Молдованың премьері Дорин Речан Приднестровье аймағының ЕО берген көмектен бас тартқанын айтты. ЕО Приднестровьеге 60 млн еуроға газ жеткізуге ұсыныс айтты. «Алайда Приднестровье Ресейдің қысымынан кейін бұл ұсынысты қабыл алудан бас тартуда» дейді Речан.
«Біздің Үкіметіміз ЕО-мен бірлесіп Ресей туындатқан күрделі мәселені шеше білді. Приднестровье халқына жылу мен жарық берді. Адамдар Ресей мен ЕО-ның айырмашылығын шынайы мысалда көрді. 1-ақпаннан бастап Еуропа берген грант аясындағы қаржы толық игерілді.
ЕО тарапы ұсынған 60 млн еуро көлеміндегі қаржы Приднестровье аймағын энергетикалық бопса мен тұрақсыздықтан құтқарар еді. Алайда Тирасполь бас тартуда. Ресей аймақты бақылауды әлсіретіп аламыз деген күдікке сүйене отырып Еуропаның көмегін қабылдауға кедергі болуда. Тирасполь бас тартқан негізгі шарттың бірі тұтынушылар үшін тарифті біртіндеп көтеру болатын. Нәтижесінде олар 60 млн еуропалық көмек пакетінен енді ақша ала алмайды», - дейді Молдова премьері.
Речан Молдованың газды толық тоқтатпайтынын айтты. Бұл Приднестровье аймағы үшін маңызды деп атап өтті. Газ Венгрия арқылы жеткізілмек. Венгрияның MET Gas and Energy Marketing AG компаниясы Молдоваға дейін газ жеткізеді. Жеткізу құнын Дубайда тіркелген JNX General Trading L.L.C компаниясы төлейді. Артынша газды жеткізу Moldovagaz бен Tiraspoltransgaz арасындағы келісім аясында іске асады.
Транзит толық іске асуы үшін Приднестровье 4 шартты орындауы қажет. Саяси тұтқындарды босату, Рыбница аймағындағы румын тілді ортаға мектеп салып беру, Молдова билігінің арналарын өшірмеу, 2022 жылы орнатқан 33 бақылау бекетінің 22-сін алып тастау шарттары орындалуы тиіс. Қазіргі сәтте аталған талаптарды қос тарап талқылап жатыр.
2025 жылдың 1-қаңтарында Украина өз аумағы арқылы ресейлік газдың транзитін тоқтатты. Приднестровье аймағы энергетикалық дағдарысқа тап болды. 2025 жылдың 1-ақпанында ЕО елдері Молдоваға қаржы аударып, Приднестровьеге газ жіберуді ұсынды. Ұсыныс бойынша Молдова Приднестровьеге газ жібере бастады.
Mezgil.kz