USAID-тың 83% бағдарламасы жабылуда: Әлем не істейді, Украина қайтпек?

АҚШ билігі USAID-тың көптеген бағдарламасын түбегейлі жабу шешімін қабылдады. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио өзінің X желісінде жазды. Ол ұйымның 83% бағдарламасы жабылатынын айтты. Ал қалған бағдарламалар Мемлекеттік департаменттің бақылауына өтеді.


Дональд Трамп с Илоном Маском уничтожают USAID: чем это грозит Казахстану

 

Рубионың сөзінше билік агенттік бекіткен 6200 келісімнің 5200-ін тоқтату шешілін қабылдаған. Конгресспен кеңесе отырып мыңға жуық бағдарламаны сақтап қалу шешімі бекітілген.

 

Трамп әкімшілігі билікке келген сәттен бастап, USAID-тың жұмысын 90 күнге тоқтату және ұйымның бағдарламаларын тексеру туралы шешім қабылдады. АҚШ ұйымды 1961 жылы құрып, оны әлем бойынша гуманитарлық көмек көрсету тетігіне айналдырған еді. Жыл сайын ұйымды қаржыландыруға кемі 50 млрд доллар қаржы бөлінді. USAID өзінің басты миссиясы ретінде әлем бойынша гуманитарлық көмек көрсету, демократиялық қоғам қалыптастыру, БАҚ және наным-сенім бостандығын күшейту екенін айтты. Жоспар бойынша ұйым өзге елдердегі бағдарламаларды іске асыру үшін 2025 жылға 42,8 млрд бөлуі тиіс еді.

 

Әзірге нақты қай бағдарламалардың сақталатыны белгісіз. Ресми тізім жарияланған жоқ. Associated Press басылымы 1-наурыз күні USAID-тың 20 бағдарламасын тізбектеп, оларды сақтап қалу әлем үшін аса маңызды екенін жазды.

 

Оның ішінде Эфиопияда миллионнан астам тұрғынды тамақтандыру, Кениядағы ауру балаларды емдеу, Сенегалдағы маляриямен күрес, Буркина-Фасоны ауыз сумен қамтамасыз ету, Вьетнамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, Таиланд ауруханаларына қажетті медициналық жабдықтар алу, Мьянмадағы 100 мыңнан астам босқынға қолдау көрсету және басқа бағдарламалар бар.

 

USAID-тың АИВ/ЖИТС-пен күрес бағдарламасы да тоқтап тұр. Бұл бағдарлама әлемдегі 25 млннан астам адамды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отырды.

 

Сарапшылар USAID-тың Украинаға орасан көмек көрсеткенін атап өтті. 2022 жылдан бері ұйым түрлі гуманитарлық миссия аясында Киевке 2,6 млрд доллардың көмегін көрсеткен. 2024 жылы Украинадағы инфрақұрылымды қалпына келтіруге 522 млн доллар бөлген.

 

USAID Ресейдің агрессиясынан істен шыққан энергетика кешендерін қалпына келтіруге де үлес қосты. Украинада медицина, білім саласына млрдтаған қаржы бөлді.

 

Мамандар Украина қазір де бұл көмекке зәру дейді. Ендіга таңда USAID-тың Украинаға көрсеткен көмегін ЕО ұйымдары өз мойнына алуы мүмкін. Ал әлем елдері үшін бұл шешімнің салдары ауыр болуы мүмкін дейді мамандар. Өйткені ұйымның қызметін толық алмастыра алатын балама әзірге жоқ.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар