Украиналық саясаткер һәм саяси шолушы Дмитрий Гордон: «30 желтоқсанда Украина мен Ресей соғысын реттеу бойынша тарихи кездесулердің бірі болады. Бұл белсенді ұрыс қимылдарына нүкте қояды. 30 желтоқсанда атыс-шабыс тоқтайды», - деп мәлімдеді.
(Сурет: bbc.com)
Саясаткер Гордон осылай деп сөйледі. Бұл уақытта Украина президенті Зеленский де мәлімдеме жасап, жұртты АҚШ тарапынан маңызды шешім қабылданғанынан құлағдар етті. Тіпті, БАҚ: «Ресей басшыларынан бір адам Вашиңтонға барнғанын», - жазады.
(Сурет: tsn.ua)
ГОРДОН: «СОҒЫС ТОҚТАЙДЫ», - ДЕЙДІ...
Дмитрий Гордон: «Соғыстың белсенді кезеңі 30 желтоқсанда аяқталады. Біреулер маған: «Есіңнен ауыстың ба?», дейтін шығар. Жоқ! Ақыл-есім орнында. Байқадыңыздар ма, соңғы күндері ешқандай дабыл қағылған жоқ. Украина аспанына қарай ұшырылып жатқан дрондар да азайды. Ал зымырандар мүлде атылып жатқан жоқ десек те болады. Қауіп-қатер азайды. Путин тура Жаңа Жыл күндері Украинаны жылу мен жарықтан айыру үшін бомбалауға уәде еткен еді. Бірақ, олай жасаған жоқ. Неге? Себебі Вашиңтон араласып, Путинді райынан қайтарды. 30 желтоқсанда Вашиңтонда Украина мен Ресей соғысын реттеу бойынша тарихи кездесулердің бірі болады. Бұл кездесу белсенді ұрыс қимылдарына нүкте қояды деп күтілуде», - дейді.
Гордонның бұл айтқандарына қатысты Украина мен АҚШ саяси басшылықтары тарапынан қандай да бір пікір білдірілген жоқ.
(Сурет: president.gov.ua)
ЗЕЛЕНСКИЙ: «ӘСКЕРИ КӨМЕК КЕРЕК», - ДЕЙДІ...
Дейтұра Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ тарапынан Украина үшін маңызды шешімдердің бірі қабылданып жатқанын хабарлады, кеше.
«Украинаны қолдау бойынша АҚШ-та маңызды шешімдердің бірі қабылданып жатыр. 30 желтоқсанда ресми түрде Украина әскеріне көмектің қомақты пакеті жарияланбақ. Бұл көмек майдан даласындағы тұрақтылықты сақтауға айтарлықтай жәрдем болуы керек», - деді Зеленский.
Президент Зеленский Батыс елдеріне де қайрылу жасап, Украинаға көмекті ұлғайту керектігін айтқан. Ал бұған дейін БАҚ-та: «АҚШ Қауіпсіздік саласы бойынша Украинаға қолдау Бастамасынан (USAI) ауқымды көмек пакетін жарияламақ», - деген ақпарат тараған. USAI-дағы қаржы – бұл Украинаға жаңа қарулар сатып алу үшін резервтелген қаражат.
Украиналық ақпараттық кеңістік Дмитрий Гордон мен президент Зеленскийдің мәлімдемелерін салыстыра талқылап жатқанда, Ресейдің ақпараттары да: «Осы аптада «Ресей» арнайы ұшу отрядының ұшағы Вашиңтонды бетке алғанын, Ресейдің әскери-саяси басшылығынан әлдекімнің АҚШ-қа бара жатқанын», - жазады.
(Сурет: «Baza» Telegram-арнасы)
РЕСЕЙ БИЛІГІНІҢ АРНАЙЫ ҰШАҒЫ АҚШ-ҚА НЕГЕ БАРДЫ?
«Baza» Telegram-арнасы Ресейге тиесілі арнайы борт АҚШ-та екі күн болғанын жазады. Ол – «Ресей» арнайы ұшу отрядының Ил-96-300 ұшағы.
«Baza» Telegram-арнасы: «FlightRadar жүйесіне қарайтын болсақ, арнайы борт 25 желтоқсан күні Мәскеуден Петерборға ұшып барған. Ал 26 желтоқсанда Петербордан Нью-Йоркке ұшқан. Ол жерде сәл бөгелген ұшақ Вашиңтонға бет алған. 28 желтоқсан күні ресейлік ұшақ қайтдан Вашиңтоннан Нью-Йоркке ұшқан. Сол жақтан Мәскеуге қайтқан», - деп жазады.
Бұл ұшақты Ресейдің бірінші т ұлғалары немесе РФ Арнайы қызметінің басшы-қосшылары ғана пайдалана алады. Мысалы, бұған дейін бұл ұшақпен Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведьев ұшып жүрген. 2023 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының жиынына бару үшін РФ СІМ басшысы Сергей Лавров та осы ұшақты пайдаланған. Бұл ұшақта Ресей Сыртқы барлауының басшысы Сергей Нарышкин де жиі пайдаланып жүрген.
(Сурет: kommersant.ru)
РЕСЕЙ НЕ ДЕЙДІ?
Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Ресей Федерациясынан АҚШ-қа арнайы рейс ұшатынын растап: «Бұл қандай да бір астыртын келісімдер емес, дипломаттардың кезекті ротациясы ғана», - деді.
«Қазіргі уақытта Украинадағы қақтығысты немесе оның кез келген кезеңін тоқтату үшін алғышарттар жоқ. Президент Путин 30 желтоқсанда ешқандай халықаралық кездесулер мен сөйлесулер жоспарлаған жоқ», - дейді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
РЕСЕЙГЕ СОҒЫСТЫ АЯҚТАУ ТИІМСІЗ: ПУТИН БИЛІКТЕН АЙЫРЫЛУДАН ҚОРҚАДЫ!
Түйін: Жаһандық сарапшылардың пікірініше, Соғыстың толық аяқталуы, Путин мен оның айналасындағылар үшін тиімсіз. Өйткені бұл оның режиміне қолдауды әлсіретуі мүмкін. Ресейдегі жалғыз табысты бизнес - бұл соғыс, қорғаныс өнеркәсібі және армия. 2025-2026 жылдар Кремль үшін шынымен бетбұрыс кезеңі болуы мүмкін. 2025 жылы Ресей ішкі жалпы өнімнің 7-8 пайызын соғысқа жұмсайды. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық.
Mezgil.kz