АҚШ-тағы кездесудің ақиқаты: Қазақстан келіссөз алаңы бола ма?

Трамп өзінің «Украина-Ресей соғысына нүкте қоямын» деген сайлауалды уәдесін орындау үшін барын салса да, аталған елдің басшыларының басын қосатын мемлекетті нақтылай алмай дал болғаны жасырын емес.

1759216919915516.jpg

(Сурет: Руслан Желдібайдың желідегі парақшасынан алынды)

Осы орайда аталған саяси ойынға Қазақстан да бел шеше кірісуге дайын екенін мәлімдеді. Бұны АҚШ тарапы, оның ішінде Трамп қаперге алды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресей мен Украинаның келіссөздері үшін алаң ұсынуға дайын екенін, бірақ өзін олардың арасында делдал ретінде ұсынбайды мәлімдеген еді.

Мемлекет басшысы қақтығысты «өте күрделі» деп атап, «аумақтық мәселені» шешуге «тарихи пікірталастар» кедергі келтіреді деген пікірін білдірген болатын. Ел басшысының бұл сөзіне Қазақстанды келіссөздер алаңы ретінде Президент Владимир Зеленскийдің өзі ұсынуы негіз болды.

Мемлекет басшысы екі арадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге қашанда дайын екенін жүрген-тұрған жерінде үнемі сөз етіп келеді. Бұл турасында Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы болған әңгіменің шет пұшпағын өз телеграмм арнасында былай деп жариялаған болатын:

«Әңгіме тек достық және сенімді сипатта болды. Негізгі назар Украина қақтығысын реттеуге аударылды. Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Дональд Трамппен келіссөздердің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев қол жеткізілген алдын ала келісімдерді құптап, Қазақстан әуел бастан соғыс қимылдарын тоқтату үшін бейбітшілік формуласын іздеуді жақтағанын атап өтті», - деп жазды.

Қазақ елінің соғысты тоқтатуға деген ұмытылысы АҚШ тарапынан қолдау тауып, кейбір дереккөздердің мәліметінше Нью-Иорктегі кездесу барысында Трамп Украина мәселесін көтерген. Трамптың өзіне артқан үмітін Президент Тоқаев АҚШ-тан оралған соң бірден Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізіп, оған қажетті ақпаратты жеткізді.

Енді барлығы Путиннің қазақ елін кездесу алаңы ретінде таңдауы мен таңдамауына келіп тіреліп отыр. Бұған қатысты алғашқы қадамдар жасалды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар