Трамптың шарты: Украинада қазба-байлық бар. Бізде қару-жарақ бар!

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистермен әңгімелесу барысында «АҚШ-тың көмегіне айырбас ретінде Украинаның сирек кездесетін жерасты металдарына (қазба-байлығына) қол жеткізуге ниетті екенін білдірді».

1738667311847747.jpg

(Сурет: Неміс толқыны сайтынан алынды)

ТРАМП: УКРАИНАНЫҢ ЖЕҢІЛМЕУІ – БІЗДЕН БҰРЫН ЕУРОПАҒА КЕРЕК!

Трамп сөзбе-сөз:

«Біз Украина туралы айтқанда, олардың өте құнды әрі сирек жерасты ресурстары бар екенін айтамыз. Біз Украинаға салған салымымыздың кепілдігі болғанын қалаймыз. Бізге кепілдік керек. Біз оларға техника береміз... Бұл жағынан Еуропа бізге ілесе алмай келеді. Еуропа елдері де Украинаға бізбен теңдей қару-жарақ пен техника жеткізіп беруі керек. Біздің арамызда мұхит бар. Ал Еуропа мен Украина арасында мұхит жоқ.

Украинаның жеңілмеуі – бізден бұрын Еуропа үшін маңызды! Олар қауіпсіздік үшін бізден гөрі көбірек құн төлеуі керек! Десе де біз Еуропаға бізден асырып көмек бер деп жатқан жоқпыз. Бізге ілесіңдер деудеміз.

Сол себепті, біз Украинамен келісім жасаспақпыз. Ол бойынша Украина бізден өзі сұрағанды, өзіне керектіні алады. Біз береміз. Ал біз Украинаның сирек жерасты ресурстарына қол жеткіземіз», - дейді.

ТРАМПТЫҢ ТАЛАБЫ: БІЗГЕ ЖЕРАСТЫ РЕСУРСТАРЫ КЕРЕК!

Трамп әрі қарай сөзін: «Мен сирек кездесетін жерасты кендерінің қауіпсіздігін қалаймын. Біз жүздеген миллиард доллар салып жатырмыз. Оларда керемет сирек жерасты ресурстары бар. Олар келісім жасасуға дайын», - деп жалғайды.

УКРАИНА ТРАМПТЫҢ ТАЛАБЫНА НЕ ДЕЙДІ?

Осы әңігмеден соң Украина президенті Зеленский «жеңіс жоспарына» пайдалы қазбалар туралы тармақша қосқанын Украина БАҚ-тары жазды.

Украина тарабы: «Пайдалы қазбалар туралы сөз өозғалғанда басты көтерілетін мәселе – Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілі. Пайдалы қазбалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін – әуелі Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Ол ресурстарды Ресей иемденіп кетпесу үшін әрекет ету керек», - дейді.

Ал «Financial Times» басылымы: «Пайдалы қазбалар туралы талап-шарт президент Зеленскийдің «жеңіс жоспарында» осыған дейін қарастырылған. Президент Трамп бұл шартпен былтыр күзде танысқан. Және бұл сөз ортақ келісімге сәйкес келеді», - деп жазады.

«Президент Зеленский өзінің «жеңіс жоспарын» Трампқа былтыр күзде таныстырған. Онда АҚШ көмегіне айырбас ретінде пайдалы қазбаларды игеруге рұқсат беретін тармақ қамтылған», - дейді басылым.

ГЕРМАНИЯ: АҚШ-ТІКІ УКРАИНАҒА КӨМЕК ЕМЕС, БОПСА!

Герман канцлері Олаф Шолц Трамптың Украинаға қойған талап-шартын сынап: «Біз Украинаның пайдалы қазбаларын соғыс аяқталған соң түгел Украинаны қалпына келтіру үшін қолдануымыз керек. Ал Трамптікі қазір өзімшілдік. Ол сауда жасап, бұл ресурстарды Украинаның қорғанысы үшін жұмсамақ», - деді.

УКРАИНА АҚШ-ҚА ҚАНДАЙ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҰСЫНБАҚ?

Осы ретте Украинаның пайдалы қазбаларына қатысты ашық деректерде жарияланған бірлі-жарым деректі ұсынбақпыз.

Украина БАҚ-тары: «Украинада титан, темір кені мен көмірдің ауқымды қоры бар. Сонымен қатар, 500 мың тоннадан асатын литий қоры бар. Оның сомасы ондаған триллион долларға жетеді. Ресейдің майдан даласындағы алға жылжып келе жатуы Украинаны бұл ресурстардың көп бөлігінен айыруы мүмкін», - деп жазады.

Ал «Forbes» басылымы: «Украинаның минералдық ресурстарының 70%-ы Ресейдің бақылауына өтуде. Пайдалы қазбалардың басым бөлігі Донецк, Днепропетровск және Луганск облыстарында орналасқан. Олардың жалпы сомасы 15 трлн долларға бағаланады», - деп жазды.

«Азат Еуропа» раидосының Украинадағы қызметі: «Украинада шамамен 820 км² литий кен орындары табылған. Төрт кен орнының екеуін қазір Ресей оккупациялап алған.  Украина литийдің болжамды қоры бойынша Еуропада бесінші орында», - деп жазады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар