2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел үшін алдағы онжылдықта серпінді экономикалық дамудың берік базасы – жаңа энергетикалық саланы құру стратегиялық тұрғыдан маңызды екенін мәлімдеді.
(Коллаж: Mezgil.kz)
Сондықтан, бір емес, үш атом электр станциясын салып, ақыр соңында толыққанды ядролық кластерді қалыптастыру қажет. Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі уақытқа дейін атом энергетикасы туралы көптеген аңыз-әңгімелер аз емес. АЭС жайында пікір жұртты бей-жай қалдырмайды. Бірақ бұл мәселеде сарапшылар мен кәсіби мамандардың пікірі мен ойлары қоғамға қозғау салуы керек-ақ.
ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Қазақ елін қуантқан соңы жаңалық – IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық энергетика жөніндегі агенттік» құрылғанын жариялады. Осыған байланысты Атом индустриясын дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров елде мұндай ұйым не үшін екенін түсіндірді.
Алдияр Тоқтаровтың пікірінше, қазақ билігі қолға алып отырған бұл шешім әлдеқашан пісіп-жетілген әрі Қазақстан алдында үш атом электр станциясын салудан бастап, ядролық кластерді толыққанды қалыптастыруға дейінгі жаңа перспективаларды ашатын кең ауқымды қадам.
Иә, атом индустриясын дамыту қауымдастығының төрағасы осы орайда ядролық энергетика агенттігін құру – ядролық саланы толыққанды дамыту үшін мүмкіндіктер ашатынын айтады. Өйткені қазақ қоғамы заманмен бірге адымдауға тиіс.
ҚАЗАҚСТАН АТОМДЫ АЛПАУЫТТАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛА МА?
Сонымен қазіргі қазақ елінің атом саласында дамыған елдерден көш кейін қалмауы үшін жаңа құрылған агенттік мынандай кешенді міндеттерді қамтуы керек болады:
– Бірыңғай мемлекеттік саясатты құру және салаға қатысушыларды үйлестіру. Бізге біртұтас көзқарас пен стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ететін орган қажет. Қазір ядролық энергетиканың әртүрлі мәселелерін әртүрлі ведомстволар айналысады: Қазатомөнеркәсіп, Ядролық физика институты, ҚР ҰЯО. Міне, солардың барлығын біріктіріп, толыққанды әлеуеттерін игеру - агенттіктің бірінші міндеті.
– Ядролық қауіпсіздік және бақылау. Атом энергетикасын дамыту, атом электр станцияларының беріктігіне кепілдік беру және тәуекелдерді азайту үшін заманауи реттеу жүйесіне сүйенусіз қол жеткізу мүмкін емес. Бұл жұмыс бір құзыретті орталықтан үйлестірілуі керек.
– Инфрақұрылым мен ғылымды дамыту. Егер біз АЭС құрып қана қоймай, озық технологияларды дамытқымыз келсе, Қазақстанға ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары және мамандар даярлау қажет болады. Агенттік осы процестерді үйлестіруді өз мойнына алуы керек.
– Халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан қазірдің өзінде АҚХА (МАГАТЭ) мүшесі болып табылады, бірақ біз үшін жетекші ядролық елдермен тікелей жұмыс істеу және осы салада өз даму жолымызды құрғанымыз маңызды. Агенттік технологиялық серіктестермен байланыс орнатуға және салаға инвестиция тартуға көмектеседі. Мықтылармен ынтымақтастық бізді де мықты ете түседі.
– Өңірлік ынтымақтастық – бағдар алған тағы бір бағыт. Қазірдің өзінде Өзбекстан атом энергетикасын дамытуда, Қырғызстан уран өндірісіне мықтап кіріскен, осы тұтса бір-бірімізді толықтыру отыруға болады.
Осыған қатысты біз қоғамдық пікір лидерлеріне сұрау салып, Қазақстанға АЭС не береді деген мәселесі орта талқыға салдық...
(Фото: assembly.kz)
Аладин Мустафаев, политолог:
– В сфере ядерной энергетики в Казахстане создадутся отдельный госорган. Об этом сказал президент во время выступления на IV Национальном курултае, отметив, что в стране надо сформировать полноценный ядерный кластер. С учетом этой важной задачи глава государства принял решение создать Агентство по ядерной энергетике при президенте.
Я думаю, это верное решение. Развитие ядерной энергетики - весьма ответственное дело, поэтому отдельный орган нам нужен. Атомная энергетика предоставляет нам возможность повысить энергетическую безопасность, и стать лидерами в производстве чистой энергии, что важно особенно сейчас - в условиях глобальных экологических вызовов. Строительство АЭС не только покроет текущие потребности в энергии, но и создаст долгосрочную основу для устойчивого экономического роста.
Нам предстоит развивать газовую и угольную генерацию, максимально эффективно использовать потенциал ВИЭ. Однако, несмотря на все преимущества возобновляемых источников, их способность обеспечивать стабильное и постоянное энергоснабжение в полном объеме все же ограничена. В этом контексте атомная энергетика может сыграть ключевую роль, обеспечивая нужное количество энергии при низком уровне выбросов углекислого газа.
Создание полноценного ядерного кластера в Казахстане позволит нам использовать все доступные технологические и научные ресурсы, чтобы сделать этот сектор безопасным, эффективным и выгодным для страны в долгосрочной перспективе. Это также откроет новые возможности для научных исследований, развития технологий и привлечения инвестиций. Вероятно, с такой стратегией Казахстан сможет выйти на новый уровень энергетической независимости и стать примером для других стран региона.
(Сурет: Спикердің жеке мұрағатынан алынды)
Ардана Жарылқасын, журналист, қоғам белсендісі:
– Энергетика – елдің экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші. Бүгінде Қазақстан энергия тапшылығын сезінуде. Көптеген өңірлерде электр қуатына деген сұраныс артып келеді, ал қолданыстағы өндіріс орындары бұл қажеттілікті толық өтей алмай отыр. Әсіресе, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй-коммуналдық секторлары үшін тұрақты әрі сенімді энергия көзі ауадай қажет. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында қозғады.
Сондықтан Президенттің Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігін құру және бір емес, үш атом электр стансасын салу туралы бастамасы – елдің ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық шешім.
Қазақстан қарқынды өсіп келе жатқан ел. Ірі өндіріс орындары, зауыттар, жаңа технологиялық жобалар энергиясыз дами алмайды.
Атом энергетикасы көмір мен газға қарағанда әлдеқайда экологиялық қауіпсіз. Парниктік газдардың азаюына әсер етіп, жасыл экономикаға көшуге көмектеседі.
Mezgil.kz