Зеленский сайлауға дайындалып жатыр ма? Қарсыластары кімдер?

«The Economist» басылымы жуырда: «Зеленский сайлауға дайындалуда», - деп елді шулатты. Басылым дерегінше, Ақ үйдегі айтыстан кейін президент Зеленскийдің рейтингі әжептәуір көтерілген.

1743587629376054.jpg

(Суреттер: wikipedia.org)

«Украина президенті Зеленский екінші мәрземге сайлануды жоспарлап отыр. Сайлау елдегі әскери режимді алып тастаған соң, биыл шілдеде өткізілуі мүмкін. Ал АҚШ Украина билігіне ықпал етіп, елдегі әскери режимді сәуір айының ортасына дейін алып тастау үшін тырысуда», - деп жазады «The Economist».

Басылым дерегінше, президенттік сайлау өткізу туралы шешімге президент Зеленскийдің президент Трмаппен болған Ақ үйдегі айтысы себеп болған. Ұзын-құлақтың айтуынша, президент Зеленский өткен аптада командаластарын жиып, сайлауға дайындықты бастап кеткен. Және ұрыс қимылдары толық тоқтатылғаннан кейін елде дереу сайлау өткізуді тапсырған.

Басылым дереккөздері сайлаудың нақты өтетін уақытына қатысты әртүрлі пікір айтады. Бірақ, олардың ортақ пікіріне көз жүгіртсек, президент Зеленский сайлауды биыл жазды өткізгісі келеді.

Украина заңнамасына көз жүгіртсек, президенттік сайлау өткізілуі үшін ең алдымен елдегі әскери жағдай режимі алынуы тиіс. Қазір Украинадағы әскери жағдай режимі 5 мамырға дейін ұзартылған. 5 мамырда Украина Жоғарғы Радасы қайта дауысқа салып, шешім қабылдауы тиіс.

Заңнама бойынша, сайлау әскери режим алынғаннан кейін кемі 60 күннен кейін ғана өткізіледі.

Сарапшылар пікірінше: «Президент Зеленский қарсыластарын қапы қалдырып, бәсекелессіз сайлау өткізу үшін президенттік сайлауды шілде айына белгілеуі мүмкін. Ал егер ұзақ мерзімдік электоралды компания ұйымдастырылатын болса, бұл елді қаққа жаруы мүмкін», - дейді.

УКРАИНА ОППОЗИЦИЯСЫ НЕ ДЕЙДІ? ПОРОШЕНКО ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН ӘЛІ ҮМІТТІ

Украина оппозициясы керісінше, ұзақ мерзімдік сайлау алды компаниясы ұйымдастырылуы тиіс дегенді талап етуде. Украинаның экс-президенті Петр Порошенко: «Зеленский сайлауалды компаниясын әлден-ақ бастап кеткен. Сондықтан, сайлау тамыз бен қазан аралығында кез келген уақытта өткізілуі мүмкін», - дейді.

Айта кетейік, Украинаның экс-президенті Петр Порошенко президен Зеленскийге өткен сайлауда басты қарсылас болған адам.

«СЛУГА НАРОДА» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ТЕРІСТЕДІ

«Слуга Народа» партиясының Жоғарғы Рададағы фракциясының басшысы Давид Арахамия «президенттік сайлауға» қатысты пікір білдіріп: «Сайлау өткізуге қатысты ешқандай жасырын дайындық жасалып жатқан жоқ. Рададағы барлық партиялар мен саяси топтар бірауыздан келіскенбіз. Сайлау – елдегі әскери жағдай алынғаннан кейін алты айдан кейін ғана өткізіледі. Біз бұл позициямызды өзгерткен жоқпыз», - деді.

ЗАЛУЖНЫЙ ПАРТИЯ ҚҰРА МА?

Ал Украинадағы сайлаушылар комитетінің басшысы Алексей Кошель: «Қазір елде саяси топтар мен партиялар арасында сайлауға астыртын дайындықтардың басталып кеткенін байқауға болады.

Қазір Украинада әскерилердің қолдауы жоғары. Шамамен 94 пайыздың шегінде. Сондықтан, алдағы уақытта сайлау өткізілетін болса, әскерилер арасынан беделді күштер шығып, сайлауға қатысуы мүмкін. Мысалы, генерал Залужный, Украина барлауының басшысы Буданов немесе Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Малюктер шығып, саяси партия құруы да мүмкін», - дейді.

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ КІМДЕР?

Түйін: Украинада президенттік сайлау былтыр мамыр айында өткізілуі тиіс еді. Аладай, елде әскери жағдай жариялануына және Ресей басқыншылығына байланысты сайлау кейінге шегерілген болатын.

Сарапшылар, президент Зеленскийдің сайлаудағы қарсыластарының қатарына: генерал Валерий Залужныйды (басты оппонент болуы мүмкін), экс-президент Петр Порошенконы, саясаткер Юлия Тимошенконы, Киев мэрі Виталий Кличконы, Украина барлауының басшысы Кирилл Будановты, президент Зеленскийдің бұрынғы командаласы, депутат Дмитрий Разумковты атайды.

Айта кетейік, Украинада президенттік сайлау өткізу туралы талапты осыған дейін Мәскеу қойып келген. Кейін АҚШ президенті Трамп та айтып қалды.

Бұған Киев қатқыл жауап қайтарып: «Еліміз соғыс жағдайында. Бұндай жағдайда ешқандай сайлау өткізілмейді», - деп айтқан еді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар