Бізде 1995 жылдан кейін халықтың жағдайын сауатты да, кең пайымдылықпен айтатын депутатты емге таба алмайтын пұшайман күйге түскеніміз жасырын емес. Оған кінәлі ескі билік кезіндегі орныққан КПСС-тік жүйе. Иә, КПСС-тік жүйе еліміздің демократиялануы мен экономикалық дамуы үшін соқыр шек болғандығын ашып айтуымыз керек.
(Суреттер: parlam.kz, kaztag.kz, mail.kz сайттарынан алынды)
Партияның тіркелуіне шектеу, ұлттық партия құруға қазаққа мүмкіндік бермеу де еліміздегі ұзын саны 70 пайызға жеткен тұрмысы төмен қазақ тілді электоратты алаңдатып отырған жайы бар. Қазақ тілінде сөйлеушілердің 70 пайыздық деңгейге жетуі тілі шала Астана мен Алматыны толғандырып отырған жоқ. Десе де түбі осы демографиялық өсім партиялар мен депутаттарға қазаққа қарай қадам жасатады. Оны келесі сайлау дәлелдеп бере алады.
(Сурет: parlam.kz / kaztag.kz сайттарынан алынды)
ДАЙРАБАЕВТЫҢ ҚОШАНОВТЫ МАҚТАУЫ...
Біз осы орайда тек депуттар арасында бой көрсететін ерлік пен ездікті сөз етпекпіз. Жуырда болған жайт: Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен депутат Жигули Дайрабаевтың «диалогы» мәжілісмендерді ғана емес, күллі қазақ қоғамын бір күлдіріп, бір жылатқаны есімізде.
Бәрі де Қошановтың «халықтың қарыздануы» туралы сөзі кезінде болды. Дайрабаев Мәжіліс төрағасын қолдай бастады.
«Дұрыс, халық кедейленуде», - деді Дайрабаев. Қошанов депутатты тоқтатқан кезде, Жигули мырза әріптесін қолдап отырғанын айтты. Содан кейін залдағылар ду күлді.
«Мені қолдаудың қажеті жоқ. Сөз сізге берілгенде, айтыңыз. Менімен қатарласудың қажеті жоқ», - деді Мәжіліс төрағасы. Жигули мырза сөз алғанда Қошановты мақтап, жағымпаздана сөйлеген баяндамасын Мәжіліс төрағасы үзіп тастағаны да болған оқиға. Арғы жағы айтпасада белгілі ғой!..
(Суреттер: parlam.kz, mail.kz сайттарынан алынды)
ҮКІМЕТТІ СЫНАҒАН ТАНАШЕВА КІМГЕ ЖАҚПАЙ ҚАЛДЫ?
Елбасы билігі кезінде «ақылшы» болған Ертісбаев ауызан ақ май ағызған «Нұр Отан-Аманаттан» бойын ала қашып, бірден «коммунистердің» аты өзгерткен партиясының тізгінін иеленіп шыға келгені белгілі. Ертісбаев әле күнге ескіліктің елесімен күн кешіп жүргенін жуырда Мәжіліс депутаты Гауһар Шаймерденқызы Танашевны депутаттық мандатынан айыру арқылы тағы бір мәрте мәлім етті. Сонымен 11 баланың анасы Гауһар ханым кімге, не жазды?
Лениншіл интернационалист Ертісбаевтың төбе шашын тік тұрғызған қазақ санының көбеюі болғаны жасырын емес, сондықтан 11 баланың анасы ұсынған әлеуметтік төлем мәселесінде шорт сынды.
Гауһар ханым көпбалалы ана ретінде елдегі демографиялық мәселелерге жиі ден қойып, былтыр маусымда қазақстандық балаларға 70 мың теңге әлеуметтік төлем төлеуді ұсынған еді.
«Неге Қазақстанда бала тууды ынталандырмасқа? Бұл болашақта көпбалалы отбасы бола алатын жастарға бағытталуы керек. Бала санына қарамастан, көпбалалы отбасы ма, көпбалалы отбасы емес пе, отбасындағы бір балаға - 70 мың берілуі керек! Бір бала болса да, 70 мың теңге берілсін. Өйткені ол осы Отанға қызмет ететін, оны қорғайтын, осында жұмыс істейтін, салық төлейтін, елімізді дамытатын Қазақстан азаматын дүниеге әкелді. Сондықтан біз әрбір адамды бағалай білуіміз керек», - деген болатын ол.
Алайда сол кезде депутаттың сауалына «шығыны көп норма» деген жауап беріліп, аяқсыз қалған. Іле-шала, 14 қаңтар күні Гауһар Танашева мәжіліс депутаты ретіндегі өкілетінен айырылды.
Міне, біздің Мәжілістің бүгінгі келбеті осы болып тұр...
Mezgil.kz