Қазақстан: Экологиялық мәдениет – жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі!

Экологиялық мәдениет – жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі. Сондықтан да қазақ билігі еліміздің алдына «Таза Қазақстан» сияқты ауқымды жобаны алға тартып отырған жай бар.

1742294746199530.jpg

(Суреттер: kazgazeta.kz, akorda.kz сайттарынан алынды)

Еліміздегі әлеуметтік қатынастар жүйесі бұдан тысқары қала алмайды. Өйткені, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасына қатысты қоғамдық және жеке моральдық-этикалық нормалар, көзқарастар, ұстанымдар мен құндылықтарды еліміз тәуелсіздік алған кезеңде қалыптасыра алды.

Біздің бұл орайда айтпағымыз, адам қоғамы мен қоршаған табиғи ортаның қатар өмір сүруінің үйлесімділігі бидік назарынан ешқашан тыс қалмағандығы. Осы бағытта Мемлекет басшысы адам қоғамының қоршаған табиғи ортаға және жалпы экологиялық проблемаларға қатынасы арқылы іске асырылатын адам мен табиғаттың тұтастай үйлесімді тетігін табуға барша мемлекеттік органдарды міндеттей алды.

«Таза Қазақстан» бір ғана билік тарапынан біерілген нұсқау мен тапсырмалардан тұрмайды. Ғылыми тұрғыдан  экологиялық мәдениеті қалыптастыруда мәдениеттану шеңберінде де арнайы шаралап жүргізілуге тиіс. Аталған жағдайда қазақ қоғамы «экологиялық мәдениетті» қалыптастыруы керек.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі қызмет «экологиялық ағарту» деп аталады. Мұндай қызмет экологиялық білімді таратудан, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеуден және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудан тұрады.

Біз жоғарыда атап өттік, «Таза Қазақстан» ел билігінің қолға алған ең ұтымды шараларының бірі болды. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының жүзеге асырылу барысында 2024 жылы аумақты тазарту бойынша жыл сайынғы жаппай экологиялық акциялар саны 62-ден 183-ке дейін өсті. Егер бұған дейін 2019- 2023 жылдар аралығында акцияға қатысушылардың жалпы саны 2,4 млн адамды құраса, 900 мың тонна қоқыс жиналып, 2,5 млн жуық жасыл желек отырғызылса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаппай экологиялық акциялар 6,2 млн адамды қамтып, 1,1 млн тонна қоқыс жиналып, 1,6 млн жуық ағаш отырғызылды.

Отандық БАҚ дереккөздеріне сүйенсек, бұл нәтижелер «Таза Қазақстан» акциясына жұмсалған күш-жігердің жоғары деңгейде қолдау тауып, ауқымды әрі нәтижелі болатынын көрсетеді. Айтпақшы, соңғы жылдары анықталатын қоқыс тастайтын жерлердің саны едәуір қысқарды, ал жою пайызы өсті. Осылайша, егер 2018 жылы 8,7 мың заңсыз қоқыс жиналып, 57% жойылса, 2024 жылы қалдықтары бар 4,8 мыңға жуық алаң анықталып, оның 91% жойылды.

Халықтың қалдықтармен жұмыс iстеу мәдениетiн қалыптастырудағы маңызды элемент тиiстi инфрақұрылыммен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктердің ұсыныстары негізінде 232 млрд теңге сомаға кәдеге жарату жинағы есебінен қаржыландырылатын 94 жобадан алдын ала пул қалыптастырды. Қазіргі уақытта мәлімделген 94 жобаның 45 бизнес субъектісі бағдарламаға қатысудан бас тартты. Министрдің мәліметінше, бұған әкімдіктердің жобаларды егжей-тегжейлі пысықтауы кезінде пулды қалыптастыру сатысында жол бермеуге болады.

Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қуаттылықты арттыру бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында Министрлік әкімдіктермен бірлесіп барлық кезең бойы қосымша жобалар пулын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде бүгінгі күні Министрлік әкімдіктер ұсынған жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын 65 жобаны қарады, оның ішінде 41 жоба қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жүзеге асырыла бастады.

1742294549601228.jpg

Серікболсын Сарыбаев, әлеуметтанушы:

Өркениетті қоғам құруда тазалық мәдениеті мен экологиялық сана қалыптастыру әрекеті үлкен рөл атқарады. Тазалыққа үйрету, қоршаған ортаны сақтау ол бір күндік жұмыс емес. Осы орайда, өткен жылдан бері Президент Қ.Тоқаев бастамасымен бастау алып, жалпыұлттық сипатқа ие болған «Таза Қазақстан» акциясының мәні зор.

Президент Бурабай етегінде өткен Ұлттық құрылтайда «Таза Қазақстан» науқанының маңыздылығына тағы да баса назар аударып, бастаманың өміршең екенін, тазалық іс-шарасы адамдардың өмірлік салты мен күнделікті дағдысына айналу керектігін жеткізді. Науқан бір реттік емес екенін уақыттың өзі де дәлелдеп келеді. Халықтың, оның ішінде жастардың бойында игі қасиеттер қалыптастыруда тәрбиелік мәні терең «Таза Қазақстан» акциясын әрқайсымыз қолдауымыз керек.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар