Елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша қылмыстың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шара өтуде. Бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде «Нашақорлықтың алдын алу», «Тасымал», «Интернет алаяқтықтан сақтану», «Мал ұрлығы», « Түнгі қаладағы жасөспірімдер», «Айыппұл» сынды рейдтік жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

(Сурет:https://qazdauiri.kz/)
Мezgil.kz тілшісі Ішкі істер органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырған есірткі қылмыстарын анықтау мен алдын алу, жолын кесу рейдтік жұмысымен танысты. Қазір елімізде жоғарыда атап өткендей, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында республика бойынша рейдік жұмыстар өтіп жатыр.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов хабарлағандай, биыл алты айдың ішінде 4 мыңға жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркеліпті.
Ол: « Биылғы жарты жылдықтағы 4 мың қылмыстың 1800 ден астамы аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрғандар арасында 21 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар заңсыз айналымда жүрген 6 тоннадан астам есірті заттары тәркіленген. Оның ішінде тәркіленген синтетикалық өнім 570 кг . 103 есірткі зертханасының қызметі тоқтады. Есірткі заттарын егуден 218 факті анықталса, 63 контранбанда ісіне тосқауыл қойылды. Әсіресе жастар арасында танымалдылыққа ие есірткі сайттарын бұғаттау үш есеге артты. Олардың саны17 мыңнан асады. Сонымен қатар күмәнді операцияларға қатысы бар 24 мың шот бұғатталды, оларда 2,4 млрд теңге жиналды»,- деді.
Қазір қылмыстың себебі, салдарымен күресуден бөлек есірткі профилактикасы ерекше назарда. Биыл 11 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған бір миллион жастар мен жасөспірімдер қатысыпты
Алдағы уақытта есірткі қылмысына қарсы күрес жүргізу қоғамдық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақты қорғау мақсатында күшейтілген тәртіпте жалғасатын болады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Бүгінде есірткіге тәуелді жастарымыздың саны күн сайын артып келеді. Бұл жөнінде түрлі тақырыптық жиындар, кездесу мен алдын алу іс шаралары мықтап жүргізілгенімен есірткіге елітіп жұргендер бар. Біз жастарымыз нашақорлыққа қалай барады, оларды жаман әдетке әуес болуына не себеп? Осы сұрақты Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Құттыбайұлына қойып көрдік.

«Айта кетейін, наркологиялық қызмет пен психиатриялық қызмет 2018 жылы біріктіріліп, бүгінде оған психикалық денсаулық орталығы деген атау берілді. Қазіргі таңда психикалық денсаулық орталығында Алматы қаласы бойынша 16 мың науқас есепте тұр. Ал олардың арасында 5 мыңға жуығы — ішімдік пен есірткіге тәуелділер. Тіпті араларында әйелдер мен жасөспірімдер де бар. Жастарымыздың есірткіге еруінің себептері әр түрлі. Қазір син тетикалық түрі қолжетімді. Жастарымыз бір рет дәмін татып көріп, оған тәуелді болып жатқандарын түсінбей қалады. Біздің орталықтың мақсаты – ескірткі мен ішімдікке салынған азаматтарымызды емдеу, қоғамға бейімделуіне көмек көрсету. Орталықтың көмегін алуға жүрексінетіндер бар, себебі олар тіркеуге тұрса, кейін тұрақты жұмысқа қабылдана алмай қаламыз деп қорқады. Кейбіреулері с ол үшін ақылы клиникаларда емделеді. Біздің мекемеме мемлекеттік болғандықтан, стандарттарға сай ем жүргізіледі. Нашақорлықтан түбегейлі емделгісі келетін жастарымыз көп, өз еркімен келіп емделіп, құлан таза қойып кететіндер бар. Айналып келіп алғысын айтатын да пациенттерімі бар. Сондықтан біздің орталықта нашақорлықтан емделгісі келетін адамдарға барлық жағдай жасалған. Ең бастысы адамның бойында ерік жігері мықты болуы керек»,- деді Сапар Құттыбайұлы.
Mezgil.kz