Қазақстанның еуроинтеграциялық жолы: Қазақстан мен ЕО әріптестігі қай деңгейде?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

1743147556891343.jpg

(Сурет: Ақорда телеграм арнасы)

Аталған кездесуде Қазақстан мен ЕО интеграциясы, кешегісі мен бүгінгісі һәм келешек перспективасы талқыланған. Сонымен қатар, Тоқаев пен Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасқан.

Осы жолғы жолуғыда Қазақстан мен ЕО арасындағы әріптестікті дамытудың жай-жапсары талқыланған. Атап айтқанда: Сауда-экономикалық бағытты дамыту, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды көздейтін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру т.б. мәселелер қаралған.

Кая Каллас: «Қазақстан Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Қазір Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекітуге қарай нақты қадамдар жасалуда», - деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандықтар аталған жаңалықты өте жылы қабылдағанын атап өтіп, бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік беретінін айтты. Мемлекет басшысы жаһандық тұрақсыздықты ескере отырып, әлемде болып жатқан күрделі оқиғаларға баға беруде байыптылық пен жауапкершілік танытудың айрықша маңызға ие екенін айтты. Президенттің пікірінше, Қазақстан барлық өзекті халықаралық мәселелер мен қақтығыстарды дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді берік ұстанады.

Айта кетейік, 3-4 сәуір аралығында Өзбекстанда, Тәшкентте «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті өтеді. Осыған дейін ЕО мен ОА лидерлері екі мәрте басқосу өткізген. Алғашқысы – 2022 жылдың қазан айында Қазақстанда, Астанада өткен. Онан соң, алқа-қотан саммит Қырғызстанның Шолпан-Атасында 2023 жылы өткізілді. Бұлардан бөлек, министрліктер деңгейінде бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. 

Осыған дейін Түркімен астанасы Ашхабадта өткен «Орталық Азия – ЕО» арасындағы министрлер кездесуіне қатысқан Кая Каллас: «ЕО Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың жаңа тарауын ашады», - деп мәлімдеген.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар