Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбаты кең талқылануда. Сарапшылар пікір білдіруде.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы Бауыржан Әукен мақала туралы былай дейді:
Қазақстан 2024 жылы Түркі Мемлекеттері Ұйымындағы (ТМҰ) өз төрағалығын сәтті аяқтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында түркі әлемімен ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығына тоқталуы кездейсоқ емес. Бұл сұхбатта Қазақстанның ТМҰ аясындағы белсенділігі мен түркі ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, ауқымды жобалар мен 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылғандығына баса назар аударылды.
Президент 2021 жылы күллі түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған көне Түркістан қаласының тарихи рөліне ерекше мән берді. Мемлекет басшысының пікірінше, Түркістанның қайта жандануы түркі әлемінің бірлігін нығайтуға зор үлес қосуда.
Сонымен қатар, Астанада өткізілген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары түркі халықтарының бай мәдени мұрасын насихаттауда ерекше орын алғандығы атап өтілді. Бұл шара түркі мәдениеті мен дәстүрін әлемге танытып қана қоймай, қатысушы елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдете түсті.
Соңғы онжылдықта ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық байланыстар да айтарлықтай нығайды. Президент 2023 жылы ұйымға мүше елдердің өзара айналымы 45 млрд долл. асқанын атап өтті. Бұл көрсеткіш интеграцияның жоғары деңгейін және өзара тиімді қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейді.
ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту. Бұл жоба Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда, транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтуде және халықаралық инвестицияларды тартуда шешуші рөл атқаруда.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында аталған ТМҰ аясындағы серіктестік Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін айқын аңғартады. Түркі әлемімен ынтымақтастық – елдің рухани, мәдени және экономикалық дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағыттардың бірі.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Еуропа және америкалық зертеулер бөлімінің басшысы Бекжан Садықовтың пікірі:
«Ana tili» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл қорытындысын шығарып, Қазақстанның мемлекеттік құрылыс стратегиясының негізінде жатқан негізгі қағидаттарды атап өтті. Қазақстанның сыртқы саясаты ұлттық стратегияда негізгі орынды алады, ол елдің геосаяси мүдделерін, аймақта және жалпы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға деген ұмтылысын да көрсетеді.
Жылдам өзгермелі халықаралық тәртіпте Қазақстан бірқатар елдермен және халықаралық ұйымдармен тиімді серіктестік орнатуға ұмтылып, теңгерімді, прагматикалық және көпвекторлы сыртқы саясатты жалғастыруда.
Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды қағидаттарының бірі – көпвекторлылық, бұл Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақ және басқалар сияқты әртүрлі жаһандық ойыншылардың мүдделері арасындағы теңгерімді табуға, тәуекелдерді барынша азайтуға және пайданы барынша арттыруға мүмкіндік береді. Біздің стратегиялық әріптестерімізбен қарым-қатынасты тереңдету – тұрақтылықтың кепілі.
Қазақстанның стратегиялық мүддесі – аймақты тұрақтандыру, экономикалық байланыс пен қауіпсіздікті нығайту. Қазақстан түрлі платформалар арқылы аймақтық ынтымақтастық идеяларын белсенді түрде алға жылжытуда.
Сыртқы саясат пен тұрақты даму экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылықты сақтауға бағытталған стратегиялар арқылы өзара байланысты, бұл ішкі және халықаралық деңгейде маңызды екенін атап өткен жөн.
Тұрақты дамуға ұмтылатын елдер осы салалардағы ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы саясатының әртүрлі аспектілерін біріктіреді. Бұл жағынан Қазақстан да тыс қалған жоқ.
Экология, климаттың өзгеруі, энергетикалық қауіпсіздік және цифрлық трансформация мәселелері маңызды сала болып қала береді.
Қазақстан орта держава және прагматикалық сыртқы саясаты бар мемлекет ретінде тұрақты дамуға мүдделі және халықаралық ұйымдар аясында серіктестермен белсенді ынтымақтасады, сондай-ақ климаттың өзгеруімен күресуге, биоәртүрлілікті сақтауға, азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуге бағытталған т.б. жаһандық бастамаларға қатысады.
Қазақстанның халықаралық алаңдарға атсалысуы елге су ресурстары, экология және көші-қонға қатысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Біздің көпвекторлы сыртқы саясатымыздың тағы бір маңызды тұсы мен пайдасы – таза технологияларды пайдалануға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау. Бұл инвестициялар тұрақты экономикаға көшуді жеделдетуге көмектеседі.
Халықаралық аренадағы прагматикалық әрекеттердің арқасында еліміз 15,7 миллиард АҚШ долларын тарта алды, бұл Солтүстік және Орталық Азия аймағындағы ең жақсы нәтиже болды. Осылайша, біздің еліміз өзінің сыртқы саясатын жүзеге асыруда қалыптасқан көзқарасты ұстана отырып, орнықты дамуға тікелей әсер ететін саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді жалғастыруда.
Руководитель Отдела стратегического анализа Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан Елнар Берикбаев:
Интервью Касым-Жомарта Токаева газете «Ана тілі» в очередной раз продемонстрировало, что президент владеет ситуацией, знает о проблемах и имеет конкретный план по их решению.
Многие политологи высказывали опасения, что Касым-Жомарт Токаев на посту президента продолжит заниматься тем, что у него хорошо получается — международными отношениями, при этом вопросы внутренней политики отойдут на второй план. Но президент проявил себя как опытный государственник и хозяйственник:
— Мы справились собственными силами с последствиями паводков. Оперативно были построены дома, возмещены убытки всем пострадавшим, восстановлена инфраструктура;
— Введены в эксплуатацию новые современные пассажирские терминалы в аэропортах Алматы, Кызылорды и Шымкента.
— Проводится модернизация ТЭЦ, которые не ремонтировались десятилетиями;
— Построено и реконструировано около 7 тыс. км автомобильных дорог республиканского значения;
— Построен километровый мост через Бухтарминское водохранилище.
— В Казахстан возвращаются незаконно выведенные активы. Полученные средства направляются на строительство школ и больниц.
Благодаря Национальному курултаю и институту онлайн-петиций, общественные инициативы стали доходить до власти.
Среди реализованных инициатив, озвученных на заседании Национального курултая:
— ужесточено наказание за преступления против женщин и детей (новый закон криминализует побои, а также устанавливает пожизненное лишение свободы за убийство и сексуальное насилие в отношении детей);
— приняты меры по борьбе с лудоманией (введен запрет наружной рекламы букмекерских контор на зданиях, транспортных средствах, рекламы в масс-медиа);
— запрещена продажа и реклама вейпов;
— введена административная ответственность за травлю (буллинг) несовершеннолетних;
— введено дифференцированное наказание для закладчиков наркотиков и изготовителей.
Самое главное наше достижение — это сохранение мира и согласия в стране, где проживают представители более 100 этносов и 18 конфессий.
Президенту важно не оказаться в информационной изоляции. Порадовало, что круг информационных источников у Токаева достаточно широк — интернет, социальные сети, телевидение и материалы из различных ведомств.
Мақаладағы суреттер kisi.kz сайтынан алынды.
Mezgil.kz