ChatGPT маманды алмастыра ала ма – әлеуметтанушының пікірі

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мәтжани Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында ChatGPT пайдалану мәселесіне қатысты пікірін білдірді.


ChatGPT с выходом GPT-5 может стать неотличимым от человека

 

Оның айтуынша, жасанды интеллекті адамдардың жұмысын жеңілдетеді, бірақ аналитика, болжам жасауға келген кезде адамды алмастыра алмайды.

 

«Жалпы әлем негізі техно-оптимистер және техно-пессимистер деп бөлінеді. Әсіресе, технологияға келген кезде. Техно-пессимистер ол әлемді жасанды интеллект, технологиялар жаулап алады, адамдар жұмыссыз қалады, жаппай жұмыссыздық болады деген бір сарында пікір білдіреді. Техно-оптимистер керісінше, бәрі  жақсы болады, керісінше бізге жаңа мүмкіндіктер ашылады, жұмысымыз жеңілдейді деген басқаша пікір білдіреді», - деді Нұрбек Мәтжани.

 

Оның пікірінше, жасанды интеллект пен адамның когнитивті мүмкіндіктері, оның пайым-парасаты қатар жүрген кезде, адамзаттың өмірі әлдеқайда жақсара түспек.

 

«Біздің артықшылығымыз – біздің интервьюерлер әр өңірге барады, екі адамның арасында бәрібір байланыс орнайды. Сол тұрғысынан социологиялық зерттеулер кезінде face to face әдісін жасанды интеллект алмастыра алмайды деп ойламын», – деді ол.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар