Курскі – Украинаның соңғы операциясы емес: Украина дрондары Мәскеуге жетті!

Кеше Украина әскері Ресей өңірлеріне соққылаушы дрондардың ауқымды шабуылын ұйымдастыра білді. Ашық деректердегі мәліметтерге сүйенсек, Украина Ресейдің ұзын-саны 12 өңіріне соққылаушы дрондар ұшырған. Ресей дрондар саны 120-дан асатынын айтты.

1737717009129862.jpg

(Сурет: focus.ua сайтынан)

Бұл жыл басынан-бергі ауқымды шабуылдардың бірі болды. Осыған дейін қаңтардың басында Украина Ресейге қарата бір мезетте 200-ден аса соққылаушы дрон ұшырған еді.

УКРАИНАНЫҢ ОТ АУЫЗДЫ ҚҰСТАРЫ МӘСКЕУГЕ ДЕЙІН ЖЕТТІ

Осы жолғы соққылаушы дрондар әлекке салған өңірлер: Брянскі, Рязань, Курскі, Саратов, Ростов, Белгород, Воронеж, Тула, Орлов, Липецк, Мәскеу облыстары мен оккупацияланған Қырым. Украинаның соққылаушы дрондарының бірі – Ресей астанасы Мәскеуге дейін ұшып жеткен.

Кешегі шабуылдардың ең жойқыны Рязань және Брянскі облыстарына жасалған.

ҚОС ОБЛЫСТАҒЫ АЛАСАПЫРАН: ТАЛҚАНДАЛҒАН ҚОС ЗАУЫТ...

Рязаньға шабуыл: Украинаның соққылаушы дрондары Ресейдің Рязань облысына дөп соққылар жасады. Жергілікті куәгерлер кемі 20 мәрте жарылыс даусын естігендерін айтса, әскери сарапшылар облыстағы кемі екі бірдей стратегиялық нысанға дөп соққы тигенін жазды. Олар: 1) Рязань МӨЗ-і (мұнай өңдеу зауыты; 2) Рязань ЖЭС-і (жылу электр станциясы).

Брянскіге шабуыл: «OSINT» дерегінше – соққылардың бірі «Silicon El» (Кремний эл) зауытына дөп тиген. Украина дрондары дәл осы кәсіпорынға бұған дейін бірнеше рет шабуыл жасаған. Атап айтқанда: 2024 жылдың қазан және желтоқсан айларында, сондай-ақ 2025 жылдың қаңтар айының басында.

«Silicon El» зауыты – Ресейдегі микроэлектроника шығаратын ірі зауыттардың бірі. 2017 жылдан бергі зауыт өнімдерінің 94 пайызы Ресей Қорғаныс министрлігінің қажеттілігін өтеп келген. Ресей аталған зауыт өнімдерін ӘҚК (ПВО) кешендері мен «Искандер» зымыран кешендеріне пайдаланып келеді. Кешегі шабуылдан соң, зауыт жұмысын тоқтатқанын Ресей БАҚ-тары жазып жатыр.

РЕСЕЙДІҢ ЖАУАБЫ: 58 СОҚҚЫЛАУШЫ ДРОН

Ресей кеше Украинаға жауап ретінде ұзын-саны 58 соққылаушы дрон ұшырғанын Украина Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Соққылаушы дрондар: Сумскі, Киев, Чернигов, Черкассы, Житомир, Хмельницкі және Львов облыстарына қарай ұшырылған.

КУРСКІ – УКРАИНАНЫҢ СОҢҒЫ ОПЕРАЦИЯСЫ ЕМЕС!

Осыған дейін Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк: «Егер Халықаралық қысымды арттырып, Ресей аумағына көбірек соққы жасасақ, Ресей 8 айда құлайды», - деп мәлімдеген еді.

Ал Украинаның әскербасы, генерал Александр Сырский кеше: «Курскі облысындағы операция – біздің соңғы операциямыз емес», - деп мәлімдеген.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар