Аты әйдік Александр Машкевич қазақстандық миллиардерлердің бірі. Қазақ ашаршылығының құнкері – Филипп (Шая Ицкович) Голощекиннің немересі. Сол Машкевич те келместің кемесіне мініп, өмірден озды.
(Сурет: alash.kz)
ERG баспасөз қызметінен берілген хабарламада: «2025 жылдың 22 наурызында 72 жасында белгілі қазақстандық бизнесмен және қоғам қайраткері, Eurasian Resources Group (ERG) негізін қалаушылардың бірі Александр Антонович Машкевич ұзақ науқастан кейін қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. 2014-2024 жылдар аралығында ERG директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сондай-ақ, Машкевич ұзақ уақыт «Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды», - делінген.
МАШКЕВИЧ КІМ ЕДІ?..
Александр Машкевич Бішкекте дүниеге келген. 2025 жылдың ақпанында ол 71 жасқа толды. Александр Антонович тің өмірбаяны – «америкалық арманның» классикалық үлгісі: Қырғызстаннан келген психология оқытушысы қысқа мерзім ішінде Қазақстанның ең бай адамдарының біріне айналады. Ал оны «алаштықтардың түбіне жеткен жендеттің ұрпағы» деп жек көру ұлтымыз үшін қисынды жайт.
Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» кітабында Голощекиннің Машкевичпен туыстық байланысы туралы да мәліметтер бар. Миллиардер Александр Антонович Машкевич – Шая Голощекиннің туған немересі. Кітаптың авторы 1987 жылға дейін Машкевич мырза жұмыс істеген Бішкек мемлекеттік университетінің экономика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген марқұм Хамза Аленұлы Мырзахметовке сілтеме жасап жазған.
Бәлкім, Шая Голощекиннің Витебск губерниясынан, ал Александр Машкевичтің анасы Витебскіден болғаны жанама дәлел болар. Сондай-ақ, Голощекиннің әйелі Берта Перельман 1918 жылы қайтыс болғаны, ал Александр Антоновичтің ата-анасы 1941 жылы Қырғызстанда танысқаны белгілі.
Александр Машкевич ата-бабасынан айырмашылығы – қазақтарға қарсы емес, соларға жұмыс істеді. Әрине, ол өзін де ұмытқан жоқ...
МАШКЕВИЧТІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ САҒАТЫ
Александр Машкевич «Eurasian Resources Group» (ERG) компаниясының негізгі акционерлерінің бірі және тең құқықты негізін қалаушы болды. Компанияның басқа иелері – бизнесмен Патох Шодиев, Ибрагимовтар отбасы және ҚР үкіметі. Топ табиғи ресурстарды өндірумен және өңдеумен айналысады және топ құрамына: «Қазхром» ТҰК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), «Шұбаркөл көмір», «Марганец Жайрема», «Қазақстан алюминийі», «Еуразиялық энергетикалық корпорация» (ЕЭК), Қазақстан кіреді электролиз зауыты және т.б. кіреді.
«Forbes Kazakhstan» рейтингін жариялаған кезде, 2024 жылдың мамырында Машкевич ERG акцияларының 20,7%-на ие болды, дәл осындай пакет - 20,7% - Ибрагимовтар отбасына тиесілі болса, Шодиевтің пакеті 18,6% құрады. Бұл ретте мемлекет 40% ERG иеленді.
«Forbes Kazakhstan» Машкевичті енгізген соңғы рейтинг - «Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені» - 2023 жылы шықты. Онда ол алтыншы орынды иеленді.
Көбісі оған «бірқатар тау-кен кәсіпорындарын адал емес жолмен жекешелендірді» деп кінә тағады. Бірақ бұндай қадам барлық посткеңестік елдердегі капиталдың бастапқы жинақталу кезеңі болды. Әркім сол кезде қалыптасқан ережелер бойынша әрекет етті. Мәселе басқада. Сол кезде көбі активтерін қайта сатып, өзге елге кетіп жатты. Ал Машкевич өзінің іскерлік серіктестерімен Қазақстанда қалды. Жылдар бойы өндіріспен айнылысып, «мойына алған» моноқалаларға «қамқорлық» жасады.
ЖӨЙІТТІГІНІҢ ПАЙДАСЫН КӨРУІ
Александр Машкевич өзінің еврей байланыстарының арқасында Қазақстанға АҚШ-тың нақты билеушілері - еврей қаржыгерлері мен банкирлеріне тікелей шығуды ұйымдастырды. Машкевич – биліктің жанторсығына айналып, Қазақстанның еврей әлеміндегі төтенше және өкілетті елшісі бола білді. Ол түрлі елдерге барып: «Қазақстанда антисемитизм жоқ. Қазақстанда еврейлер аз болса да еркін өмір сүреді, оларға ешкім қысым көрсетпейді», - дейді.
Машкевич Қазақстанға орнығып кеткені соншалық, Назарбаев дөкейлерінің оны тұқым-түбірімен жойып жіберуге дәттері бармады. Оны 1990-шы жылдардың соңындағы экономикалық дағдарыс та, 2007 жылғы дағдарыс та елден етегін кесіп қуып жібере алған жоқ. Тіпті, «ENRC-ді» Лондон биржасынан кетіп, «ERG-ге» айналуға мәжбүр еткен жанжал да оны Қазақстаннан кетуге мәжбүр ете алмады.
МАШКЕВИЧТІҢ ИЗРАИЛЬДЕГІ ЗЕЙНЕТІ
Соңғы апталарда орыс тілді ақпарат көздерінде «Еуразиялық банк акционерлері – Машкевич пен Шодиев өздеріндегі активтерден едел-жедел құтылу үшін, өзгелерге сатып кетпек» деген ақпарат тараған. Бұған себеп те жоқ емес.
Қазақстанды отыз жылдан астам уақыт басқарған Назарбаев биліктен кеткен соң, елде жаңа саяси реформалар жасала бастады. Тұңғыш президент кезінде қазақтың қазба байлықтарына күмәнді жолмен қол жеткізіп, қоң жинаған Машкевич пен Шодиевтің де бұрынғыдай дәурені жүріп тұрмағаны бесенеден белгілі. Жастары 70-тен асқан екеу бұрынғыдай Ақорданың маңайына емін-еркін жолай алмайтын болған. Бұрындары қазақстандық БАҚ-та бұл екі олигархтың Қазақстанның білдей облыс әкімдерін желкелеп жүргені жайлы көп жазылды. Енді сол дәурен көзден бұлбұл ұшып барады...
А.Машкеевич Қазақстанда зор табысқа жеткен соң, үн‑түнсіз Израиль мемлекетінің азаматтығын алып алды. Ал, Шодиев Патох Еуропадағы ең бір «тыныш ел» Бельгия азаматтығына қол жеткізді. Сәйкесінше, бұрынғы ықпал, бұрынғы бедел, бұрынғы қаһар жоғалып барады. Сондықтан да, бұл екеуі енді активтерін едел-жедел сатуға асыққан секілді...
Mezgil.kz