Төтенше жағдай саласындағы қызметкерлер - бейбіт күннің батырлары!

ҚР ТЖМ ел өңірлерінің экологиялық, өрт және радиациялық қауіпсіздігіндегі рөлі арта түсуде десек ақиқаттың ауылынан еш алшақ кетпейміз. Тау-кен өнеркәсібінің дамуымен тұрмыстық авариялар, табиғи және техногендік сипаттағы апаттар саны ұлғайды. Олардың алдын алуда ҚР ТЖМ алатын орны ерекше екені еш дау туғызбайды.

1743247860514170.jpeg

(Сурет: turkystan.kz)

Соңғы екі ғасырда ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде табиғат күштерін пайдалануда түбегейлі төңкеріс жасалды. Адам қолымен жасалған техникалық құралдар мен технологиялар әрқашан еліміздегі пайдалы ресурстарды өндіруге қызмет етіп келеді. Алайда қоғам табиғи құндылықтарды ғана иемденіп қана қоймайды. Табиғи процестерге белсенді араласып, геожүйелерді ұйымдастыруда өз қолтаңбасын қалдырады.

Табиғатқа кiрiс көзi ретiнде қараушылық көзқарасы қазақ қоғамында оны шаруашылық қызметке енгiзiлетiн бытыраңқы нақты ресурстар түрiнде қабылдауын туғызды десек еш артық айтқанымыз емес. Осы көзқарастың дұрыс еместігін ҚР ТЖМ  өзінің әлеуетті арқылы  әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын, ғылыми-техникалық бағдарламаларды және т.б. қалыптастыруға бағытталған қызметімен таныта білуде. Осы саладағы бұрынғы ведомстволық бытыраңқылық пен тұйықтаушылықтан арылып, табиғаттың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз етудiң мүдделiлiгiн туғызған салалық даму қағидатын ТЖМ бәрінен жоғары қойып келеді.

Экологиялық қауiпсiздiк (ЭҚ) – ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiктерiнiң бiрi, осы аумақта тұратын (не жұмыс iстейтiн) халықтың өмiрi мен қызметiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн табиғи, әлеуметтiк, техникалық және басқа да жағдайлардың жиынтығы және табиғи экожүйе биоценозының тұрақты жай-күйiн қамтамасыз етуде ТЖМ өзінің қызметін еліне адалдықпен атқару үстінде.

Экологиялық қауiпсiздiкке өнеркәсiп пен коммуникация дамуының жеткiлiктi қарқынын сақтай отырып, адам мен табиғатқа қолайсыз әсер етудiң ең төменгi деңгейiн қамтамасыз ететiн iс-шаралар жүйесi (болжау, жоспарлау, басқару және т.б.) қол жеткiзедi. осы қол жеткізушілікте ТЖМ ерен еңбегі мен үлесі барлығын жоққа шығара алмаймыз.

Нағыз өртті ең болмағанда бір рет көрген адам оның зұлматты факторларынан зардап шеккендердің қаншалықты бақытсыздыққа тап болатыны ойландыруға тиіс. Адам от және улы түтін алдында дәрменсіз. Сондықтан еліміздің тұрғындары осындай төтен жағдайларда асып сасып қалмас үшін ҚР ТЖМ жұрт арасында көптеген түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Өрт - бұл адамдардың өміріне және олардың материалдық құндылықтарына қауіп төндіретін зұлмат.

Жеке секторда, жайылым мен шабындықтардың өрт қауiпсiздiгiне соншалықты аз көңiл бөлiнетін болса, көп кешікпей өрт проблемасы бiздiң елiмiздегi негiзгi проблемалардың бiрiне айналуы мүмкiн. Объектіні өрт сөндіру және өртке қарсы қорғау құралдарымен қамтамасыз ету; эвакуациялау жоспарын және басқа да қажетті құжаттарды әзірлеуді; рейдтер өткізу ТЖМ өмір салтына айналған.

Рейд барысында инспекторлар үйлердің тұрғындарымен әңгімелесіп, оларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынамалар тапсыруда. ТЖМ жан-жақты жұмыс істегенімен кей жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелері көп жағдайда сақталмайды. Бірақ орын алған өрт жағдайда ТЖМ қызметкерлері қашанда оқиға орын алған жерден дер кезінде табылып тілсіз жауды аздықтай білгенін күнделікті өмірде жиі көріп жүрміз.

Ақнұр Тәуекел, әлеуметтанушы:

– Төтенше жағдай саласындағы қызметкерлер сөзсіз бейбіт күннің батырлары. Өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, түрлі апаттар кезінде олар әр секундты бағалап, адамдарды құтқаруға асығады.

Құтқарушыларымыз жабылып қалған үйдің есігі мен түрлі зілзалардан зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін өз еңбектерін аянбай атқаруда. Сол себепті, еліміздің алдындағы борышын адал атқарып жүрген азаматтарымызға мемлекет тарапынан ерекше құрмет көрсетіп, статус беру қажет деп санаймын. Өйткені, құтқарушылар күнделікті өмірде біздің бас амандығымыз үшін бастарын бәйгеге тігіп, өліммен күресті аянбай жүргізіп келуде.

Сонымен қатар, Ұлттық Құрылтай ел тарихын медиа сала, фильмдер арқылы таныстыруды қолғап алып жатқанын мемлекет басшысы баяндаған еді, осы нағыз еңбектің адамдары деген атқа лайық құтқарушылар туралы да сериалдар мен фильмдер түсіру керек. Американдық «112» сынды сериалдар батырларымыздың жұмысынык қаншалықты маңызды екенін ұқтырады деп санаймын.

Төтенше жағдай саласындағы қызметкерлер  өткен жылы елімізде орын алған су тасқыны сынды тілсіз жаумен күресте ең алдымен сол азаматтар аттанғаны бәрімізге мәлім. Өз жұмысында қайсарлық танытып, жедел әрекет ететін құтқарушыларды қолдауды азаматтық қоғам өкілдері мен мемлекет тарапынан қолдау табуы қажет.

Олардың ерлігін кәсіби дайындықты талап етеді. Бұл мамандар арнайы дайындықтан өтіп, әртүрлі төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін біледі. Олар тек өздерінің ғана емес, басқалардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Өз жұмысында жиі кезігетін қиын жағдайларда сабырлы болып, батылдық танытады.

Сөз соңында олардың еңбегі мен ерлігіне бүкіл халықтың атынан алғыс білдіргім келеді.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар