Алматы әкімі «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы күзгі ағаш отырғызу жоспарын талқылады

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының іске асырылуы және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасыл желекті көбейту мен жайлы қалалық орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Алматыны көгалдандыру мен абаттандырудың күзгі науқанына дайындық мәселелері талқыланды.


WhatsApp Image 2025-09-19 at 17.33.54 (1).jpeg

 (Суреттер Алматы қаласының әкімдігінен алынды)


Кездесуде аудан әкімдіктері мен салалық қызмет өкілдерінің есепбі тыңдалып, жазғы жұмыс қорытындыланды және күзгі егіс маусымы бойынша іс-шаралар бекітілді.

 

Күзгі кезеңде Алматыда биіктігі 4–5 метр болатын 13 мың ірі ағаш және шамамен 100 мың бұта отырғызу жоспарланған. Жұмыстар қаланың 37 аумағында – магистральды көшелер бойында, сондай-ақ саябақ пен скверлерде жүргізіледі. Көктемде биіктігі 6 метрден асатын 2 мың ірі ағаш егілген болатын. Олардың қатарында жөке, шаған, қарағаш, қарағай, күміс үйеңкі және жасыл шырша бар.

 

Негізгі аумақтардың ішінде – Рысқұлов даңғылы (500 ағаш, бір бөлігі көшіру арқылы сақталады), Жаңа Саин көшесі (500 ағаш), сондай-ақ «Алматы Арена» маңы (60 ағаш). Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көгалдандыру сапалы әрі қаланың климаттық және топырақтық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуге тиіс екенін атап өтті. «Біздің міндетіміз – есеп үшін ағаш отырғызу емес. Маңыздысы – олардың жерсініп, өсіп, қаланың экологиясына ұзақ жылдар пайда әкелуі», – деді ол.


WhatsApp Image 2025-09-19 at 17.33.54.jpeg

 (Суреттер Алматы қаласының әкімдігінен алынды)


Ағаш отырғызумен қатар Алматыда санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Тек Медеу ауданында соңғы апталарда 60 жерде 31 жергілікті сенбілік өткіп, оған 6 мыңнан астам тұрғын, ерікті және бизнес өкілдері қатысты. 400-ден астам техника жұмылдырылып, 6 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды. Қалада аулаларды кешенді тазалау жұмыстары жүріп жатыр: 158 аула қамтылды, ал 10 қазанға дейін тағы 256 аулада жұмыстар аяқталмақ.

 

Коммуналдық қызметтердің жұмысына да ерекше назар аударылуда. Наурызбай ауданында арық жүйесін тазалау бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр: ол 92 көшені, жалпы ұзындығы 100 км-ден астам аумақты қамтиды. Жұмысшылар мен арнайы техника жұмылдырылған. Екі апатты өткел жөнделіп, тағы екеуінің құрылысы басталды, олар қазан айының ортасына дейін аяқталады.


WhatsApp Image 2025-09-19 at 17.33.54 (3).jpeg

 (Суреттер Алматы қаласының әкімдігінен алынды)


Сонымен қатар қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде – тәулік бойы үш ауысымда жұмыс істеп, көшелерді уақытылы тазалауды және әрбір ауданда тәртіпті қамтамасыз етуде.

 

Сонымен бірге аулаларды абаттандыру жалғасуда: өткен жылы 18 аулада қоршаулар орнатылған болса, биыл тағы 8 км-ден астам қоршау қою жоспарланған. Қаладағы қоқыс жәшігінің мағына бейнабақылау камералары орнатылуда: биылдың өзінде 220 камера қойылды, тағы 122-сіне өтінім берілген.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар