Бүгін жаңа маусымның — күз маусымының басы. Елде бұл күн білім күні әрі демалыс болса да, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы күні қызу жұмыс істеуде.

(Сурет:https://www.facebook.com/)
Ол еліміздің болашаққа бағытталған стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру аясында еңбек етуде.
Дәл осы күндері Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысуда.
Әрине, қатардағы азамат болу мен елді басқаратын азамат болудың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл, бірінші кезекте, еліңнің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікпен өлшенеді. Сондықтан жаһандану дәуірінде Қазақ елінің бағыт-бағдарын анықтап, өзге елдермен терезесі тең дәрежеде дамуын қамтамасыз ету жолында бар күш-жігерін салып, еңбектеніп жатқан әрі ШЫҰ Саммитінде еліміздің халықаралық аренадағы мүдделерін қорғап жүрген Президент бастаған барлық әкімшілік блок қызметкерлері үлкен еңбек етіп жатқанын мойындау керек.
Қазақстанның жүз жылдан кейінгі халықаралық аренадағы бәсеке қабілеттілігі дәл осы күндері анықталып жатқаны анық.
Mezgil.kz