Машрықта (Таяу Шығыста) ғана емес, мұқым мұсылман әлемінде басын Батысқа имеген, ешкім құлданбаған екі ел бар: Бірі – Түркия, екіншісі – Иран.
(Сурет: 24tv.ua)
Бірі – Мағриб (Батыс Сахара, Мауритания, Марокко, Алжир, Тунис, Ливия) пен Машрықтың басы болса, екіншісі – жүрегі. Батыстың басты саясаты Мағриб пен Машрыққа Иран мен Түркияны жолатпау. Машрық елдері деп Ирак, Сирия, Иордания, Палестина және Ливан аталады.
АҚШ барлауы Иранға қатысты – «Ядролық қару жасау үстінде» деп дабыл қағуда. Және осы қос елдің де әскери өндірістік кешендері жоғары қарқынмен даму үстінде. Бұл әрине Батысқа еш ұнамайды. Енді әңгімемізді Иран-Ұлыбритания-АҚШ үштағанына ойыстырайық.
Бәрі қалай басталып еді? Англосакстар үшін Иран проблемасы ХІХ соңы мен ХХ ғасырдың басында өзекті бола түсті. Бірінші себеп – саяси астар – Осман және Ресей империясының әлсіреуі Ұлыбританияның айылын жыймай қимылдауына түрткі болды. Екінші себеп – имперализм дәуірінен бүгінге дейін жалғасып келе жатқан экономикалық экспания.
Иранда мұнай барлығы әлемдік саясатты 360 градусқа өзгертіп жіберіп, дәл қазіргі Иран мен АҚШ арасындағы мәңгілік текетірестің алғышартын өмірге әкелді. Бәрінің бастау көзінде ағылшын қаржыгері Уильям Нокс Д’Арси тұрды. Ол Каджар әулетінен шыққан парсы шахы Музаффар аль-Диннің тілін тауып, бар-жоғы 20 мың фунт стерлингке 60 жылға Иран мұнайын өндіру, барлау, сату үшін концессия төледі. 1905 жылдан бері мұнай барлау және өндіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландырған, 97%-ы «Burmah Oil» компаниясына тиесілі Англия-Парсы мұнай компаниясы (АПМК) құрылды.
1901 жылдан басталып, дәл қазірге дейін 125 жылға созылған Иран – Ұлыбритания және АҚШ текетіресі осылайша өмірге келді.
Жыртқыш пиғылдан тойынған Персия Ресейдегі төңкеріс пен І Дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Британияға теріс айналды. Шын мәнісінде Иран өзгелер сияқты Ұлыбританияның отары болған жоқ. 1923 жылы премьер-министр болған Реза араға екі жыл салып, 1925 жылы түрік текті Каджар әулетін тақтан тайдырып, өзі Реза Пехлеви шах атанды. Шыққан тегі парсылар өз елінде бірінші рет билікке келді һәм Иранның ұлылығы саны басым парсылардың бойын жайлап, әзербайжан, күрді сияқты саны басым ұлттарға қысым күшейді.
Бұрын Иранды емін-еркін жайлап келген ағылшындардың басына саяси-экономикалық қара бұлт төнді. Бұл кезде «Burmah Oil» компаниясына тиесілі Англия-Парсы мұнай компаниясы Британ үкіметінің қарауына өткен-тін. Жаңа шах Реза Пехлеви 1928 жылы Д’Арси концессиясын қайта қарауды талап етті. Бірақ британдықтар бұған көнбегеннен кейін, шах Д’Арси концессиясының күшін жойды.
Гитлер билікке келген шақта 1933 жылдың 29 сәуірінде 1993 жылға дейінгі аралықтағы АПМК-ның 60 жылдық жаңа келісімі жасалды. Нәтижесінде Иран тарапы компанияның 20% акциясына және өздеріне арзан бағамен сатылатын мұнай өнімдеріне қол жеткізді. 1935 жылы Реза Шах өз елінің ежелгі Персия атауын Иранға өзгертіп, компания ендігі жерде Ағылшын-Иран мұнай комапаниясы (АИМК) деп атала бастады.
Құдай қара бастырып, 1941 жылдың 16 қыркүйегінде Реза шах Гитлер мен Муссолиниге іш бұра бастады. Тек Британия ғана емес, КСРО-да күш салып, оны тақтан тайдырды. Орнына ұлы Мохаммед Реза билікке келді. Иранды неміс аузынан тартып алған бұл жаймашуақтық Британия үшін бар-жоғы 8 жылға ғана созылды. 1949 жылы шешесі шах әулетінен шыққан, батыста білім алған Мохаммед Мосаддык Ұлттық Майдан оппозициялық қозғалысын құрды.
Гарри Трумэн 1950 жылы Мосаддыкты Вашингтонға шақырып, алғаш рет Иранның ішкі ісіне араласа бастады. Нәтижесінде 1951 жылдың 28 сәуірінде Иран шахы Мосаддыкты премьер-министр қылып сайлауға мәжбүр болды. Сол жылдың 1 мамырында мұнай өндірісі мемлекет қарауына өтіп, Ұлыбритания мен АҚШ Иран мәселесінде жаңа кезеңге аяқ басты.
Ұлыбритания мұнайды мемлекет меншігіне алу төңірегіндегі дауды шешу туралы өтінішпен, Халықаралық сот пен БҰҰ-ға жүгінді. Нәтижесінде халықаралық деңгейде Иранның өз мұнайын бақылауға толық құқығы бар деп танылып, тараптар келісімге келуге шақырды. Лондон мұнайды сатудан түскен табысты 50-де 50-ге бөлуді ұсына отырып, Мосаддықпен екі рет келіссөз жүргізуге тырысты, бірақ сәтсіз болды. Британия АҚШ-қа жалтақтауға мәжбүр болды.
1953 жылдың сәуірінде Мосаддықты құлату жоспары дайын болды. Сол жылдың 1 тамызында АҚШ барлауы «Аякс» деген кодтық атау алған операцияның басшысы (британдықтар оны The Boot - «бәтеңке» деп атаған, бұл «арттан тебу» деген мағынадағы сөзді білдіреді) Кермит Рузвельт шахтың тілін тауып, Мосаддыкты елден қуды.
Дүние 1979 жылы тасталқан болды. 1979 жылғы Ислам революциясы нәтижесінде Шах Мохаммед Реза Пехлевидің эмиграциясы, монархияның жойылуы және аятолла Хомейни басқарған жаңа әкімшіліктің құрылуы орын алып, Иран Ислам Республикасы өмірге келді.
Ғасырлар бойы бұл ел Шығыста шешуші рөл атқарды, ал қазіргі Иран ислам әлемінде ЖІӨ экономикасы бойынша төртінші, Батыс Азияда екінші орында (Түркиядан кейін). Иран — аймақтағы технология жағынан ең дамыған мемлекеттердің бірі. Иран Еуразияның стратегиялық маңызды аймағында орналасқан және мұнай мен табиғи газдың үлкен қорына ие, 83,1 миллион халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%) тұратын мемлекет бірден сионистік олихария салтанат құрған Ұлыбритания мен АҚШ ұнамай бірден санкция тұзағына түсті.
Сирия, Ливия т.б. елдердегі Иран жүргізіп отырған саясат АҚШ-қа ұнамасы айқын және Иранның яролық қағанат (держава) атанып, ғарышқа зымыран ұшырып, әскери қуатының артуына да мүдделі емес.
АҚШ-тың бұл елге Ирак пен Ливияның тағдырын тарту етуі жақын уақыттардың еншісінде. Егер Иранда билік ауысса, Түркіменстан мен Қазақстанның бағы жанады. Түркімен газы мен қазақ мұнайы құрлық арқылы басқа елдерге шығады. Демек, атамыз қазақтың «Әр жамандықтың артының қайырын беретін жақысылығы бар» дегені осындайдан шыққан.
Mezgil.kz