Түркістан облысының әкімі болып Нұралхан Оралбайұлы Көшеров тағайындалды.
(Суреттер: kaztag.kz сайтынан алынды)
Көшеров 2023 жылдың қаңтарынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған. 2021 жылдың қыркүйегінен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін, одан бұрын, 2018 жылдың қазан айынан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
Көшеровке дейін Түркістан облысының әкімі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бастап Дархан Сатыбалды атқарған болатын.
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Mezgil.kz