Әлем дүниежүзілік соғыс алдында тұр: Әскерден қашу – қылмыс!

20 мың қазақстандық әскердегі қызметтен жасырынып жүр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі айтты.

1752665512643336.jpeg

(Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды)

2024 жылы Қазақстан армиясына 40 202 азамат шақырылған. Биыл 42 098 адам уақытша әскери қызмет өткеруге міндетті.

«Конституцияның 36-бабының талаптарына және Президенттің нұсқауларына сәйкес, 20 мыңға жуық азамат өздерінің азаматтық борышын өтеуден жалтарып жүр. Бұл азаматтар әскери міндеттерінен босатылмайды», - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Ведомство әскери қызметтен – негізсіз жалғару үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді.

Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:

– Жас жігіттерді көшеден ұстап, әскерге әкету - адам құқығын бұзу! Бұған тыйым салынуы қажет!, - деп, менің депутаттық құзіретіме жиі өтініш жолданады. Қарулы күштерге жұмылдыру (мобилизация) жағдайының қаншалықты күрделі екендігін жоғарыдағы ақпараттан білуге болады.

Екіншіден, міндетті әскери қызметті өтеу талаптары арнайы заңмен қорғалады және одан жалтару - қылмыстық жауапкершілік деп саналады. Мен отанын қорғаудан қашқандарды қорғай алмаймын!

Үшіншіден, бүгінгі теңселіп тұрған геосаяси әлемде 70-ке жуық әртүрлі соғыс ошақтары тұтанып тұрған, Үшінші дүниежүзілік соғыс қатері туралы жиі сөз болып жатқан күрделі кезеңде, біз өз Отанымыз - Қазақ елін қорғауға ерекше азаматтық және патриоттық жауапкершілікпен көңіл аударуымыз қажет! Тәуелсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігі «адам құқынан» әлдеқайда маңызды мәселе екенін ескерейік!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар