Израиль кәріне мінді: Тель-Авив Тегеранға ядролық соғыс аша ма?

«The Times of Israel» басылымы: «Израиль армиясы Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері жойылғаннан кейін, Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасау мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр», - деп жазады.

1734090694165151.jpg

(Суреттер: The Times of Israel)

Израиль дерегінше: Асад режимінің зениттік жүйелерінің 85%-дан астамы жойылған. Бұл дегеніңіз – Израильдің соққылаушы дрондары мен ұшақтарына әуедегі басымдықты беретін маңызды фактор.

Жуырда Сирияда Башар Асад биліктен құлатылған соң, Израиль Сириядағы қару-жарақ қоры «Хезболланың» және өзге де лаңкестік топтардың қолына түсуі мүмкін деп, Сирияны соққының астына алған.

1734090322981342.jpg


(«The Times of Israel»: «Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасауға дайындалуда» деп жазып, болжалды карта жариялады)

СИРИЯДАҒЫ СОҒЫС: ИЗРАИЛЬ ҰШАҚТАРЫ ҮШІН АСПАНДАҒЫ КЕДЕРГІ ЖОЙЫЛДЫ

«Таяу Шығыстағы ирандық прокси-топтар әлсіреп, Сирияда Башар Асад режимі құлағаннан кейін, Иранның ядролық нысандарына Израиль Қорғаныс армиясының шабуыл жасау мүмкіндігі пайда болды. Сол себепті де Израильдің ӘӘК өздерінің жауынгерлік дайындығын арттыруда және Иранға ықтимал соққыға дайындалуда», - деп жазады Израильдің әскери ведомствосының пікіріне сүйенген «The Times of Israel» басылымы.

Сонымен қатар, Израильдің әскери һәм саяси басшылығы: «Асадтың режимі құлағаннан кейін және Ливандағы өзінің басты прокси-тобы «Хезболла» әлсірегеннен кейін, оқшауланып, сең соққан балықтай болып қалған Иран өзінің ядролық бағдарламасын жалғастырып, тосқауыл қаруын ауыстыруға тырысуы мүмкін», - деп санайды.

ИРАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУЫ: ИЗРАИЛЬ, АҚШ ПЕН ИРАН НЕ ДЕЙДІ?

Ал Иран осы күнге дейін өзінің ядролық қару жасауға ұмтылмайтынын айтып, әрі өзінің тек қана ғарыштық бағдарламасы мен ядролық қызметінің бірыңғай азаматтық мақсатқа бағдар ұстанатынын мәлімдеп келеді. Алайда АҚШ пен МАГАТЭ барлау қызметтері Иранның 2003 жылға дейін тұжырымдалған «әскери ядролық бағдарламасы» болғанын және ол азаматтық қажеттіліктердің шеңберінен шығып, өзінің ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастырғанын алға тартады.

Ал Израилль болса, Иранның ядролық қару жасау жөніндегі бағдарламадан ешқашан бас тартпағанын және аталған ядролық нысандардың дені таулардың астында жасырылуы тұрғанын айтады. Әскери сарапшылардың пікірінше, Израиль жуырда қол жеткізген Сирия аспанындағы басымдық Израиль ұшақтарының Иранға қарай кедергісіз ұшуына мүмкіндік береді.

1734090234743697.jpg

(2023 жылғы 14 сәуірде түсірілген «Planet Labs» PBC спутниктік суретінде Натанздағы ирандық ядролық объект көрінеді. (AP арқылы Planet Labs PBC)

ИЗРАИЛЬ СИРИЯДА ҚАНДАЙ ҚАРУЛАРДЫ ЖОЙДЫ?

Израиль дерегінше: Асад Дамашықтан қашқан соң басталған операция кезінде Израиль Сириядағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің 85%-ын, жалпы алғанда 107 жеке әуе шабуылына қарсы қорғаныс компонентін және тағы 47 радарды жойған. Олардың қатарына «Панцирь-С1» деп аталатын кіші және орта қашықтықтағы «SA-22» кешендерінің 80%-ы және «Бук» деп аталатын ресейлік орта қашықтықтағы ӘШҚҚ «SA-17» кешендерінің 90%-ы бар.

Бұл қарулар Иранның Ливандағы «Хезболлаға» қару жеткізуіне, 2013 жылы басталған Сириядағы про-ирандық топтардың орнығуына қорған болған. Сондай-ақ, Израиль әуе күштеріне қауіп төндірген.

Енді Сирияда тек бірнеше әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ғана қалды және олар Израиль әуе күштері үшін елеулі қауіп болып саналмайды.

Асад режимі құлағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң басталған бомбалаулар Сирияның авиабазаларына, қару-жарақ қоймаларына, қару өндіретін орындарға және химиялық қаруды сақтау объектілеріне, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне жасалған. Соққы нәтижесінде жүздеген зымыран және олармен байланысты жүйелер, 27 жойғыш ұшақ (соның ішінде Су-22 және Су-24), 24 тікұшақ және т.б. жойылған. Сондай-ақ, Израиль әскери-теңіз күштерінің соққысы Сирияның 15 әскери кораблін жойды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар