Халықаралық экономика институты «Ғаламдық бейбітсүйгіш елдер индексі» (GPI) дейтін жыл сайынғы рейтингті жариялады.
(Сурет: GPI)
Ол бойынша: Қазақстан – ОА-дағы ең бейбіт ел деп танылса, Ресей – әлемдегі ең агрессор ел атанған.
GPI рейтингінде Қазақстан 56-шы орынға жайғасқан. Бұл ОА елдері арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қазақстан былтырғы жылғы көрсеткіштен бірден 5 сатыға жоғарылаған.
Аталған рейтингте Өзбекстан – 67-ші, Қырғызстан – 78-ші, Тәжікстан – 79-ші, Түркіменстан – 87-ші орынға орналасқан.
Ал әлемдегі ең бейбіт елдердің үштігінде көш бастап тұрған ел – Исландия. Екінші орында – Ирландия, ал үштікті – Жаңа Зеландия түйіндейді.
АҚШ бұл рейтингте 128-ші орынға жайғасса, әлемдегі ең агрессор ел деп – Ресей танылған. Бұл тізімде Ресей 163-ші орында, ал басқыншы әскермен жан аямай күресіп жатқан Украина бұл тізімде – 162-ші орынға жайғасқан.
Рейтинг авторлары: «2024 жылы әлемнің 50-ге жуық елінде ұзын-саны 56 қарулы қақтығыс тіркелді. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бергі қақтығыстар ең көп орын алған жыл болып тіркелді», - дейді.
Mezgil.kz