Садырдың хаты һәм Путиннің жауабы: Ресей ОА мигранттарына құлша қарайды...

Соңғы айларда Ресей полициясы мен күштік құрылымдары ел ішіндегі Орта Азиялық еңбек мигранттарына күш қолданып, ұрыс-соғып, ұстап-қамап, жаппай елден депортациялап, еларалық дау тудырғаны белгілі.

1747124367532597.jpg

(Суреттер: cabar.asia, fergananews.com)

Әсіресе, Мәскеу мен Ресейдің өзге қалаларында еңбек етіп жүрген мигрант қырғыздарды дәл солай ұрып-соғу фактісі БАҚ беттерінде жария болысымен, Қырғыз билігі Ресейдің елшісін шақырып, ескерту жасағаны да болған оқиға.

ЖАПАРОВТЫҢ ХАТЫ ҺӘМ ПУТИННІҢ ЖАУАБЫ

Ал жұрт құлағынан тыс қалғаны – Қырғыз президенті Садыр Жапаровтың Ресей президенті Владимир Путинге арнайы хат жолдап, Ресейдегі қырғызстандық еңбек мигранттарына араша сұрағаны.

Президент Жапаров президент Путинге арнайы хат жазыпты. Ресейде жүрген Қырғызстан азаматтарының құжаттарын реттеп, рәсімдеп алуына уақыт сұрап, сол уақыт аралығында қырғыз азаматтарына ешқандай күш қолдану, қудалау жасамауды сұраған.

Ресей президенті Путин Жапаровтың бұл өтінішін қанағаттандырып, жауап берген. Ресейде жүрген Қырғызстан азаматтарына құжаттарын реттестіріп алуға уақыт беріп, қудаламауға уәде берген.

Қырғызстан СІМ-і жуырда Ресейде жүрген өз азаматтарына арнап үндеу жасады. Онда:

«Құрметті отандастар! Ресей Федерациясының аумағында жүріп, қандай да бір себептермен миграциялық заң бұзушылықтарға байланысты миграциялық қаза тізімге түсіп қалған Қырғызстан азаматтары үшін 2025 жылдың қыркүйегіне дейін өз құжаттарын реттестіріп, қара тізімнен шығуына мүмкіндік беріледі.

Бұл президент Садыр Жапаровтың Ресей президенті Владимир Путинге хат жазып, мигранттардың құжаттарын заңдастыру мерзімін ұзарту туралы өтінішінің арқасында мүмкін болды. Бұл соңғы мүмкіндік. 70 мыңға жуық қырғыз азаматы сондай қара тізімге енген екен. Қазірге дейін солардың тек 3 мыңы ғана қара тізімнен шығып үлгерген. Құрметті отандастар, уақытты текке кетірмей, Қырғызстанның Ресейдегі елшілігіне барып, керекті мәліметтерді алып, құжаттарыңызды заңдастырыңыздар», - делінген.

Бұл әңгіме қайдан шықты десеңіз: Биыл сәуірде болған шу. Ресейдің күштік құрылымдары еңбек мигранттарына қарсы үлкен рейд жүргізген. Сонда Қырғыз мигранттарын жөн-жосықсыз, заң-ережесіз, еш себепсіз ұрыс-соғып, тепкілеген.

Себепсіз соққыға жығылған Қырғыз азаматтарының сөзінше, Ресей полициясының сондағы істегендері: 60 адамды бір моншаға кіргізіп, 5 сағат бойы ұрып-соққан, жер бауырлатып жорғалатқан, бір-бірінің үстіне жатқызып мыжыған, ақшаларын тартып алған, мұздай суға матырып, тұншықтырған, құжаттарын жыртып тастаған, қол күрестіріп, жеңілгендерін сабаған, жарты келі ащы бұрыш жегізген, насыбай жұтқызған, электрошокермен ұрған, сойылмен сабаған т.б.

Қырғыз белсенділері мен депутаттары сол кезде дабыл қағып: «Ресейдің мигранттарға жасап жатқаны - нағыз фашизм», - деген. Қырғыз СІМ-і Ресей елшісін шақырып, ескерту жасаған. Ал Ресей СІМ-і өз кезегінде: «Мұндай жағдай болған жоқ», - деп бет бақтырмай қойған...

Түйін: Ресейге барып, адал еңбекпен нан тауып жүрген ОА-лық еңбек мигранттарына, әсіресе қырғыз, тәжік пен өзбек азаматтарына Ресейдің былайғы жұрты да, күштік құрылымдары да адам құрлы қарамайды. Өздерін жоғарғы сортты санап, ОА-лық азаматтарға төбеден төніп, «құлдай» көреді. Бұл бесіктегі баласынан, бейіт торлаған шал-шауқанына дейін имперлік дерті кеуделеріне ауа арқылы сіңген, милиары Кремльдің әсіремақтан миллитаристік пропогандасына уланған Ресейліктер үшін қалыпты тірлік. Олар мұнысын дұрыс деп түсінеді. Өйтпесе, жоғарыдағыдай жағдай орын алмас еді...

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар