Трамптың екпіні мен текпіні: Соғысты аяқтаудың 4 нұсқасы

АҚШ президенті Доналд Трамптың Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату туралы мәлімдемесінен соң британдық «The Times» газеті соғыстың аяқталуына қатысты 4 «шынайы» нұсқа ұсынды. Сонымен ол қандай нұсқалар?

1737977604297263.png

(Сурет: golosameriki.com)

Бірінші нұсқа – егер Ресей келіссөздерге бармаса, ал Украина АҚШ-тың қолдауынан айырылса, ақыр соңында Киевтің «сағы сынып»  жеңіледі. Бірақ Трамп  оқиғаның бұлайша өрбуіне жол бермейді!

Екінші нұсқа – «буыны бос мәміле». Бұл жағдайда Украина жеңіліп, жері бөлшектенеді деп болжанады.

Үшінші нұсқа – оқ атуды тоқтату. Бұл нұсқа ауқымды соғыстың түпкілікті реттелуі мен нақты аяқталуының бір бөлігі ғана болып, «Украинаның аман қалуына» мүмкіндік береді. «Бұл аймақтық тұрақтылыққа және Украинаның қауіпсіздігі мен экономикалық кепілдіктер берілген шектеулі тіршілік кешуіне мүмкіндік береді», - делінген мақалада.

Бұл нұсқа «жауынгерлік іс-қимылдарды сап тыйып, қазіргі қалыптасып отырған майдан шебі бойында соғысты тоқтатып», Мәскеуге жауынгерлік іс-қимылдарды өзіне ыңғайлы уақытта қайта бастауына мүмкіндік беретін нұсқа.

Төртінші нұсқа – келіссөздер арқылы реттеу. Бұл жағдайда Вашингтон Киевке бейбіт келіссөздерді «күшке салу тұрғысынан» жүргізуге және қауіпсіздік кепілдігін алуға мүмкіндік беруге тиіс. Бұл жағдайда Ресейге санкция қатері төніп тұр. Ал егер Ресей бейбіт келіссөздерден жалтаруға шешім қабылдаса немесе оған «құлықсыздықпен қатысса» Трамп Украинаны қарумен және ақшамен қолдауға тиіс.

«The Times» басылымы: «Украинаның шынайы жеңісі немесе жеңілісі ақыр соңында аумақтық мәселелерді емес, соңғы оқ атылғаннан кейін Украина кімнің ықпалында болатынын айқындайды», - деген пікірді алға тартады.

Ұлықтау рәсімінен кейін Америка көшбасшы Украина президенті Владимир Зеленскийдің келісімге келуге дайын екендігін айтты. Трамп сонымен бірге Путин келісім жасасқысы келетін-келмейтінін нақты білмейтінін айтты. Онан соң Америка президенті Ресейді «Украина бойынша келісімге келуге шақырды», әйтпесең «санкциялар астында қаласың» деп қорқытты.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар