Аукцион аңдыған Қытай һәм Қазақ кенінің қожайыны кімдер?

«Қазақтың мұнай-газ саласындағы ірі кен орындарын қытайлардың қанжығасында кетуде», - деп жазады отандық БАҚ.

1738577058531080.jpg

(Сурет: jambylinfo.kz сайтынан алынды)

Бұрын құзырлы билік Қазақстандағы жер байлығын «сатуда» (инвестор тартуда) қыруар жұмыстар атқарып ақ тер, көк тер болатын. Енді «онлайн аукцион» өткізіп, мәселені бір демде бітіре салатын әдет тапты. Осы жолғы ҚР Энергетика министрлігі ұйымдастырған онлайн аукционда мұнай мен газ қорына бай алты бірдей кен орнының 5-еуін Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлар сатып ала алмақ. «Dala Inside» телеграм арнасы осылай деп дабыл қағуда.

Мәліметтерге тереңдей көз жүгіртсек, қатысушылар отандық болғанымен, түп иелерінің қытайлық қалталылар болуы көңілді күпті етеді.

Сонымен ҚР Энергетика министрлігі ұйымдастырған соңғы онлайн аукционға қайтып оралар болсақ, сауда бәсі барысында ең жоғары бағаны «Sozak Oil & Gas» компаниясы ұсынған екен. Олар еліміздегі жер қойнауын барлаумен айналысатын компания Ұлытау облысындағы бастапқы бағасы 73 миллион теңгеге бағаланған «Бестақыр» учаскісі үшін 23,4 миллиард теңге (шамамен $45 миллион) көлемінде өтінім беріліпті. Осы өтінімді берген компания Қазақстанда тіркелгенімен, негізгі акционері Нидерландта тіркелген «Sino-Science Petroleum» компаниясының қазіргі иесі – қытайлық Хуэй Лин екен.

«Бестақырдың» аумағы 4700 шаршы шақырымнан асып жығылады. Әзірге мұнда ірі кен орындары табылған жоқ, дегенмен дәл іргесіндегі «Құмкөлдың» мұнай қоры шамамен 1 миллиард баррельге бағаланып отыр.

Егер біздің тарап ұсыныған аукцион шартына сай 17 желтоқсанға дейін келісілген соманы толық төлесе «Sozak Oil-ға» осы аумақта мұнай мен газды барлау және өндіру құқығы берілетін болады.

Біз жоғарыда «Бестақырды» сөз еттік. Енді оған таяу «Құмкөлдің» өзін қазір «Turgai Petroleum» және «PetroKazakhstan Kumkol Resources» бірлесіп игеру үстінде. Екеуінің табиғаты қазақи, атауы ағылшындық десек те, бәрі бір айналып келгенде олар Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясымен қойын-қолтықтасып жұмыс істейтіні ешкімге жасырын емес.

Тап осы отандық компаниялар ұлт экномикасын өгіздей алға сүйрейді дегелінген аукциондағы екінші ең жоғары өтінімді «Kazakhstan Zhonghengyongsheng Energy» компаниясы ұсынған. Олар Атыраудағы 1977 жылы ашылған Кұлсары учаскісі үшін 2,6 миллиард теңге ұсынған. Атап айтсақ, аталған компания Сингапурда тіркелген «Weiye Trading-ке» тиесілі.

Аукционнадағы үшінші бәсті Қазақстанда екі-үш ай бұрын ғана тіркелген «Pro Explore Mining Company» ұсынған. Олар Атырау облысындағы Қиғаш аумағы үшін 1,7 миллиард теңге ұсынды. Сөзімізді жинақтай айтатын болсақ, бұл компанияның түп иесі де қытай бизнесмені.

Сонда аталған компаниялардың барлығы аты қазақ, заты қытай болу үшін құрылып, қазақ жер байлағын арбап алу үшін құрылған ба деген ойға амалсыз қалады екенсің. Сонымен қалған үш учаскі де Қытай мен Сингапурдан келген инвесторлардың бақылауына өтіп аукцион өз мәресіне жеткен.

Осы айды аспанға шығарған оқиғаға қатысты «Dala Inside» телеграм арнасы: «Аукционның ерекше назар аударар тұсы – кей компаниялардың күні кеше ғана тіркеліп, қысқа мерзімде стратегиялық активтерге қол жеткізгені. Айталық, қыркүйекте тіркелген компанияның ірі жер телімдерін иеленуі аукционның әділетті өткеніне күмән туғызады», -  деп пайымдау жаса»ды.

Шетелдік инвестиция ұлт экономикасына қан жүгірту үшін ауадай қажеттілігі түсінікті болса да, мұндай мәміленің ашықтығы мен ұлттық мүддеге сай болуы басты назарда болуы керек-ақ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар