Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бір шаңырақтың астында 130-ан астам ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

(Коллаж: Mezgil.kz)
Мемлекетіміздің де басты саясаты ұлттар бірлігін сақтап, күш салып ел болашағын дамытуға үлес қосу. Осы ретте Mezgil.kz тілшісі Қазақстанды өз отаны санайтын әр ұлт өкілінен патриотизм, бірлік пен тұрақтылық құндылықтары жайында ойын білді.

Елена Быстрова, дәрігер:
– Қазақстан менің отаным. Менің ата-анам осы елде өмірге келді. Еліміздің бірлік пен тұрақтылықты сақтауға барынша жағдай жасағанын кішкентайымыздан сезініп келеміз. Өйткені біздегі басты құндылық- ұлттардың бірлігі.
Бала кезімде бірінші мамырда болатын «Бірлік мерекесін» асыға күтетінмін. Мектеп болып осы мерекеге бар ынтамызбен дайындалатынбыз. Әр ұлт өзінің мәдениетін, салт-дәстүрін ортаға салып, дастарханға ұлттық тамақтарын ұсынатын.
Сонымен қатар ұлттық ән шырқалып, тұрғындардың жүздерінен тек мейірімділік көрініп тұратын. Міне біз сол сезіммен өстік. Бздің елімізде тұратын қай ұлт болмасын Қазақстанды өз отаны санайды. Болашағын да осы елмен елестетеді. Ең бастысы елімізде бірлік пен тұрақтылық бар. Осы бірліктің, татулықтың арқасында еліміз алға қарай дамып келді деп санаймын.

Айгүл Жұмабекқызы, кәсіпкер:
– Патриотизм, бірлік пен құндылық жайында сөз қозғалғанда мен ең алдымен еліміздегі татулық пен ынтымақтың беріктігін баса айтқым келеді. Мен Қазақстандағы әр азаматты өз елінің партиоты деп білемін. Өйткені туып өскен жерің, ата-бабаңның өніп -өскен жері ол ең алдымен ұрпағының да отаны саналады. Бірлік, тұрақтылық, татулық бір қарағанда көзге байқала бермейтін сезім болғанымен, оны еліміздегі әрбір адам сезінуде деп ойлаймын. Еліміз көп ұлтты мемлекет. Әр ұлт өзінің тілін, дінін, дәстүрін сақтап, бірлікте өмір сүріп келеді. Ал осы бірлікті нығайтуға Қазақстан халқының Ассамблеясы жұмыс істейді. Әр ұлттың этномәдени бірлестіктері бар, олардың да өз бағыты өз мақсаты бар.

Рашида Молдашиева, мұғалім:
– Патриотизм ол әр адамның бойында болу керек. Елін, жерін, мемлекетін сүймейтін адам жоқ шығар. Бізде жас ұрпаққа патриотизм сезімін қалыптастыру үшін мектеп қабырғасынан күш саламыз. Оқушыларға бұл бағытта көптеген ашық сабақтар, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өйткені бала тәрбие беретін орын, өз үйінен кейінгі орта мектеп. Баланың намысшыл, өз Отанын құрметтеуге үйрету бұл әрбір ұстаздың міндеті. Сондықтан осы бағытта барынша жұмыстар істелуде. Ұстаз болғандықтан патриотизм, бірлік пен тұрақтылық құндылықтарын үнемі дәріптейміз. Оқушыларға бұл құндылықтарды жан жақты түсіндіреміз. Ең басысы едімізде тыныштық, тұрақтылық. Ол біздің мемлекет жүргізіп отырған саяса тқа тікелей байланысты. Бірлігіміз жарасқан деген сөзді ту етіп біздегі ұлттар бірлікте өмір сүріп жатыр. Бұл да бтұрақтылық деген басты құндылығымыз дегім келеді.
Mezgil.kz