600 млрд долларлық келіссөздер: Трамп Алясканы Ресейге сатпақ па?

Дональд Трамп командасын жасақтап, билікке қайта келгелі-бері АҚШ пен Ресей кезек-кезек жекелеген келіссөздер өткізгені белгілі.

1743757720618081.jpg

Саудия жерінде екі кезек, Түркия астанасында бір мәрте АҚШ-Ресей делегацияларының келіссөздері өтті. Онда Украинадағы Ресейдің басқыншылық соғысын тоқтату мәселесі ғана емес, АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарын қайта жандандыру мәселелері де қызу талқыланып жатқаны белгілі.

Жуырда БАҚ: «Кремльдің Дональд Трамп командасымен өткізіп жатқан келіссөздерде қойып отырған бір талабы – Алясканы сатып алу мәселесі», - деп жазады.

Болжалды түрде АҚШ Аляска үшін Ресей төлейтін соманың бір бөлігін (шамемен 200 млрд доллар) Ресейдің бұғатталған активтерінен алады-мыс. Ал келісімнің жалпы сомасы белгісіз. Бірақ, төленетін құн аз емес. Ал келісім бойынша, Аляскада тұрып жатқан 700 мыңға жуық халық Америка азаматтығын сақтай отырып, Ресей паспортын алуға құқылы болады-мыс.

Ресейлік сарапшылар мен ресейлік БАҚ: «Алясканы референдумсыз Ресейге қайтару мүмкін емес. Бірақ, Трамп командасы Гренландияны сатып алғысы келетіні секілді,  Ресей де Алясканы алу үшін дауыс берушілерді сатып ала алады. Ол үшін әрбір азаматқа 100 мың доллардан төлесе жеткілікті. Бұл дегеніңіз жиынтығы 70 млрд доллар. Сонда, өзіндік құны әлденеше есе төмен болар еді.

Ал бұл штат республикашылар штаты саналатындықтан, ондағылар Трамптың уәждеріне иланады. Қоғамық пікірге манипуляция жасау айтарлықтай қиындық тудырмайды. Қиыны – республикашылар партиясының лауазымды тұлғаларын Алясканы сату қажеттілігіне сендіру! Ол жерде наразылар көп болады», - деп жазады.

Ресей тарабы да, Америка тарабы да бұл келісімнің түп мақсаты – ақшада емес, табиғи ресурстарға қол жеткізуде екеніне тоқайласады. Қазір кен орындарын игеру американдық экологиялық заңнамамен қатаң шектелген. Сонымен қатар, осы аумақта АҚШ пен Ресейдің континенттік қайраңға американдық талаптарының мөлшеріне қатысты келіспеушіліктер бар.

Ресейлік БАҚ: «Бастапқы жоспарда жай ғана шектеулерді алып тастап, континентті игеру бойынша АҚШ аумағының кеңейгенін Ресейге төтесінен қою болатын. Бірақ, бұл АҚШ-тың өз ішінде тағы да сот істерін бастауға себепші болып, Ресеймен АҚШ арасында жаңа қақтығыс нүктесін тудыратын еді. Сондықтан, АҚШ-тың ендігі жоспары – табиғи ресурстарды бірлесіп игеру бойынша келісім жасасып, Алясканы Ресей юрисдикциясына беру (сату). Оның үстіне, Ресей бизнесі Аляскада мұнай-газ өндірісіне 2018 жылдан бері араласып келеді», - деп жазады.

БАҚ мәліметінше, бұл Аляска тағдыры саудаға түскен үшінші келісссөз. Соңғы рет Алясканы сатып алу жоспары 2015 жылы шындап талқыланып, сомасы шамамен 600 миллиард доллар деп айтылған. Бірақ кейін мұнай бағасының төмендеуі келіссөздерге кедергі болған. Ал осының алдында 2008 жылы келіссөздер жүргізіліп, жаһандық дағдарыс салдарынан аяқсыз қалған.

«Бұл жолы келіссөзге қатысушылар оптимистік көзқараста, өйткені бұл жолы экономикалық мүдделер де, саяси мүмкіндіктер де тоғысып отыр. Келесі аралық сайлау алдында Трампқа мұндай даулы саяси шешімдерді Конгресс арқылы шешу қиын болмайды», - деп жазады ресейлік БАҚ.

Айта кетейік, жуырда Ресей президенті Путин Артика форумына қатысып: «Алясканы бірлесіп игеру бойынша АҚШ ұсыныс жасаса, біз қарсы болмаймыз», - деп мәлімдеген еді.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар