асад режимі Израильдің арқасында құлады. Сирия режимінің құлауын Таяу Шығыс үшін тарихи сәт! Иранның зұлымдық шеңберіндегі негізгі қорған құлады. Бұл Иран мен «Хезболланың» шабуылының нәтижесі. Енді біз бүкіл өңір бойынша тізбекті реакцияны көріп отырмыз», - деді.
Еуропалық дипломатияның басшысы Кая Каллас:
«Асад диктатурасының аяқталуы - бұл жағымды әрі көптен күткен оқиға. Бұл сондай-ақ Асадтың жақтастары - Ресей мен Иранның әлсіздігін көрсетеді», - деді.
Германия СІМ басшысы Анналена Бербок:
«Асад режимінің түгесілуі - оның билігі астында ұзақ жылдар бойы болған қорқыныштан кейін миллиондаған сириялықтар үшін алғашқы үлкен тыныс алу болып табылады. Бірақ біз елдің басқа радикалдардың қолына түспеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», - деді.
Украина СІМ басшысы Андрей Сибига:
«Асад құлады. Бұл - Путинге үміт артқан барлық диктаторлардың тағдыры. Ол әрдайым өзіне сенетіндерді сатады. Қазір ең бастысы - Сириядағы қауіпсіздікті қалпына келтіру және адамдарды зорлық-зомбылықтан қорғау», - деді.
Испания СІМ басшысы Хосе Мануэль Альбарес:
«Біз Сирия халқын болашақта кім және қалай басқаратынын және Сирияның аумақтық тұтастығының сақталуын шешетіндігіне кепілдік беру үшін қадамдар жасауымыз керек», - деді.
Mezgil.kz