АҚШ Украинаға қарсы «шабуылға» шықты: Зеленский кетсін!

Ақ үйдегі сәтсіз келіссөз, сәтсіз кездесуден соң АҚШ-тың Трамп бастаған жаңа басшылығы Украинаға, президент Зеленскийге қарсы «шабуылға» шықты. Бұл шабуыл – қарусыз шабуыл. Ақпараттық шабуыл!

1740993270739400.jpg

(Сурет: president.gov.ua)

Кеше АҚШ президенті Трамп командасындағы ірі калибрлі шенділер бірінің аузына бірі түкіргендей, Украина мен Зеленский туралы мәлімдемелер жасады. Әуелі, соларға көз жүгіртейік:

АҚШ ШЕНДІЛЕРІ НЕ ДЕЙДІ?

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио: «Біз Путинмен келіссөз жүргізу қиын болатынын түсінеміз. Бірақ, келіссөз жүргізіп көру керек. Ресейдің Укарина дағдарысын реттеу бойынша позициясын білу керекпіз.

Ал Украина территориясын беруге келісуі керек дегенге келсек, бұл келіссөздер процессінде белгілі болатын әңгіме. Еуропа елдерінің көбінде Украинадағы соғысты тоқтату бойынша нақты жоспар жоқ. Біз Киевке сан мәрте айттық. Әуелі ұрысты тоқтату керек. Сосын кепілдік жайы келісіледі», - деді.

АҚШ-тың Сауда министрі Говард Латник: «Зеленский Вашингтонға бейбітшілікпен келмейінше, АҚШ Украинаға ештеңе бермейді. Ақша да, әскери көмек те! Украинада соғыс жалғасып жатқанда АҚШ Киевке қауіпсіздік кепілдігін бермейді. Ал Зеленскийдің Вашингтонға бұлай талап қоюы қисынсыз», - деді.

ФТБ Директоры Кеш Пател: «Украина – заңсыз ақшаны заңдастыратын коррупция орны. АҚШ көмекке берген жүздеген миллиард доллардың қайда жұмсалғанын тергеуді Конгресске тапсырдық», - деді.

АҚШ-тың Қаржы министрі Скотт Бессент: «АҚШ пен Украина арасындағы пайдалы қазбалар жөніндегі келісім қазір қаралып жатқан жоқ. Зеленский өзінің АҚШ-пен бірге екенін көрсетіп, келісімге қол қоюы керек еді. Бірақ, ол бәрінің талқанынын шығарды», - деді.

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц: «Бұл соғысты тоқтатуға болады. Ол үшін Украинаға территория мәселесінде шегініс жасау керек болады. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік кепілдігін алу үшін де шарт болмақ. Ал қауіпсіздік кепілдігі – ол Еуропадық кепілдік болады. АҚШ ешқандай кепілдік бермейді, бұл талқыланбайды! Ал Ресей жағы да қауіпсіздік кепілдігі мәселесінде шегініс жасауы керек. Келіссөз үстеліне отыратын барлық тарап кей позициялардан бас тартуы керек. біз осы келіссөздерді алға жылжыту үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Бір нәрсе анық: Украинаға НАТО-да орын жоқ. Бізге АҚШ-пен де, Ресеймен де іс жүргізе алатын лидер керек. Егер Зеленскийдің жеке және саяси мотвтері ұрысты тоқтатуға сәйкес келмесе, іс насырға шабады», - деді.

ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ?

Украина президенті Зеленскийдің бұл айыптауларға қатысты екі мәселеге жауап ретінде айтқан пікірін ұсынамыз.

Бейбіт келісім туралы: «Бейбіт келісімге дейін әлі ұзақ. Біз әлі жолдың басындамыз. Алғашқы қадамдар жасаудамыз. Сондықтан, бұлар қағазға түсірілмейінше, әлі ерте. Ешкім әлі нақты қадамдарға барысқан жоқ», - деді.

Жер беру туралы: «Біз АҚШ пен одақтастарымыздан жерге қатысты шегініс жауап туралы сөздерді естіп жатырмыз. Бірақ, Украина Ресей оккупациялап алған жерлерді Ресейдікі деп мойындамайды. Біз үшін ол уақытша оккупация болады.  Бізге Украина халқының сенімі тастай болғаны керек. біз Ресей қайта соғыс ашып келмейтініне сенімді болуымыз үшін бізге кепілдік керек», - деді.

НАТО-ға мүшелік һәм отставка туралы: «Егер Украинаны НАТО-ға қоссаңыздар, мен президенттіктен бүгін-ақ кетуге дайынмын. Украинада сайлау өткізу – Зеленский қайта президент болмайды деген сөз емес. Мені қазір кетіру оңай емес. Сайлау өткізу оңай. Мені кетіру үшін алдымен оларға мені сайлауға қатыстырмауға қам жасауы керек», - деді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар